Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау Дайындаңыз:стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, тромболатикалық май, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, тері антисептигі , перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта.
Іс-әрекет алгоритмі: Стерильді таңу материалы, стерильді бітеуіш және көлемі 5,0 және 10,0 мл болған 2 шприці бар стерильді астаушаны дайындаңыз.
Бекітілген таңғыш жағдайын бақылау, қажет жағдайда ауыстыру.
Болуы мүмкін асқынуларды ерте анықтау мақсатында пункция орнын жиі қарау.
Ісіну, қызару, жергілікті қызба препараттарды енгізу кезінде ауырсыну болған жағдайда дәрігерге хабарлау.
Ескерту:лейкопластырлы таңғышты ауыстырған кезде қайшыны қолдануға тиым салынады.Өйткені қайшымен катетерді қиып жіберген жағдайда катетер қан айналым жүйесіне кетіп қалуы мүмкін.тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары көктамырға гепаринді немесе троксевазинді май жағылады.