Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет10/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

Шығармашылығы.
Жарасқан Әбдірашев – көп қырлы талант иесі. Ол 
әдебиеттің бірнеше саласында еңбек еткен. Соның ішінде қазақ поэзиясын-
да әр жанрда да жазған. Арнау, реквием, элегия, поэманың өзін түрлендір-
ген. Мысалы, «Келешекпен кездесу» – поэма-диалог, «Ертеңім менің – 
ертегім» поэма-монолог түрінде туған. Ал «Абайға наз немесе теңеулер 
туралы»:
Абай ата,
Қол ұшын бер,
Демеу бер.
Білесіз бе,
Біз туралы не деуде ел?..
Болмысымыз күннен-күнге жаңарып,
Күннен-күнге ескіруде теңеулер!.. – 
деген арнау өлеңінде шешендік сұрақ қолданылған. Бұл шешендік сұрақ – 
риторикалық сұрақ қызметінде, ол Абай ақыннан жауап күтіп тұрған 
жоқ, бұл – оның поэтикалық тәсіл ретінде қолданғаны. Осындай тапқыр-
лықпен, ойының жүйріктігімен оқырманына жол табады. 
Ақынның поэзия өнеріне сіңірген жаңалығы көп. Ол қазіргі қазақ әде-
биетінде алғаш болып эпитафия жанрын қолданды. Эпитафия – қабір 
басындағы жазу. «Құлпытас» жинағының бірінші бөлімі «Фәниден ба-
қиға дейін» деп аталған. Мұнда Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, 
Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, т.б. арналған эпитафия бар. 
Осы жинақтың алғы сөзінде ақын: «Жеріміздің кеңдігі, еліміздің елдігі 
үшін қанын да, жанын да аямаған... жақсылар мен жайсаңдардың ру-
хына арналған тұтас туынды еді. Азаматтық, перзенттік парыз ретінде 
ақындық қиялмен орнатқым келген ескерткіш-құлпытасым (эпитафия) 
...қал-қадарымша тұрғызып келген кесене – ғибадатханам еді», – деп 
жазған автордың өзі. Ақын қазақ үшін қанын да, жанын да берген аза-
маттардың аруағын осылайша қадірлейді және қазіргі қазақ әдебиетіне 
жаңалық қосты. 
Ал бұл жинақтың келесі бөлімі «Әзілің жарасса» деп аталып, оған 255 
эпиграмма топтастырылған. Бұл жанр нысанға алған адамның болмы-
сын «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінімен» танытады. Ақынның бұл 
жанрды қолдануына оның шешендік қабілеті, өр мінезділігі мүмкіндік 
береді.


39
Расында да, ақын поэзиясындағы қай жанрдағы шығармаларын алсақ 
та, тапқыр оймен тәнті ететін шешендік, пафостық екпін, романтикалық 
еркіндік танылады. Ақын үшін оқырманның үлкен-кішісі жоқ, соның 
өзінде қай-қай шығармасында да азаматтық рух сезіліп тұрады. Мысалы, 
ақын «Кірісу» деген өлеңінде: 
«Кіріспе» демей, 
«Кірісу» қойдым жыр атын.
Кірісу – менің
Міндетім,
Қақым,
Мұратым!
Өмірде мынау бәріне,
Бәрі,
Бәріне
Кірісу керек,
Кірісу керек шын ақын!..
Атынан елдің,
Атынан жердің,
Халықтың,
Атынан Айдың,
Атынан Күннің,
Жарықтың, 
Атынан ардың,
Атынан ұят,
Намыстың
Адамға біткен парасат пен парықтың... –
деп, азамат рухының биік екенін танытады. 
«Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінде лирикалық қаһарман:
Туған дала,
Менсіз талай қамалдар алыныпты!..
Сенің арың – маған да ар.
Кешір мені, кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!


40
Не амал бар?
Саған уақыт сәл қиындық жолдаса –
Қағаберіс қалмаспын мен
Енді аса!..
Бірақ мені кешірме сен
Өмірде
Өлең қылар өз ерлігім болмаса, – 
деп, ағынан жарыла отырып, перзент ретінде өлеңімен бірге парасат пен 
жауапкершілігінің жоғары екенін жарқыратып көрсетеді. 
Ақынның поэзиясын оқи отырып, лирикалық кейіпкермен бірге бала-
лық шаққа саяхат жасаудан бастап, азаматтық тұлғалану деңгейіне дейінгі 
өмірді бірге кешіп өтуге болады. Ақын «Портфель» өлеңінде әке-кейіпкер 
ретінде былай дейді: 
Екіұдай сезім тербеумен,
Күлген де болам сыр сақтап.
Жарасқан атты сүрлеуден
Бөлінбек қазір бір соқпақ.
Жақындай бере:
– Ал енді, 
Тоқтама, – дедім, – тарт! – дедім.
Шапқылап ала жөнелді
Арқалап шағын портфелін.
Емірендім сол сәт, егілдім,
Сезінсін қайдан сотқарың?!
Алғашқы жүгін өмірдің
Арқалап бара жатқанын.
Өлең оқиғаға құрылған. Мұнда әке мен бала мектепке келе жатыр. Ли-
рикалық сурет бар, ол – ақынның өткені мен бүгіні, яғни бала Жарас-
қан енді әке Жарасқан деңгейіне жеткендегі көзге көрінбейтін, бірақ өлең 
жолдарымен, көңіл көзімен сезілетін нәзік сыр. 
«Дала, сенің ұлыңмын» кітабы 1975 жылы жарық көрді. 


41


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет