ҚР Ғылым және жоғары оқу министрлігі



бет3/3
Дата07.04.2023
өлшемі0,5 Mb.
#80329
1   2   3
Байланысты:
Кітап құндылығы.

Қорыта айтқанда, кітап – адамның зияткерлік дамуының негізгі құрамдас бөлігі десек артық айтпағанымыз болар. Осы күнге дейін атақты адамдардың кітап оқу туралы айтқан ойлары мен көзқарастары қаншама! Сол себепті біз кітап оқуды үрдіс ретінде қарап қана қоймай, білім мен тәрбиенің қайнар көзі екенін білеміз. Осы орайда орыс жазушысы Лев Толстойдың мына бір пікірін айтқым келіп отыр. «Жақсы кітап оқу – ақылды адаммен сырласқанмен бірдей». Иә, шынында да, кітап – құндылық. Ол адамды көбірек ойға жетелейді. Албырт сезімімізді тежеуге, ішкі ойлау күшімізді арттыруға себеп болады. Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі – кітаптың біздің алға жылжуымызға әсер ететініне, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосатындығына және қазіргі уақытта кітаптың жеке тұлға мен жас буынның тәрбиесінде үлкен рөл атқаратындығына айрықша көз жеткіздік. Онымен қоса кітаптың құнды тәрбиелік мәнін ашып, жан-жақты түсіндіріп, маңызын таныта алдық деп ойлаймын. Осыдан кейін адамды адам еткен асыл қазынамыз – кітап екендігін, әрбір жеке тұлғаға, жас буын өкілдеріне, оның құндылығын, құдіретін, мәртебесін асқақтатып, насихаттай алдық. Сонымен қатар, алдағы уақытта рухани баюға көмектесетін құндылықтары жоғары кітаптар тізімі жинақталған нұсқаулықты пайдаланып, аталған кітаптарды оқи отыра, тәлім-тәрбие мен үлгі-өнеге алып, өз өмірлерімізден үлкен орын алатын кітаптың құндылығын түсінеміз деп ойлаймын. Және белгілі бір жетістікке жеткен кез—келген ұлы тұлғаның өмірлік жолын қарайтын болсақ, оның артында оқылған том—том кітаптар мен үздіксіз дамудың арқасындағы үлкен жеңісті байқаймыз. Бұрыңғылар кітап таппай қиналушы еді, қазіргілер кітап таңдай алмай дал болуда. Өмір тым қысқа, бос уақытымыз тіпті аз. Сондықтан біз оны қажетсіз дүниелерге жұмсамайық. Адамды адам еткен кітап.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақ» кітабы. Алматы. «Қазақ университеті» 2019.

  2. «Абайдың қара сөздері». Алматы. 2020.

  3. «Қазақ әдебиеті». Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, «Аруна Лтд» ЖШС, 2010.

  4. Адамзаттың асыл тәжі.

  5. Өмірде шектеу жоқ.

Сілтемелер:



  1. https://qazaqadebieti.kz/10749/kitap-azyna-kitap-bajly

  2. http://edunews.kz/ru/

  3. https://kerchtt.ru/kk/poslovicy-o-knige-budesh-knigi-chitat-budesh-vse-znat-kniga/

  4. https://el.kz/kitap_-z_-ndyly-yn_esh-ashan_zho-altpaydy_39431/

  5. https://qasym.buketov.edu.kz/kitap-kundylyk-boludan-nege-kaldy/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет