Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприцті, мақта шариктерін, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, лотокті, флакондағы дәрілік ерітіндіні, еріткішті, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Дәрілік заттың атын, дозасын, көңіл қойып оқыңыз сақталу мерзімін және сыртқы көрінісін тексеріңіз
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.
Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).
Зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.
Тері антисептигіне суландырылған мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Оны кептіріңіз.
Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз: II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде, V саусақты – шприц поршенінде ұстаңыз.
Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 см енгізіңіз, сол қолмен флаконды ұстаңыз.
Флаконның түбін жоғары қаратып көтеріп, сол қолдың II және III саусақтары арасында ұстай отыра, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтарды шприцтің цилиндрінде ұстаңыз. Оң қолмен дәрілік ерітіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
Шприцті сорып алған дәрілік ерітіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.
Шприцті сол қолға тік қалыпта көз деңгейінде инесін жоғары қаратып ұстаңыз: V саусақ – шприц поршенінде, II саусақ - иненің канюлясында, I, III және IV саусақтар – цилиндрде).
Оң қолдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, ІІ және ІІІ саусақтармен цилиндрдің жиегінен ұстаңыз. Иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны және 1-2 тамшы ерітіндіні шығарыңыз. Инеден қорғаныш қақпағын алмайды.
Дайындалған шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.