Қр ішкі Істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курстық ЖҰмыс



бет6/14
Дата21.12.2023
өлшемі80,61 Kb.
#142078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ҚР Ішкі Істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы[1]

Ыстықкөл


Ыстықкөл — Орталық Азияның ең ірі көлі, ол теңіз деңгейінен 1608 м биіктікте орналасқан. Жалпы ауданы 6280 км², ұзындығы 182 км-ге созылып жатыр. Пайда болу тарихы жағынан тектоникалық көл болып саналатын Ыстықкөлдің тереңдігі 702 метрге жетеді. Су көлемі көп болғандықтан, Ыстықкөл қыста қатпайды, көл атауы да сонымен байланысты. Көл айналасымен қоса, айрықша қорғауға алынған Ыстықкөл қорығының аумағына енеді. Ыстықкөл жағалауында жалпы саны 100-ден асатын демалыс орындары, емдеу-сауықтыру мекемелері орналасқан. Емдеу-сауықтыру мақсатында көлдің шипалы тұзды суы ғана емес, жағалаудағы емдік балшықтар да пайдаланылады. Ыстықкөл қазаншұңқырында минералды бұлақтар да өте көп. Шолпан-Ата, Ыстық-Ата, Жетіөгіз, Алтын-Арашан шипалы су көздері көпшілікке танымал.
Шатқал жотасының оңтүстік беткейінде орналасқан Сарышелек көлі және оның айналасындағы жеміс ағаштары мен сирек кездесетін жаңғақты ормандар алқабы Сарышелек қорығының құрамына енеді. Мұнда Қырғызстанның көрікті демалыс-сауықтыру орындары орналасқан.

Кеңес Одағы ыдыраған соң, бұрынғы дәстүрлі байланыстар үзіліп, ел экономикасына едәуір нұқсан келді. Бүгінгі таңда Қырғызстан нарықтық экономика жүйесіне көшуге талпыныстар мен әрекеттер жасауда. Елдегі жиынтық жалпы өнім мөлшері 2008 жылғы мәлімет бойынша 12 миллиард АҚШ долларын құрайды. Оның 47%-ы ауыл шаруашылығы өнімдерінің, 12%-ы өнеркәсіп, ал 41%-ы өндіруші емес саланың үлесіне тиесілі.
Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары электр энергетикасы, тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп, тірсті металлургия болып табылады. Электр энергиясын өндіру оңтүстіктегі Нарын өзені мен оның салаларында орналасқан СЭС тізбегіне негізделеді. Олардың ең ірісі—Тоқтағұл СЭС-і, жылына 4 миллиард кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл салаға қазіргі кезде өте көп шетел және Ресей қаржысы жұмсалуда. Отын өнеркәсібі Ош және Жалалабад облыстарындағы қоңыр көмір мен Ыстықкөл қазаншұңқырынан өндірілетін таскөмір негізінде өркендеуде.
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері көлемі күннен-күнге артуда, жүн түту, кігіз басу, кілем тоқу, тері-былғары илеу сияқты салалары өркендеуде. Елдің оңтүстігінде мақта өңдеу мен жібек шаруашылығы дамыған. Тамақ өнеркәсібі жергілікті шикізатты өндеуге бағытталған.
Түсті металлургия, негізінен, сыртқа өнім шығаруға маманданған. Ош облысындағы Қадамжай комбинаты өндіретін сурьма халықаралық нарықта эталон ретінде бағаланады. Осы облыстағы Хайдарқан елді мекені жанындағы сынап кенінің маңызы аса зор. Мұнда қосымша қорғасын-мырыш концентраты алынып, одан әрі өңдеуге Қазақстанға жіберіледі. Жаңа іске қосылған алтын (Жалалабат облысындағы "Макмалалтын"), сондай-ақ қалайы (Ыстыккөл облысының оңтүстік-шығысы) комбинаттары шетелдік қаржы көмегімен ғана жұмыс істеуде.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет