Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет260/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)


ШОПЕНГАУЭР Артур (1788 – 1860) – неміс ойшылы. Гегельге қарсы шығып, қайрат пен ұғымға негізделген жаңа ілім жасаған. 1813 ж. Йенде диссертация қорғап, 1818 ж. өзінің Әлем қайрат пен ұғым ретінде деген басты туындысын шығарған. 1820 – 31 жж. Берлинде сабақ беріп, ақыры, Гегельдің даңқына тойтарыс бере алмай, дәріс беруден бас тартып, ун-тік қызметтің табанды қарсыласына айналады.Ш. айтуынша, оның көп ойлары үнді философиясына жақын өмірге жігерлену концепциясынан туындайды. Ш. танымында тірі өмір, өлі дүние құбылыстарының бәрі жігерге негізделген, себебі бәрі бірнәрсеге ұмтылады. Осы ұмтылысьтардан пайда болып, жігер мен қатар ұғым қалыптастырады.Ш. моралистикасы жан ашу, аяу сезіміне негізделіп, Канттың мораль философиясын тереңдетуге тырысқан.



ШПЕНГЛЕР Освальд (1880 – 1936) –– нем. -философы, өмір философиясының өкілі, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. Ш-дің тарих философиясын баяндайтын негізгі шығармасы – «Европаның құлдырауы» (1-2 т., 1918 – 22) – Германия бірінші дүн-жүз. соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті. Ш. «ескі пруссиялық рухты», монархияны, дворяндық сословиені және милитаризмді дәріптеді. Ш. үшін соғыс – «ең жоғары адам болмысының мәңгілік формасы». Ш. тарихи прогресс ұғымын теріске шығарып, тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге фатализмді қарама-қарсы қояды. Ш. – тарихи ралятивизмнің жақтаушысы. Ол бүкіл дүниежүз. – тарихи дамудың заңды бірлігін жоққа шығарады. Онда тарих бір-қатар тәуелсіз, қайталанбай, томаға-тұйық циклды «мәдениеттерге», жеке-дара тағдыры бар және пайда болу, гүлдену, күйреу кезеңдерін бастан кешіретін ерекше организмдерге бөлінеді. Тарих философиясының міндетін Ш. «мәдениеттің жаны» негізіне алынатын әрбір «мәдениеттің» «морфологиялық құрылымын» тануға әкеліп саяды. Ш-ге сәйкес, ХІХ ғ-дан бастап, яғни капитализм жеңгеннен кейін Батыс мәдениеті құлдырау сатысына аяқ басты. Теориялық жағынан Ш-ге жақын тарих философиясын Тойнби де дәріптеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет