Қр ішкі Істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курстық ЖҰмыс



бет7/14
Дата21.12.2023
өлшемі80,61 Kb.
#142078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
ҚР Ішкі Істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы[1]

    Бұл бет үшін навигация:
  • Көлік

Ауыл шаруашылығы


Қырғызстан — Орталық Азиядағы бірден-бір мал шаруашылығы басым ел. Ол Қырғызстан жерінің басым бөлігінің таулы болуымен, өнделетін жер үлесі көрсеткітттінің төмендігімен түсіндіріледі. Өнделетін жерлердің басым көпшілігі Шу облысында шоғырланған, оның 25%-ы шабындықтардың үлесіне тиеді. Шу аңғарын бойлай 200 км-ге созылған Үлкен Шу каналы өтеді, одан егістіктер мен бау-бақшаларға су жеткізетін көптеген тармақтар бөлінеді. Нарын облысында жайылымдардың, әсіресе қысқы жайылымдардың үлесі басым. Елдің оңтүстігіндегі Ферғана жотасының беткейлерінде пішен дайындалады.
Қырғызстан қой малының саны мен жүн өндіруден ТМД елдері арасында Ресей мен Қазақстаннан кейін 3-орын алады. Соңғы жылдары қой саны 4,5 млн басқа дейін қысқарды. Негізінен, биязы жүнді, жартылай биязы жүнді қойлар бағылады. Тауалды белдеуі мен орта таулы аудандарда етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал, биік тауларда қодас өсіріледі. Жылқы малының саны салыстырмалы түрде кеп (300 мың бас), Қазакстанда бұл көрсеткіш 985 мың басқа жеткен. Таулы аудандардағы шаруашылықтарда қырғыз халқының сүйікті сусыны — қымыз дайындалады. Ыстықкөл жағалауында асыл тұқымды жылқылар есіретін шаруашылықтар бар.
Егіншілік құрылымында 50%-ын дәнді дақылдар, 41%-ын малазықтық шөптер құрайды, қалғаны техникалық және көкөніс-бақша дақылдарының үлесіне тиеді. Ферғана аңғарында мақта және темекі өсіріледі, Шу облысында қант қызылшасының егістіктері қалпына келтірілуде. Елдің солтүстігі мен оңтүстігінде жүзімдіктер мен жеміс бақтары едәуір алқаптарды қамтиды. Жалалабад облысында табиғаттың қайталанбас ескерткіші болып саналатын грек жаңғағының реликтілік ормандары өседі.[20]
  • Көлік


Қырғыстан аумағы арқылы елді көршілес мемлекеттермен байланыстыратын маңызды теміржолдар және тасжолдар жүйесі өтіп жатыр. Қырғыз жері арқылы Памирдің ішкі аудандарымен жыл бойы байланыстыратын Памир тас жолы (Ош-Мургаб-Хорог) өтеді. Республиканың таулы аудандарында Қытаймен байланыстыратын бірнеше шекаралық өткелдер бар.
Негізгі көлік түрі-автокөлік, тасжолдардың жалпы ұзындығы 40 мың км-ге жетеді. Автокөлік үлесіне жүк айналымының 90%-ы тиесілі. Теміржолдар өте қысқа. Республиканың оңтүстік бөлігі арқылы Өзбекстанның көмір өндіруші аудандары мен облыс орталықтарына бағытталған бірнеше теміржол тармақтары тартылған. Ел астанасын Ыстықкөлмен жалғастыратын тұйық теміржол тармағы бар. Қазіргі кезде Алматы қаласын Ыстықкөл жағалауымен байланыстыратын теміржол тармағын салу туралы халықаралық жобалар жасалуда. Бұл жоба екі ел арасындағы байланыстарды дамытумен қатар, туризм саласын өркендетуге мүмкіндік береді.
Қырғызстан ТМД елдерімен соның ішінде Ресей Федерациясымен, Қазақстанмен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ресей ел экономикасына күрделі қаржы әкеліп отырған бірден-бір ірі ел. Қырғызстан мен Қазақстанның қатынастарының дамуына 1993 жылы 8 щілдеде қол қойылған келісімшарт негіз болуда. 2008 жылы екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 310 млн АҚШ долларын құрады. біздің елімізде Қырғызстанме бірлескен 70-тен астам кәсәпорын жұмыс істейді. Қазақстан жыл сайын бұл елден келетін мыңдаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қырғызстанда бірнеше қазақстандық банктердің бөлімшелері жұмыс істейді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет