Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
 
«
Қоғамдық денсаулық сақтау»,
«
Фармация» мамандықтары бойынша 3-ші 
курс студенттеріне басқа негізгі пәндермен қатар оқытылады. Себебі 
клиникалық ойлау қабілеті әлі қалыптаспаған, науқастың емі туралы шешім 
қабылдауға ескі стереотиптің әсері болмайды. 
СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ДЕГЕНІМІЗ НЕ
?



Ол - нақты науқасқа емдеу әдісін таңдау кезінде дәлелденген ең жақсы 
клиникалық зерттеулердің қорытындыларын пайдалану; 

бұрынғы емдеу, диагноз қою әдістерінен нақты айырмашылығымен 
ерекшеленетін, дәрігерлерден сыни бағалауды талап ететін клиникалық 
медицинаның жаңа бағыты 

жаңа ғылым емес, бірақ медициналық ақпаратқа талдау жасау, оларды 
іздестіру, жалпылау, қолданудың жаңа технологиясы 

ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибе арасына жол салу 

ДМ клиникалық тәжірибеде дәлелденген және науқастың сұранысы мен 
талабына сай жасалған ең жақсы ғылыми дәлелдемелердің интеграциясы 

ДМ – медициналық көмектің және барлық денсаулық сақтау жүйесінің 
сапасын жақсартуға арналған өмірлік маңызы бар медицинаның дамып 
келе жатқан бағыты 

Дәлелді медицина практикасы - ол өмір бойы жалғасатын процесс. Ол 
науқасқа көмек көрсету барысында клиникалық маңызды ақпаратты 
алуға, диагностикалауға, болжам жасау, емдеу, алдын алу және тағы 
басқа проблемалардың шешіміне сұраныс пайда болып отыратын өзін-
өзі оқытудың үздіксіз процесі…» 
Дэвид Сакетт және басқалар 1997ж. 

ғылыми - дәлелді медицина шешім қабылдау бостандығына кепілдік 
береді, егер ол шешіміңіз түсінікті және дұрыс қабылданатын болса. 

ғылыми-дәлелді медицина, егер дәрігерлер мен басшылар оның 
мақсаттарын дұрыс пайдалана отырып,бірге жұмыс істес, медициналық 
көмектің сапасына жақсы жағынан әсер етуі мүмкін. 

ДМ - әдебиеттердегі мәліметтерді сүзіп, нақты дәлелдерге және жеке 
тәжірибені ескере отырып, дәлелденген дұрыс шешім қабылдауға 
мүмкіндік береді. 

ДМ - клиникалық зерттеулердің шынайылығын және олардың 
нәтижелерінің медициналық тәжірибеде қолданылуын бағалайтын 
ғылыми әдіснама. 

ДМ -нің маңызды принципі – медициналық шешімдерді, сенімді деген 
ақпараттарға сүйене отырып, қабылдау. 

Дәрілердің спецификалық әсер ету механизмі болуы керек. 

Олар белгілі бір ауру кезінде сынақтан өткізілуге тиіс. 

Дәрінің әсер ету уақыты дұрыс анықталған болуы керек. 

Көп жағдайда дәрінің нәтижесі байқалуы керек. 

Клиникалық сынамалар адамдарға жүргізілуі керек, себебі арыстанға 
немесе жылқыға жасалған сынамалар дәрілік препараттың адам 
организміне әсері жайында мәлімет бере алмайды . 
Ибн Сина (987-1037) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет