Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет11/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
 
 
СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНАДА КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР 
ҚАЛАЙ ЖІКТЕЛЕДІ? 
 
Ұйымдастырылуына және орындалуына байланысты клиникалық зерттеулер 
2-ге бөлінеді: 

обсервациялық;

эксперименттік. 
Обсервациялық зерттеуде болып жатқан құбылыстарға ешқандай іс-әрекет 
жасамай, тек бақылау жүргізіледі. Ол 2 түрге бөлінеді: 

анализдік (сараптау)
- оған жағдайды бақылау, когорттық зерттеу 
жатады. Этиологиясы, себеп-нәтиже байланысы және болжам зерттеледі. 
Сол сияқты, ауру ағымына ешқандай іс-әрекет жасамай сырттай бақылау 
жасау арқылы гипотезаның орындалу мүмкіндігі бағаланады. 
Осервациялық анализдік зерттеулерге жағдай-бақылай зерттеу, 
когорттық зерттеулер жатады. 

сипаттау 
- бір жағдайды сипаттау, бірнеше жағдайды сипаттау, көлденең 
зерттеу жатады. Аурудың дамуына бақыланбайтын факторлардың әсері 
зерттеледі. Әртүрлі гипотезалар жасалады. Обсервациялық сипаттау 
зерттеулерге бірөжағдай сипаттау, бірнеше жағдай сипаттау, көлденең 
зерттеулер жатады. 
СҰРАҚ: ЭКСПЕРИМЕНТІК КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ҚАНДАЙ 
МАҚСАТТА ҚОЛДАНЫЛАДЫ? 
 
Эксперименттік клиникалық зерттеулер адамдарға жасалады. 
Эксперименттің барлық шарттары хаттамада беріледі. Эксперименттік 
клиникалық зерттеу 2 - ге бөлінеді: 

Бақыланатын түрі - бақылау және тәжірибе топтары болады.
 
Дәлелділіктің дәрежесін арттыру үшін бақылау тобындағылардың 
клиникалық нәтижесі тәжірибе тобының нәтижесімен салыстырылады.
 

Бақыланбайтын түрі - бақылау тобы болмайды.
 
Ауру ағымы кезіндегі 
клиникалық ақпараттар жиналады
 


15 
Бақыланатын түрі 2-ге бөлінеді: 

рандомизирленбеген

рандомизирленген - бір жақты жасырын, екі жақты жасырын, үш жақты 
жасырын, мультиорталықтық болып бөлінеді. 
Іс-әрекет қолдануға байланысты:
 
зерттеу іс-әрекет қолданылатын және іс-
әрекет қолданылмайтын болып бөлінеді. Іс-әрекет күрделілігімен және 
тәжірибеде қолдануға болатындығымен ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет