Көп нүктенің орнындағы санды табыңдар.
A) 1929
B) 1930
C) 1931
D) 1932
E) 1933
6. «Атау-кере» романында аталатын жер-су атаулар тізбегін табыңдар.
A) Алтай, Марқакөл, Арқа, Атырау, Қатын
B) Алтай, Мұзтау, Шығыс, Қатын
C) Алтай, Мұзтау, Бұқтырма, Қатын
D) Алтай, Мұзтау, Іле, Лепсі, Қатын
E) Алтай, Есіл, Мұзтау, Қатын
7.
«Өйткені осы інкібінің (НКВД) бастығы, бұл өңірде ... атанып кеткен
адамның аса қатал, алдына барған кісінің қаққанда – қанын, соққанда,
сөлін алатын қатыгез деп естіген...»
Көп нүктенің орнына тиісті кейіпкердің кім екенін табыңдар.
A) Фадей
B) Ерік
C) Қандауыр
D) Шолаққол
E) Матвей
8.
«Ал ... – дүниедегі ең бір күдікшіл әрі иісшіл тіс қаққан ізшіл маман
кәсіптік түйсікпен бісміллә дегеннен-ақ, Нюраның жоғалу себебін Кө-
кендерден көрді».
57
Көп нүктенің орнындағы тиісті сөзді табыңдар.
A) Фадей
B) Ерік
C) Қандауыр
D) Шолаққол
E) Матвей
9.
Талаптың аты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Эпиграф үшін алынған бұл сөздің авторы кім? Ол «Дала, сенің ұлың
-
мын» өлеңінің нешінші бөлімі үшін алынған?
A) Жарасқан Әбдірашев; бірінші бөлім
B) Жарасқан Әбдірашев; екінші бөлім
C) Шәкәрім Құдайбердіұлы; бірінші бөлім
D) Абай Құнанбайұлы; екінші бөлім
E) Шәкәрім Құдайбердіұлы; бірінші бөлім
10.
«Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен, осы Салықсалғанның кез кел-
ген жеріне жерошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға келетін».
Үзінді қай шығармадан алынған, авторын белгілеңдер.
A) Жарасқан Әбдірашев; «Дала, сенің ұлыңмын!»
B) Жарасқан Әбдірашев; «Портфель»
C) Оралхан Бөкей, «Тортай мінер ақ боз ат»
D) Абай Құнанбайұлы, «Желсіз түнде жарық ай»
E) Оралхан Бөкей, «Атау-кере»
Ойталқы
«Қазіргі әдебиетте ең өзекті мәселе не болуы керек?» атты тақы-
рыпта ойталқы ұйымдастырыңдар.
|