«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»


Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы



бет157/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
Байланысты:
стандарт мейргер иси

1.Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы
2.Дайындаңыз:стерильді астауша, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, 10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шриц, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, тері антисептигі, бірнеше өлшемдегі перифериялық көктамыр катетерлерін, біріктіретін түтік немесе обтуратор, бұрау, стерильді қолғаптар, қайшы, бинт, 3% сутегінің асқын тотығы.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын т.сіндіріңіз, сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.Қолыңызды тері антисептигін қолданып өңдеңіз. Қолғап киіңіз.

  2. Катетер қорабының бүтіндігіне, жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

  3. Жақсы жарықтануды қамтамасыз етіңіз, науқасқа ыңғайлы қалып қалып беріңіз.

  4. Көктамыр өлшемін, дәріні енгізу жылдамдығын, көктамырішілік терапия жүргізу кестесін, дәрінің қоюлығын есепке алған жағдайда катетер өлшемін таңдап алыңыз.

  5. Қолжетімді жерге утилизацияға арналған контейнерді қойыңыз.

  6. Катетеризация орындау орнынан 5-10-15 см жоғары бұрауды байлаңыз.

  7. Науқасқа жұдырығын ашып – жұмуды сұраңыз, пальпация арқылы көктамырды таңдап алыңыз.

  8. Катетеризация орнын тері антисептигімен 30-60 сек. аралығында өңдеңіз, өңделген аймақтарға жанасуға болмайды. Өңделген соң көктамырды қайта сипап көрмеңіз.

  9. Сол қолдың саусақтарымен катетеризация жасайтын көктамырды тесу орнынан төмен бекітіңіз.

  10. Қажет диаметрдегі катетерді алыңыз, көлденең немесе тігінен ұстаңыз, қорғаныс қақпағын шешіңіз.Егер қорғаныс қақпағында қосымша бітеуіш орналасса, қорғаныс қақпағын тастамай бос қолыңыздың саусақтары арасында ұстаңыз.

  11. Катетер инесінің қиылысы жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.Катетер инесін 15   бұрышта теріге енгізіңіз, катетерді ине өткізгішпен көктамырға 2-3 мм –ге енгізіңіз, индикаторда қан пайда болуын қадағалаңыз.

  12. Индикатор камерасында қан пайда болған жағдайда инені енгізуді тоқтатыңыз.

  13. Ине-өткізгішті бекітіңіз, ал катетер канюлясын толық енгізіңіз, канюляны ине өткізгіштен жаймен алыңыз.

  14. Бұрауды шешіңіз. Катетер инеден күре тамырға өткен соң оған инені енгізбеңіз.

  15. Қан кетуді тоқтату үшін катетерден жоғары қантамырды басыңыз және катетерден инені толығымен шығарып алыңыз.Инені қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

  16. Бітеуішті қорғаныс қақпағынан алыңыз және гепаринді бітеуішті порт арқылы жіберіп катетерді жабыңыз немесе инфузиялық жүйені қосыңыз.

  17. Катетерді қолға таңғыш көмегімен бекітіңіз.

  18. Емдік мекеме талаптарына сай көктамыр катетеризациясы емшарасын тіркеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет