Қр денсаулық сақтау министрлігі министерство здравоохранения рк с. Д. Асфендияров атындағы казахский национальный медицинский


Жүректің өткізгіш жүйесінің бұзылыстарымен сипатталатын патологиялар



бет5/5
Дата08.12.2023
өлшемі3,23 Mb.
#135226
1   2   3   4   5

Жүректің өткізгіш жүйесінің бұзылыстарымен сипатталатын патологиялар

  • Миокард инфаркты, жүректің ишемиялық ауруы кезінде Р-жасушалар мен өтпелі жасушалар арасындағы байланыстар бұзылады. Бұл аурулар кезінде жүрек жиырылуының ритміне өтпелі жасушалар (минутына 30-40 рет ) ұйытқы болады. Жиырылудың мұндай ритмі физиологиялық қажеттіктерге сәйкес келмейді, әсіресе жүрек жүктемесі ұлғайған кезде. Мұндай жағдайларда аурулардың терісінің астына арнайы аспап, жүрек бұлшықетіне қалыпты ритм беріп тұратын – кардиостимуляторды имплантациялайды.

Жүректің өткізу фунциясының бұзылыстары (блокадалар)

  • Өткізу функциясының бұзылыстары – импульс өткізілуінің баяулауы немесе мүлдем болмауы. Толық емес блокада – импульс өтуінің баяулауы немесе импульстің оқтын-оқтын өткізілмеуі. Толық блокада – импульстің мүлде өткізілмеуі.
  • Импульс жолында өткізудің бұзылысына әкелетін кедергінің орналасуына қарай блокаданың түрі:
  • І Синоатриальдік блокада
  • ІІ Жүрекшеішілік блокада
  • ІІІ Атриовентрикулярлық блокада
  • ІV Қарыншаішілік блокада

СА блокада – синус түйінінен шыққан импульстің жүрекшелерге өтуінің бұзылысы.

СА блокада – синус түйінінен шыққан импульстің жүрекшелерге өтуінің бұзылысы.

ЖІ – блокада жүрекшелердің бір немесе бірнеше түйінаралық өткізу жолында импульс өтуінің баяулануы немесе үзілуі.

АВ-блокада – импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулануы немесе үзілуі.

Қортынды

Сонымен, жүрек организмнің және қан айналым жүйесінің үнемі өзгеріп отыратын жұмысына және талаптарына жауап бере алатын, жақсы дамыған көпсатылы реттеуші жүйемен жабдықталған, Жүрекішілік реттелу – қозу импульсі жүрек ішіндегі процесстер нәтижесінде пайда болады. Бұл құбылыс автоматия атауына ие болды. Жүректің жиырылғыштық функциясының координациясы мен реттелуі екі орталықпен іске асады, яғни : синусты-жүрекше түйіні (Кис-Флек түйіні) и жүрекше-қарныша түйіні (Ашофф-Тавар түйіні).

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Гистология, цитология и эмбриология. Учебник для мед. вузов. С.Л. Кузнецов, Н.Н. Мушкабаров. М.: Медицинское информационное агентство, 2007. – 600с.

2. Гистология.Афанасьева Ю.И., Юриной Н.А. 4-е изд. перераб. и доп. – М.: Медицина, 1989. – 672с.

3. http://www.bibliofond.ru/view.aspx?id=458057

4. http://www.happydoctor.ru/info/461



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет