7
Ол - нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы
клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану;
•
бұрынғы емдеу, диагноз қою әдістерінен нақты айырмашылығымен
ерекшеленетін, дәрігерлерден сыни бағалауды талап ететін клиникалық
медицинаның жаңа бағыты
•
жаңа ғылым емес, бірақ медициналық ақпаратқа талдау жасау, оларды
іздестіру, жалпылау, қолданудың жаңа технологиясы
•
ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арасына жол салу
•
ДМ клиникалық тәжірибеде дәлелденген және науқастың сұранысы мен
талабына сай жасалған ең жақсы ғылыми дәлелдемелердің интеграциясы
•
ДМ – медициналық көмектің және барлық денсаулық сақтау жүйесінің
сапасын жақсартуға арналған өмірлік маңызы бар медицинаның дамып
келе жатқан бағыты
•
Дәлелді медицина практикасы - ол өмір бойы жалғасатын процесс. Ол
науқасқа көмек көрсету барысында клиникалық маңызды ақпаратты
алуға, диагностикалауға, болжам жасау, емдеу, алдын алу және тағы
басқа проблемалардың шешіміне сұраныс пайда болып отыратын өзін-
өзі оқытудың үздіксіз процесі…»
Дэвид Сакетт және басқалар 1997ж.
•
ғылыми - дәлелді медицина шешім қабылдау бостандығына кепілдік
береді, егер ол шешіміңіз түсінікті және дұрыс қабылданатын болса.
ғылыми-дәлелді медицина, егер дәрігерлер мен басшылар оның
мақсаттарын дұрыс пайдалана отырып,бірге жұмыс істес, медициналық
көмектің сапасына жақсы жағынан әсер етуі мүмкін.
ДМ - әдебиеттердегі мәліметтерді сүзіп, нақты дәлелдерге және жеке
тәжірибені ескере отырып, дәлелденген дұрыс шешім қабылдауға
мүмкіндік береді.
ДМ - клиникалық зерттеулердің шынайылығын және олардың
нәтижелерінің медициналық тәжірибеде қолданылуын бағалайтын
ғылыми әдіснама.
ДМ -нің маңызды принципі – медициналық шешімдерді, сенімді деген
ақпараттарға сүйене отырып, қабылдау.
•
Дәрілердің спецификалық әсер ету механизмі болуы керек.
•
Олар белгілі бір ауру кезінде сынақтан өткізілуге тиіс.
•
Дәрінің әсер ету уақыты дұрыс анықталған болуы керек.
•
Көп жағдайда дәрінің нәтижесі байқалуы керек.
•
Клиникалық сынамалар адамдарға жүргізілуі керек, себебі арыстанға
немесе жылқыға жасалған сынамалар дәрілік препараттың адам
организміне әсері жайында мәлімет бере алмайды .
Ибн Сина (987-1037)
Достарыңызбен бөлісу: