«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»



бет4/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160
Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.
Қолғапты шешу


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

  2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.

  3. Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

  4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

  5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.

  6. Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

  7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.

Хлоры бар зарарсыздандыру заттардан жұмысшы ерітінділерді даярлау кестесі



Жұмысшы ертіндінің қоюлық дәрежесі, %

Заттың мөлшері, г.

1 л ертіндіге

10 л ертіндіге

0,1
0,2
0,3
0,5
1,0
2,01
3,0
5,0
10,0

1,0
2,0
3,0
5,0
10,0
20,0
30,0
50,0
100,0

10,0
20,0
30,0
50,0
100,0
200,0
300,0
500,0
1000,0 (1 кг)



Сұйық зарасыздандыру заттардан жұмысшы ертінділерді даярлау және есептеу кестесі



Жұмысшы ертіндінің қоюлық дәрежесі, %

Заттардың мөлшері- мл, су-мл. 1 л даярлау үшін

Зат (мл)

Су (мл)

1,0
3,0
5,0
8,0
10,0

10
30
50
80
100

990
970
950
920
900


Су тегі асқын тотығының жұмысшы ертіндісін 0,5 % жуушы затымен 1л даярлау есебі



Ертіндінің аталуы

30 % пергидрольдің (мл) мөлшері

Жуушы заттың (г) мөлшері

Судың мөлшері (мл)

3 % су тегі асқын тотығы

100

5

895,0

4 %- су тегі асқын тотығы

133,3

5

861,0

5 % су тегі асқын тотығы

200,0

5

795,0



Хлорамин ерітіндісін даярлау


Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.
Дайындаңыз: аспадағы құрғақ ұнтағын хлорамин, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

  2. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз.

  3. Ыдысқа аспадағы құрғақ хлорамин ұнтағын салыңыз (ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәрежесіне сәйкес).

  4. Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті).

  5. Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ергенге дейін араластырыңыз.

  6. Даярланған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз.

  7. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты таңбалаңыз және биркаға (таңба салатын клеенкаға) ерітіндінің қоюлық дәрежесін, атын, ерітіндіні даярлаған адамның аты-жөнін, даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз.

  8. Дем масканы, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:

  • Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз.

  • Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңылаусыз жабық ыдыста сақталуы керек.

  • Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.

Хлорамин ерітінділерін даярлау





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет