Науқаспен қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды жүргізіңіз.
Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз.
Аурухана жағдайында таңертең ерте асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз.
Науқастан тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.
Науқасқа контейнерді беріңіз.
Науқастың артынан тұрып, аузына ашық контейнерді жақындатуын сұраңыз.
Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.
Контейнерді қақпағымен жабыңыз.
Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.
Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.
Таңертеңгі жиналған қақырықты белгіленген металды бикспен лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.