Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Мектеп оқулықтарының мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді. Оған қойылатын талаптар:
- қысқа, нақты, деректі материалдардың енгізілу
- ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы
- балаларға түсініктілігі;
- баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
- оқулықтың өз ғылымының, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
- білімнің әр саласынан хабар беруі;
- оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
- оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек.
- қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
- әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
- эстетикалық талаптарға сай безендірілуі;