Бағалауға қатысты көптеген анықтама, пікірлер бар. Мәселен, Пофам өзінің еңбегінде: «Бағалау дегеніміз – оқушылардың мәртебесін ресми түрде анықтауға тырысу», – дейді.
Ал қазақстандық ғалым С. Мирсеитова бағалау терминінің ағылшын тіліндегі үш мағынасын келтіреді.
Бағалау (Evоlutation). Мұнда бағалау талдау ретінде. Бұл тұрғыда бағалау – үйренушілердің оқу жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар) салыстыру, сол тұрғыдан нақты өлшемдер (балл, пайыз) көмегімен оларды тексеріп, қорытынды шығару;
Мониторинг (Assesment). Бағалау – бағалау құралы ретінде. Мұнда студенттердің немесе оқушылардың әрекеттері нақты құрал арқылы: тест, эсссе, басқа жазба жұмыстары, жоба, интервью, портфолио, т.б. көрсетеледі.
Баға (Grade немесе Mark). Бағалау– сандық құралы ретінде. Бұл бағалау біздің қолданыстары «баға қою» ұғымымен байланыстырылады. Емтихан, тест, жазба жұмысы, жоба жұмысы, т.б. бойынша балдық (мәселен, 100 балдық) немесе сандық (дәстүрлі 5 балдық) негізде қойылатын баға. (А. Әлімов., Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. А, 2009 ж. 158-бет)
1
2
«Маңыздылық». Бағалау үшін пәннің ең маңызды, бағалауға тұрарлық күтілетін нәтижелерін таңдап алу керек. Егер оқытушының ойынша нәтиже маңызды болмаса, оны бағаламаса да болады.
«Дәлдік» (Адекваттық). Мұнда оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап алуымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |