Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


(лат. absolutus – сөзсіз)



бет4/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

АБСОЛЮТ (лат. absolutus – сөзсіз) – еркін, «өздігінен жеткілікті», аяқталған, өзге ешнәрсеге тәуелді емес, дербес, тіршілік атаулының бәрін өз бойында қамтып, сақтайтын және әлемнің жалпы негізі болып табылатын, мәңгі, шексіз, кәміл жетілдірілген және өзгермейтін болмыстың толықтығын белгілейтін философиялық категория. А. барлық жаратылыстың шығармашылық бастамасы және субъект пен объектінің үйлесімді тұтастығы ретінде түсіндіріледі. А. – объективті, мәңгі, шексіз, өзіне-өзі тең болатын, біртұтас жаратылыс және кез-келген салыстырмалылыққа әрі шартты тіршілікке қарама-қарсы құбылыс. А. – дүниенің басы мен аяғы. А. терминін философиялық айналымға ХVІІІ ғ. соңында М.Мендельсон мен Ф.Якоби Б.Спинозаның табиғатты (тұлғасыз Құдайды) пантеистік түсіндіруіне балама ретінде енгізген. Содан кейін Шеллинг пен Гегельдің философиялық жүйелері арқылы А. «біртұтас», «апейрон», «нус», «логос», «дао», «барлық», «субстанция», «жалпыға бірдей субстрат», «өлшеусіз», «тануға болмайтын», «түпсіз болмыс», «кәміл», «максимум» және «минимум» сияқты барынша жалпы ұғымдарды жинақтап қорытындылайтын категорияға айналды. Көне заманғы «пратхи», «ци», «брахма», «бос кеңістік», «реттілік», «морфа» және т.б. идеялар мағынасы жағынан А. ұғымына жақын. Гегель философиясында дүниелік парасат (абс. рух) А. рөлін атқарады; Шопенгауэр философиясында – ерік, Бергсон ілімінде – түйсік, Франк ілімінде – «игерілмейтін», Тейяр де Шарденде – ақылмен қол жеткізілетін «Альфа» мен «Омега» тұтастығы нүктесі, метафизикалық орталық, қайнар көз және түпкі мақсат. Олар А. ұғымының шексіз кәмілдігінен оның өзгермейтіндігі және өзіне-өзі тепе-тең болатындығы туралы түсінікті өрбітеді. Интуицияны бірінші орынға қоятын философтар А-ті образдық білім, ұғым және таңба формасында игеру мүмкін емес, бірақ тікелей біздің ар-ұжданда, интуицияда, наным-сенімде болатын құбылыс ретінде онымен нақты күй кешуге болады деп есептейді.

АБСОЛЮТТІ және салыстырмалы ақиқат – классикалық философияның таным теориясы категориясы, таным үдерісінің даму өрісін сипаттайды. Жалпы ақиқаттың классикалық теориясы бойынша, ақиқатқа мынандай ұстанымдар тән: 1) шындық білімге тәуелді болмайды; 2) адам ойы мен шындық арасында түбегейлі сәйкестік орнатуға болады; 3) ой мен шындық сәйкестігін анықтау өлшемі бар; 4) сәйкес келу теориясының өзі логикалық тұрғыда қайшы келмейді. Ақиқаттың өзі объективті, нақты және процесс. Осыдан келіп ақиқаттың абсолюттілігі мен салыстырмалылығы келіп туындайды. А. және С. а. ұғымы таным жүйесін белгілі бір уақыт пен кеңістікте болып отыратын тарихи жағдаймен байланысты үдеріс ретінде түсінумен байланысты. Ол: 1) бұдан бұрын танылған және ғылым дамуының бұдан былайғы үдерісінде танылатын заттар мен құбылыстар арасындағы; 2) ғылымның бұдан кейінгі дамуы барысында біздің біліміміздің құрамында өзгеруі, дәлелденуі, теріске шығарылуы мүмкін білім мен теріске шығарылмаған күйінде қалатын білім арасындағы арақатынасты ашып көрсетеді.

АБСОЛЮТТІК ИДЕАЛИЗМ – идеализмнің негізгі түрлерінің бірі. Рухтың алғашқылығын және материяның одан кейінгілігін, туындылығын мойындай отырып, А.и. субъективті идеализм сияқты дүниедегі барлық нәрселердің негізі жеке, адамдық сана деп емес, қайдағы бір объективті о дуниелік сана – «абсолютті рух», «дуниежүзілік парасат» және т.с. деп біледі. Ойды материалдық заттармен салыстырғанда алғашқы деп қарастырып, А.и. олардың арасындағы шын мәніндегі байланыстарды түсіндіруде әулиелікке келіп соғады. Мысалы Платон жалпы ғылымдарды «идеялар дүниесінде» мәңгі өмір сүреді, ал материалдық заттар осы идеялардың солғын көлеңкесі деп есептеген. Гегельдің «абсолютті рухы», шын мәнінде, материядан бөлек алынған, оған қарама қарсы қойылған, абсолюттендірілген ұғымнан басқа ештеңе де емес. А.и. дәл ұғына білудің кейбір жақтарын абсолюттендірумен қатар «парасатсыз жетілгендікті» де бастпқы негіз ретінде мойындайды, (Шопенгауэр, Э. Гартман). Қазіргі заманғы батыс философияда А.и. персонализм және басқа да мектептер түрінде көрінеді. А.и. әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет