Қр білім және ғылым министрлігі


Студент – практикант:________________ Баймағамбетов Е



бет4/4
Дата30.03.2023
өлшемі21,63 Kb.
#77616
1   2   3   4
Студент – практикант:________________ Баймағамбетов Е.
Үзіліссіз педагогикалық іс-тәжірибе кезіндегі алынған іскерліктер мен меңгерілген дағдыларды қорытындылау
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында.
Мен Баймағамбетов Ерлан Русланұлы, 03.09 – 16.12.2018 жж. № 26 орта мектепте практикамды өткіздім. Ақшабаева Манер мектептегі іс – тәжірибе жетекшім болып бекітілді.8 «Б» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым.
8 «Б» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым.
Ақшабаева М. мектептегі іс-тәжірибе жетекшім ретінде маған көп көмегі тиді. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым.
Тарих пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет