Оқу бағдарламасы оқыту пәні бойынша білімдердің, іскерліктердің және дағдылардың мазмұнын, негізгі дүниетанымдық идеяларды игеру логикасын тақырыптар ретінде көрсете отырып ашатын, оларды оқуға бөлінетін уақыт мерзімін көрсететін нормативтік құжат.
Оқу бағдарламасының түрлері:
Типтік
Оқу-жұмыс
Авторлық
типтік бағарламалар мемлекеттік білім стандарты негізінде нақты пән бойынша құрастырылады.
оқу-жұмыс бағдарламалары түбірлі жоспары негізінде түзіліп, мектептің педагогикалық кеңесінің (ЖОО-да жетекші кафедра) шешімімен бекітіледі. Бұл бағдарламалар нақты оқу орнының мүмкіндіктерін ескерумен жасалады.
авторлық бағдарламалар көбіне таңдау курстары мен факультативтерде қолданылады.
Оқу бағдарламасының құрылымы:
Түсініктеме хат – пәннің мақсаты қарастырылады.
Оқу бағдарламасының мазмұны – негізгі мазмұн ашылады.
Әдістемелік нұсқаулар – бөлімдерді оқыту жолдары, оқушылардың білімін тексеру, бағалау т.б.қарастырылады.
Оқу бағдарламаларын құрастыру әдістері:
Концентрлі әдіске орай бір оқу сатысында өтілген оқу материалы алдағы жоспарлау сатыларда күрделірек күйде оқылады.
Тізбектелген әдіспен түзілген оқу бағдарламаларында әр кезекті оқу сатысының материалы өткен жылдардағы игерілгендердің қисынды жалғасы ретінде қабылданады.
Бағдарламаны тізбекті (сызықты) тәсілмен құруда оқу материалдарының жеке бөліктері өзара байланысты буындардың үздіксіз тізбегінен тұрады. Әрбір бөлік тек бір рет қана оқытылады. Жаңа мазмұн таныс материалдардың негізінде және олармен тығыз байланыста құрылады
Бағдарлама құрудың концентрлі (шоғырлану) тәсілі бір тақырыпты бірнеше рет, біртіндеп қиындату және байланыстар мен тәуелділіктер есебінен білім берудің мазмұнын кеңейту арқылы оқуға көмектеседі. Осыдан бастап мәселеге қайта оралу бірнеше ұзақ уақыттан кейін ғана жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |