14
Аурушаңдыққа, өлім-жітімге, физикалық дамуға әлеуметтік-гигиеналық
жағдайының әсері қаншалықты екенін білу үшін арнайы бағдарлама бойынша
сұрастыру әдісі (сұхбат, сауалнама) қолданылады. Сол сияқты сұрастыру әдісі
пациенттің жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі. Скрининг
әдісі бойынша тексеру сұрастыру, лабораториялық, физикалық және басқа да
тез орындалатын іс-шараларды қолданып, белгілі бір аурудың қауіп факторын
немесе ауруды ерте сатысында анықтауға көмектеседі. Сонымен, скрининг
жүргізудің мақсаты - аурудың алдын алу. Бұл зерттеудің сипаттау түріне, оның
ішінде көлденең зерттеуге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: