Шприцті дайындау (жарамдылық мерзімін және орамының бүтіндігін тексеру).Дәрілік заттың атын, жарамдылық мерзімін, оқып шприцке сорып алу.Дәрілік затты ампуладан сорып алу немесе жүйені құрастыру стандартын қараңыз.
Қолды гигиеналық дейгейде өңдеу.Қолғапты кию.
Катетер белгіленген таңғыштың тазалығын және бүтіндігін көзбен көріп бағалау.
Антисептикке малынған стерильді салфеткамен бітеуішті өңдеу және оны шешіп алу.
Катетердің өткізгіштігін тексеру. 2,0 мл-0,9% натрий хлорид ерітіндісі бар шприцті катетерге жалғастырып, поршенді целиндрде қан көрінгенге дейін өзіңізге қарай тартыңыз.Физ. ерітінжіні жіберіңіз.катетерді жуу үшін алынатын физ. ерітіндінің мөлшері катетердің және оның құрылғыларының көлемініен 2 есе көп болуы керек.
Катетердің өткізгіштігі бұзылған жағдайда (бұл кезде ерітіндіні жіберу кезінде жоғары қарсылық байқалады)емшараны тоқатып дәрігерге хабарлау керек .
Катетер өткізгіштігі бұзылмаған жағдайда физиологиялық ерітінді енгізгеннен соң дәрілік зат сорып алынған шприц немесе тамшылатып жіберуге арналған құрастырылған жүйе жалғастырылады.
Дәрілік зат жаймен жіберіледі, тамырға ұсақ «қалдық» ауа тамшыларының кетіп қалмауы үшін шприцте аз мөлшерде дәрі қалдырылады.
Дәрілерді тамшылатып жіберген кезде жүйені катетерге жалғастырғаннан соң енгізілетін дәрінің жылдамдығын, яғни тамшылардың жиілігін реттеу қажет (дәрегердің тағайындауы бойынша) .
Қолғапты шешу.Қолды гигиеналық деңгейде жуу.
Дәрілерді тамшылатып жіберу барысында науқастың жағдайын бақылау.