12
пайдалану; зерттеудің сауатты таңдалған дизайны және дұрыс
рандомизация әдісі.
КЭ-ның келесі принципі – бұл зерттеуді жүргізу үшін белгілі бір
ерекшелігі бар популяцияны таңдау. Популяция (population)
–
дегеніміз
белгілі бір географиялық аймақта тұратын адамдар тобы немесе белгілі
бір ортақ белгісімен топтастырылғандар (мысалы; жасы 65-тен асқандар).
Популяция халықтың бір бөлігі болуы мүмкін, мысалы белгілі бір
клиникаға жатып шыққан немесе белгілі бір аурумен ауыратын адамдар
тобы, сонымен жалпы популяция, госпитальдық популяция немесе
белгілі бір нақты ауруы бар пациенттер популяциясы деп айтуға болады.
Зерттеудің нақтылық дәрежесін жоғарылату үшін зерттелушілер белгілі
бір
демографиялық
немесе
ұқсас
клиникалық
белгілерімен
топтастырылады. Зерттеуге алу немесе шығарудың критерийлері анық
болуы керек және міндетті түрде орындалуға тиісті. Іріктеу (Sample)
–
сұрыптау арқылы алынған популяцияның бір бөлігі. Клиникалық
зерттеулер әдетте іріктеумен басталып жүргізіледі де, содан кейін
популяцияның практикалық себептерінің сипаттамасы беріледі. Сонымен
қатар, зерттеуге алу және шығу критерийлері анық белгіленіп, әбден
сипатталып және қатаң сақталу керек. Критерийді күнделікті тәжірибеде
қолданып жүрген қолжетімді құралмен бағалау керек.
Достарыңызбен бөлісу: