Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет8/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

 
 
СҰРАҚ: 
КЛИНИКАЛЫҚ 
ЭПИДЕМИОЛОГИЯНЫҢ 
НЕГІЗГІ 
ПРИНЦИПТЕРІ ҚАНДАЙ? 
 

КЭ-нің негізгі принципі – бұл зерттеуде белгілі бір клиникалық нәтижені 
бағалау. Клиникалық нәтиже төмендегідей болады: өлім (Death), ауру 
(Disease), 
дискомфорт 
(Discomfort), 
мүгедектік 
(Disability), 
қанағаттанбағандық (Dissatisfaction

– (ағылшын тілінде – 5 D). 
Клиникалық нәтиже жанама (суррогаттық) және тікелей болып бөлінеді. 
Жанамаға қандай да бір зерттелген көрсеткіштердің оң нәтиже беруі 
жатады (мысалы, төмендеген артериялық қысымның жоғарылауы), 
қандағы биологиялық субстанцияның деңгейі қалыпты жағдайда болуы, 
ферменттердің белсенділігінің қалпына келуі және т.б.). Суррогатты 
соңғы нүкте клиникалық тиімділіктің немесе терапиялық іс-шара 
зияндылығының тура көрсеткіші болмайды, бірақ сирек кездесетін және 
соңғы болатын нәтижені болжауы мүмкін. Тікелей критерийге мыналар 
жатады: сауығу, өлім-жітімнің азаюы және асқынуы, ауруханада емделу 
мерзімінің қысқаруы, өмір сүру сапасының жақсаруы, асқынудың алдын 
алу.
 

Клиникалық эпидемиологияда клиникалық құбылысты зерттеу үшін 
сандық тәсіл қолданылады. Сандық тәсіл дәлелді нәтиже береді, яғни ол 
қателерді бағалауға, клиникалық нәтижені цифрлық эквивалентте беруге 
негізделген. Зерттеу нәтижесін тәжірибеде қолдану үшін белгілі бір 
талаптарды сақтау қажет: статистикалық әдістердің мәліметтерін дұрыс 


12 
пайдалану; зерттеудің сауатты таңдалған дизайны және дұрыс 
рандомизация әдісі.
 

КЭ-ның келесі принципі – бұл зерттеуді жүргізу үшін белгілі бір 
ерекшелігі бар популяцияны таңдау. Популяция (population)
– 
дегеніміз 
белгілі бір географиялық аймақта тұратын адамдар тобы немесе белгілі 
бір ортақ белгісімен топтастырылғандар (мысалы; жасы 65-тен асқандар). 
Популяция халықтың бір бөлігі болуы мүмкін, мысалы белгілі бір 
клиникаға жатып шыққан немесе белгілі бір аурумен ауыратын адамдар 
тобы, сонымен жалпы популяция, госпитальдық популяция немесе 
белгілі бір нақты ауруы бар пациенттер популяциясы деп айтуға болады. 
Зерттеудің нақтылық дәрежесін жоғарылату үшін зерттелушілер белгілі 
бір 
демографиялық 
немесе 
ұқсас 
клиникалық 
белгілерімен 
топтастырылады. Зерттеуге алу немесе шығарудың критерийлері анық 
болуы керек және міндетті түрде орындалуға тиісті. Іріктеу (Sample)
– 
сұрыптау арқылы алынған популяцияның бір бөлігі. Клиникалық 
зерттеулер әдетте іріктеумен басталып жүргізіледі де, содан кейін 
популяцияның практикалық себептерінің сипаттамасы беріледі. Сонымен 
қатар, зерттеуге алу және шығу критерийлері анық белгіленіп, әбден 
сипатталып және қатаң сақталу керек. Критерийді күнделікті тәжірибеде 
қолданып жүрген қолжетімді құралмен бағалау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет