СҰРАҚ: УАҚЫТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ? Уақытқа байланысты зерттеулер бөлінеді:
көлденең зерттеу
- объект бір кезеңде бір рет зерттеледі
. Ол- белгілі бір
кезеңдегі аурудың таралуын қарастыратын зерттеу.
ұзыннан ұзақ (продольные) -
белгілі бір уақыт аралығында істелінетін
зерттеу.
Мәліметтерді жинау уақытына және топтарды құрастыру ерекшелігіне
байланысты 2-ге бөлінеді:
проспективті - мәліметтерді жинау зерттеуге дейін басталып, талдау
жасағанға дейін созылады. Зерттеуге алынатын топ мәліметтерді жинауға
дейін құрылады.
ретроспективті
- зерттеуге алынатын топ мәліметтерді жинаудан кейін
құрылады.
СҰРАҚ: БІРІНШІЛІКТІ ЖӘНЕ ІКІНШІЛІКТІ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАНДАЙ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖАТАДЫ? Барлық зерттеулер біріншілік және екіншілік болып 2-ге бөлінеді:
Біріншілік зерттеулер - автор өзінің жүргізген зерттеу түрін және оның
қорытындысын өзі сипаттайды, ол 3 категорияға бөлінеді:
эксперименттер - өзі келісім бергендерге немесе жануарларға тәжірибе
жасалады.
клиникалық сынау - пациенттерге жасалады және олар тұрақты
бақылауда болады.
зерттеулер - белгілі бір топтағы пациенттердің немесе кез келген топтағы
кісілердің денсаулығының көрсеткіші өлшененіп, анықталады.
Екіншілік зерттеулер
- біріншілікті зерттеулердің нәтижелерін жинақтап,
топтастырып және солардың негізінде қорытынды шығарылады.
Екіншілік зерттеулер де бірнеше түрлерге бөлінеді:
шолу - біріншілікті зерттеулердің қорытындысын топтастырып
жинақтайды.