Қр білім және ғылым министрлігі



бет2/4
Дата30.03.2023
өлшемі21,63 Kb.
#77616
1   2   3   4
23.10 – 30.10

Мектеп психологтің жұмысымен танысу

01.11 – 01.12

Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы педагогтың рөлін анықтау

01.12 – 15.12

Өз пәні бойынша оқушылармен жұмыс,
оқушыларға мінездеме жасау, қорытындылау.

26 С. Датов атындағы орта мектептің


8 «Б» сынып оқушысы:
Дастанова Гүлмира Қайырбекқызы
педагогикалық – психологиялық

МІНЕЗДЕМЕ
Дастанова Гүлмира Қайырбекқызы тұрғылықты мекен – жайы Атырау қаласы, Авангард ықшам ауданы, 133, 10 үй. Туған күні: 26.05.2003 жылы. Әкесі: Дастанов Қайырбек жеке кәсіпкер, анасы Мұқанова Бибігүл АҚ «ҚазТрансОйл» заң бөлімінің бастығы. Отбасында 7 адам тұрады. Олар: әжесі, әкесі, анасы, егізі, апасы, сіңлісі, інісі. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Бойы 165 см, салмағы 55 кг. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сай келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Сынып ұйымдастырушысы яғни басшысы қызметін атқарады. Әсемгүл көбіне ән айту жағына бейімді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қояды. Әсемгүл сынып ұйымдастырушы болғандықтан, оның сыныптағы орны өте ерекше. Оқу үлгерімі өте жақсы. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді.
Сыныпты қоғамдық жұмыстарға қатысу жағынан үнемі алға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Оқу жұмысына деген белсенділігі жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Физика пәнін қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келеді. Ол мектептің «жас физик», «Гүлдер» үйірмелерінің белді мүшесі. Әсемгүл сырлы мінезді, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайыстарынан үздік жүлдегер атанды.Сөйлеу мәдениеті жақсы жетілген, ауызша, жазбаша сөздік қоры мол. Тәртібі мектеп ережесіне сай. Сабақтарды себепсіз босатпайды. Мұғалімдермен және сыныптастарымен қарым – қатынасы өте жақсы. Темпераменті сангвиник – меланхолик. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Ерік – жігері мықты дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін күшін салады. Мінезі ашық, сабырлы, достарымен жақсы тіл табысады. Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады. Берілген істі ұқыпты, тиянақты және шапшаң орындайды. Мектепішілік, қалалық физика пәнінен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Мектептен тыс «Достық» оқу орталығына ағылшын курсына қатысады. Әсемгүл бойындағы ерекше қасиеті қайтпас қайсарлығы, батылдығы. Болашақ мамандығын физика пәнінің мұғалімі ретінде елестетеді. Әсемгүлдің жалпы білім деңгейі жоғары, себебі көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. 
Болашақта өз ісінің маманы болатынына және жоғары нәтижелер көрсететіне сенімдімін!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет