Шеттен орталыққа қарай қайшыны қолданбай бекітуші таңғышты алып тастау.
Жаймен катетерді күре тамырдан шығарып алу.
Катетеризация орнын стерильді дәке тампонымен 2-3 минут басып тұру.
Катетеризация орнын тері антисептигімен өңдеу.
Катетеризация орнына стерильді басушы таңғыш қойып бинтпен бекіту.таңғышты 1 тәулік бойы шешуге болмайды.
Катетер канюлясының бүтіндігін тексеру. Тромб түзілуі немесе катетердің микробпен ластануына күдік болған жағдайда канюля ұшын стерильді қайшымен қырқып алып, стерильді пробиркаға салып зерттеуге бактериологиялық лабораторияға жіберу қажет (дәрігердің тағайындауы бойынша).
Катетерді алып тастау күнін, уақытын, себебін құжатқа тіркеу.
Қауіпсіздік техникасы және санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп ережелеріне сай қалдықтарды жою.