«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»


ТҰНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ



бет70/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   160
ТҰНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ
(ҚОСПАЛЫ СҰЙЫҚ ДӘРІНІ) ҚОЛДАНУ


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрі-дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз.

  4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

1 шай қасықта – 5 мл
1 десерт қасықта – 7,5- 10 мл
1 ас қасықта – 15 мл

  1. Науқастан дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

  2. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.


ТҰНБАНЫ, ЭКСТРАКТЫЛАРДЫ (ШЫРСӨЛДІ) ҚОЛДАНУ


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Даярлаңыз: дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).

  4. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз.

  5. Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндінің тамшысын алыңыз.

  6. Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.

  7. Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

  8. Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет