Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет250/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Ұят этикалық құндылық. Ұ. адамды қашан да жамандықтардан, әдепсіз қылытардан тиып, сыпайылыққа кісілікке, имандылыққа жетелейтін білім мазмұны, моральдық норма. Ұ. моральдық нормаларға сай адамның іс-әрекеттерін бір жағынан шектеп, екінші жағынан белгілі істерге жетелейтін адамға ғана тән моральдық сапаның бірі. Адамның бойындағы адамгершілік, имандылық, инабаттылық, ізеттілік, кісілік, кішіпейілділік, қайырымдылық және т.б. ұяттан деп саналады. Қазақта «Құдайдан ұялмағаннан ұял, құдайдан қорықпағаннан қорық» –дейтін нақыл сөз бар. Мұхаммед пайғамбар: «Ұят – иманнан» – дейді. «Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ» (Абай), «Кімде-кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағладан да ұялмайды» (Мың бір хадис), «Адамдар алдында ұялу – жақсы сезім, бірақ бәрінен жақсысы – өзіңнен-өзің ұялу» (Л.Н.Толстой), «Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет» (Ч.Дарвин), «Ұ. кейде заңдар шектемеген нәрсені шектейді» (Сенека), «Жақсының жаты болмас, жаманның ұяты болмас», «Ұяты бар бет әдемі» (мақалдар), «Ұ. – адамның барлық құштарлықтарының ішіндегі ең тамашасы, махабаттың анасы» (М.Сервантэс). Ф.Ницше Ұ-ты жанның қасиеті деп санайды және «жан» құпия, құпия болған жердің бәрінде Ұ. болады деп есептейді.
Ұ. адамның өзінің әлеуметтегі іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін танытады. Ұ. адамгершіліктің бір жемісі, сонымен қатар ар-намыстың қосшысы. Ұ-ты іс-қылық намысыңды келтіреді, арыңа тиеді. Ұ. жоқ жерде береке-бірлік жоқ, әдеп-инабаттылық жоқ. Ұ.-тың бір көрінісі ұялу адамның өзінің не жақын адамдарының оқыс істері мен жағымсыз қылықтарына байланысты көңіл-күйін білдіруі. Ар-ұятқа қатысты түсініктер мадақтау, көтермелеу, табалау, күйініш пен сүйініш. Адам бойындағы адамгершілікке тән мұндай қасиет-ерекшеліктер оның әр қилы іс-әрекеттері мен өзге адамдармен қарым-қатынасынан айқын көрініп тұрады.

ФАНАТ, ф а н (франц. fanatіgue, лат. fanatіcus) – фанатиктің қазіргі күнделікті қарым-қатынас барысындағы жаңа атауы. Ф. қандай да бір нәрсеге немесе белгілі бір адамға шексіз табынады, беріле сүйеді. Ф-тың түрлері көп: рок группа Ф-ы, спорт клубының Ф-ты және т.б. Бұл термин көбінде жастардың субмәдениетін қарастыру барысында кең пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет