Қр президенті н назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан алмас арзықұлов



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата21.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#2402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

әдебиеттеР:
1.   Лебон Г. Психология народов и масс – СПб, 1895. – 230 б.
2.   Одиссей. Человек в истории. – М.: Наука, 1990. – 222 б.
3.   Фрейд З. Психология масс и анализ человеческого Я // Фрейд 
З. Тотем и табу. – М.: Олимп, 1998. – 448 б.
4.   Орынбеков  М.С.  Ежелгі  қазақтың  дүниетанымы.  –  Алматы: 
Ғылым, 1996 б. – 168 б.
5.   Құл-Мұхаммед Р. Қазақ әлеуметтік мәдениетінің типтері. – Ал-
маты: Атамұра, 2000. – 65 б.
6.   Бабыр Захир ад-дин Мұхаммед. Бабырнама. – Алматы: Ататек, 
1993. -448 б.
7.   Барлыбаев Г. Өтеміс қажының «Шыңғыснаме» шығарнамасының 
дүниетанымдық негіздері // Қазақтың тарих философиясы. Жи-
ырма томдық. – Астана: Аударма, 2006. – Т. 6. – Б. 65-76
8.   Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди // Қазақтың тарих философиясы. 
Жиырма томдық. – Астана: Аударма, 2006. – Т. 6. – Б. 142-223
9.   әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973,  
446 б.
10.   Құнанбаев  Абай  (Ибраһим).  Шығармаларының  екі  томдық 
жиынтығы. 1 том. – Алматы Ғылым, 1977. – 454 б.
11.   Молдабеков  Ж.Ж.  Тектілі  тұрағы  –  тұлғылыққа  тірек  //  Адам 
әлемі. - № 2 – 1999. - /12-17 б.
12.   Бурбаев Т. Ұлт менталитеті. – Алматы: Елорда, 2001. – 248 б.
13.   Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. А., 1994.
14.   Философия: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 
оқулық // Құрастырған Т. Ғабитов. Аударған Б. Сатершинов. – 
Алматы: Қаржы-Қаражат, 2002.
15.   Философия және мәдениеттану: Оқу құралы / Құраст. Ж. Алтаев, 
Т. Ғабитов, А. Қасабеков және т.б. – Алматы, Жеті жарғы, 1998.

100
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Ішкі (Бөкей) орданы 
басқарудағы  Уақытша 
кеңестің құрылуы 
және Ресей әкімшілік 
бюрократиялық 
жүйесінің қалыптасуы
Сейілхан тоҚболат,
Абай атындағы Қаз ҰПУ-дың
Қазақстан тарихы 
кафедрасының оқытушысы
І
шкі  орда  өзінің  дербес  хандық  болып  құрылуынан 
бастап  жан-жағынан  орыс  губернияларының  қатаң  
бақылауында  болып,  үлкен  әскери  күшті  пайдалану-
ды  қажет  етпеді.  Уақытша  кеңесті  құрудағы  мақсат 
патша  әкімшілігі  Ішкі  ордада  жалпыимпериялық 
әкімшілік-территориялық  бірігушілікті  көздеді  және  халықты 
басқару  азаматтық-әкімшілік  сипатта  болды.  Жергілікті  халықтан 
салық  жинау  және  ішкі  тәртіпті  қадағалау  міндеттерін  негізге 
алған  Уақытша  кеңес  осы  этномәдени  аумақтағы  биліктің 
бюрократиялық  пирамидасының  төменгі  және  орта  буындарының 
арасындағы басқаруды қамтамасыз етті. Дәлірек айтқанда, көшпелі 
қазақ  қоғамында  Ресей  империясының  басқару  институттары 
арқылы  жалпыимпериялық  салық  пен  әкімшілік  басқару  жүйесін 
орталықтандыру міндеті қолға алынды. Сонымен қатар, қазақтардың 
дәстүрлі институттарын патшалықтың мемлекеттік-бюрократиялық 
органдарына  бейімдеу  ісі  жүргізілді.  Бұл  іс-шараларды  пат-
ша  әкімшілігі  жергілікті  жоғарғы  тап  өкілдері  –  сұлтандар,  төре 
әулетіне  арқа  сүйеп  жүзеге  асырды.  Патша  әкімшілігінің  басқару 
әдістері  алғашқы кезеңде осындай сипатта болып,  қазақ қоғамында 
қалыптасқан  дәстүрлі  басқару  институтын  өзгеріске  ұшыратты. 
Оған патша әкімшілігі шенеуніктерінің «Что главная задача прави-

101
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
тельства еще при жизни хана, а затем после смерти его, заключалось 
в том, чтобы провести среди кочевого населения киргизов, в видах 
сближения его с рускими, те-же начала и порядок управления, ко-
торые существует в общих учреждениях Империи» деген мақсатты 
сөздері дәлел [1, 2 п.].  
Ішкі  ордада  Ресей  билігінің  орнығуының  алғашқы  кезеңінде 
патша  әкімшілігі  жергілікті  ақсүйек-феодалдар  мен  сұлтандарға 
сүйене  отырып,  олардың  қазақ  қоғамындағы  билік  жасау  рөлін 
нығайтуға  тырысты  және  мұрагерлік  басқару  жүйесін  құптады. 
Патша  әкімшілігі  төре  тұқымдарының  бұқара  қазаққа  ықпалын 
күшейтуде жер иелену және жерді пайдалану мәселесінде олардың 
құқықтарын  сақтап,  кеңейте  отырып,  салық  төлеу  шеңберінде 
жеңілдіктерге ие болғызды, оларға қаржылық жәрдем беру жолда-
рын  ұсынып,  әлеуметтік  мәртебелік  атақтармен  марапаттап,  түрлі 
бағалы  сыйлықтар  беру  арқылы  ақсүйектердің  өздеріне  қызмет 
ету ісін жүзеге асырды. Патша әкімшілігінің терең ойластырылған, 
көзделген  саяси  тактикасының  нәтижесінде  олар    орыстың  саяси 
ділінің әсеріне ұшырады.
Жәңгір ханның кенеттен өмірден озуы Ішкі орданың қоғамдық-
саяси  өміріне  үлкен  өзгерістер  әкелді.  ширек  ғасырға  созылған 
Жәңгірдің ұстанған басқару жүйесі өміршең болып қала берді. Отар-
шыл билік өкілдерінің алғашқыдағы орданың саяси құрылысын бұзу 
әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Дәл осы кезеңде патшалық Ресейдің 
шығыстағы саясаты зор күш ала бастаған еді. Мұны сол кездегі Ре-
сей мен Англияның Орта Азия жері үшін өзара талас-тартысының 
көрінісі  арқылы  түсіндіруге  болады.  Бұған  неміс  тарихшысы 
К.Ф.Нейманның: «Орта Азиядағы британдық агенттер мен резидент-
тер осындай қолайлы жағдайды барынша пайдаланып қалу ниетінде 
өздерінің мемлекетінің билігін Амуның арғы жағындағы жерлерде 
ықпалын жүргізуге тырысты», – деп жазғаны дәлел болады [2, 103 
с.]. Қазақстан мен Орта Азия иеліктерін өз қолында ұстап қалу үшін 
Ресей батыл қадамдарға көше бастады. Қазақстанның өздерімен ше-
каралас  орналасқан  солтүстік  және  солтүстік  батыс  бөлігін  едәуір 
түрде бақылауына алғаннан кейін, олардың алдында Қазақстанның 
оңтүстік пен оңтүстік шығыс бөлігі және Орта Азия хандықтарын 
өздеріне  бағындыру  мақсаттары  тұрды.  Бөкей  ордасының  тарихи 
өміріндегі бұл кездегі ең басты өзгеріс – патшалы Ресей Жәңгірдің 
өлімін пайдаланып, хандық жүйені жойып, оның орнына өздерінің 
басқару  үлгісіндегі  әкімшілік-территориялық  билігін  орнатуды 
қолға  алды.  Орынбор  әкімшілігі  осындай  көптен  күткен  оңтайлы 

102
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
сәтті тиімді пайдалану үшін жедел түрде билік реформасына кірісті. 
Жәңгір  хан  жиырма  жылдан  астам  басшылық    еткен  уақыт 
аралығында алып державаның оңтүстік шығыс бөлігіндегі кішкене 
ғана  аумақта  хандық  институттың  әрі  қарай  дамып,  оның  негізін 
бірнеше уақытқа дейін бұзылмайтындай етіп, берік тұрақтанғанына 
кейін  Орынбор  шенеуніктері  куә  болып,  таңданыстарын  білдірді. 
Сол  себептен  де  Ресейдің  Ішкі  ордаға  қатысты  жүргізген  саясаты 
абай, нысаналы жүрді.
Отаршыл  мемлекеттің  ордаға  байланысты  жаңа  саясатының 
мәнін  Орынбор  генерал-губернаторы  В.А.  Обручевтің  Жәңгірдің 
өлімінен  кейінгі  іс-әрекетінен  және  сол  жердегі  жағдайдың  мән-
жайын  анықтау  үшін  арнайы  жіберілген  Бикмаев,  Ерофеев,  Генс 
сияқты  шенеуніктердің  өздерінше  жасаған  шара,  жоспарларынан 
және соның нәтижелерінен көре аламыз. Ішкі ордаға нақты тапсыр-
мамен  жөнелтілген  патша  шенеуніктердің  басты  мақсаттарының 
бірі  –  ханның  орнына  халық  пен  ақсүйек-феодалды  топ  алдын-
да  беделі  бар  уақытша  басқарушыны  таңдап,  ұсыну  еді.  Өйткені, 
Уақытша кеңес тұрақты атқарушы орган ретінде кейінірек құрылған 
болатын.  Патша  әкімшілігі оның  құрылуына  дейін  бұрынғы  екпін 
әсерімен жұмыс істеп тұрған хандық жүйе құрылымын өз қалпында 
ұстап,  басқаруды  Жәңгірдің  ағасы    Әділге  «уақытша  басқарушы»  
деген  лауазымымен  жүктеді  [3,  42  п.].  Бұрынғы  келісім  бойын-
ша  Жәңгірдің  Фатимадан  туған  баласы,  заңды  түрде  белгіленген 
мұрагер  Сақыпкерей  осы  уақытта  таққа  отыруы  қажет  еді.  Бірақ 
оның  Петерборда  әскери  паж  корпусын  оқып  бітірмегенін  дәлел 
ретінде  келтіріп,  оқуды  аяқтаған  соң  ғана  билікті  қолға  алатынын 
жеткізген болатын. 
Ресей  әкімшілігі  алдында  тұрған  ең  басты  мәселесі  –  хан 
мұрагерін  биліктен  аластату  міндеті  уақытша  болса  да  кейінге 
шегеріліп, патшалық үшін оң шешімін тапты. Сонымен,  Ішкі ор-
даны уақытша басқару үшін бір басшы және оның екі көмекшісін 
жергілікті  шыңғыс  тұқымдарынан  тағайындау  қажет  болды.  Сон-
дай мақсатпен осы жерде арнайы тапсырмамен келіп, сол саламен 
айналысып  жүрген  коллеж  кеңесшісі  Бикмаев  жергілікті  ақсүйек-
феодал  тобының  арасынан  патшалық  Ресейдің  көзқарастарына 
сәйкес  басқарушының  рөлін  ханның  жақын  бауыры  Әділ 
Бөкейхановты  басты  үміткер  ретінде  қойды.  Оның  бұл  байламы 
Орынбор  шекара  комиссиясының  басшысы  М.В.  Ладыженскийдің 
Әділ Бөкейхановқа: «...человек добрый, но как известно, недальный 
и слабого характера...», – деп берген мінездемесіне сәйкес келеді [3, 

103
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
12 п.]. Әділ Жәңгірдің тірі кезінде оның көмекшісі ретінде белгілі бо-
латын. Сонымен қатар, хан басқа жерге сапарға аттанған уақытында 
хандықты өз қолына уақытша алатын. Оған мұрағаттағы: «Адиль...
которому хан доверял в кратковременные свои поездки в С. Петер-
бург и Оренбург управление делами Орды...», – деген дерек айғақ 
болады [3, 13 п.]. Соны ескере отырып Ресей әкімшілігі Әділді Ішкі 
орданың  уақытша  басқарушысы  ретінде  тағайындайды.  Ал,  оның 
көмекшілері  ретінде  Нұралының  баласы,  Бөкейдің  бауыры  болып 
келетін шөке Нұралыханов және Бөкейдің баласы, Жәңгірдің бау-
ыры болып келетін Меңдікерей Бөкейхановты тағайындайды [4, 117 
п.].  Бұдан  байқағанымыз,  Орынбор  әкімшілігі  билікті  Әділдің  бір 
өзіне беріп қойса, ішкі тұрақтылықты жоғалтып алудан қауіптенді. 
Сондықтан оған ханның жақындарының ішінен екі беделді сұлтанды 
– Меңдікерей мен шөкені таңдауы түсінікті жәйт еді. Алайда, Бик-
маев жергілікті тұрғындар пікірімен толық санаспай, істі біржақты 
шешкені  кейін  байқала  бастады.  Ел  ішінде  хандық  таққа  таласу-
шы  партиялар  пайда  болды.  Мысалға,  Уақытша  кеңесте  қызмет 
атқарған  Меңдікерей  Бөкейханов  пен  шөке  Нұралыхановтың 
билікке келуін Құшақғали шығаев Орданың ісіне зиян деп, Орын-
бор  басшылығына  шағымданған  болатын.  Жоғарыда  аталған  екі 
кеңесші Орынбор губернаторына жіберген хатында Құшақғалидан 
қысым көргендіктен өз еркімен қызметінен босатуын өтінген бола-
тын [5, 3-4 п.]. Сонымен қатар бір топ ел беделділері Сақыпкерейді 
хан тағына отырғызу қажет деп тапса, ал келесі жіктің тобы Әділді 
қолдады.  Бұл  талас-пікірлер  патша  билеушілеріне  ой  салса  керек, 
өйткені  Ресей  әкімшілігі  Ішкі  ордадағы  барлық  билікті  бір  Әділ 
Бөкейхановқа беріп қоюға асықпады. Оның үстіне империя өкілдері 
ханның ағасына сенімсіздікпен қарады және жаңа басшының жеке 
қабілеті мен мінезінің осал тұстарын байқап, көңілге түйді. Ханның 
өмірден кеткеніне де екі ай өтті. Басқарушының қолында еш билік 
болмады. Ақырында, Жәңгірдің дүние салған уақыттан бастап алты 
ай өткеннен кейін 1846 жылдың 21 қаңтарында Ресей патшасының 
жарлығы бойынша  Ішкі орданы басқару туралы Уақытша кеңес» 
құрылды. Бұл кеңестің пайда болуы Ресей әкімшілігінің Ішкі ордаға 
реформа жасауға тура кіріскенінің белгісі еді. Бұған дәлел келтірсек, 
патшаның жарлығы шыққаннан кейін Орынбор әкімшілігі жергілікті 
билікті  трансформациялауға  кірісті.  Ішкі  орданы  басқару  жобасы 
бойынша Уақытша кеңестің қызметкерлер штаты белгіленді.
1846  жылы  9  наурызда  Уақытша  кеңестің  басшысы  қызметін 
атқарған  Әділ  Бөкейханов  Орынбор  генерал-губернаторына  Ішкі 

104
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
ордадағы жағдай туралы есеп берді. Сол құжаттарға енген Ішкі ор-
даны басқарудағы қызметкерлер тізімі төмендегідей:
1  Ішкі  орданы  басқарушы  сұлтан  Есауыл  Әділ  Бөкейханов, 
сонымен  қатар  Адай,  Есентемір  Таз  және  Масқар  руларының 
басқарушысы қызметін атқарушы.
2 Кеңесші сұлтан шөке Нұралыханов, сонымен қатар Байбақты 
рубасқарушысы қызметін атқарушы.
3 Кеңесші сұлтан Меңдікерей Бөкейханов, сонымен қатар шер-
кес руының рубасқарушысы қызметін атқарушы.
4  Мемлекеттік  мүлік  министрлігі  тарапынан  тағайындалған 
кеңесші қызметінде Матвеев.
5 Қазан университетінің лекары Евланов.
6 Мал дәрігері Ольдекоп.
7 Ахун Жабир Хамматов
8 Азаншы Ғұбайдолла Абдурашитов.
9 Татар тілі пәнінің мұғалімі Садриддин Аминов.
10 шешекке қарсы егуші Абдулхалық Жүсіпов.
Орыс кеңсесі бойынша:
1 Кеңсе басшысы қызметін атқарушы Титулярный Советник Пер-
вухин.
2 Аудармашы зауряд сотник Досмұхамед шөкеев.
3 Хатшы Астрахан казак әскерінің урядниктері:
а) Колпаков
б) Голубьев
Татар кеңсесі бойынша:
 
1 Мещеряк әскерінің Хорунжиі Каршыға Ғаликеев.
2 Қазан мещанині Әбсаттар Әминов.
Хан ордасында қызмет атқарушылар:
Астрахан казак әскерінің әскери старшинасы Донцов.
а) Обер офицер – 2
б) Урядник – 8
с) Төменгі шендегілер – 96

105
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Орал казак әскері хорунжиі Мазанов
а) Урядник – 1
б) Төменгі шендегілер – 25 [4, 338 п.].
Жоғарыда  көрсетілген  қызметтерден  бөлек  Ішкі  орда  бойынша 
рубасқарушылық қызмет атқарған сұлтандар, ақсүйек-феодалдардың 
тізімін  келтіруге  болады  және  олардың  жанындағы  хатшылардың 
тізімі қоса берілген, сол мынау:
1. Сұлтан Әділ Бөкейханов – Масқар, Есентемір, Таз және Адай 
руларын басқарушы.
2.  Сұлтан  Меңдікерей  Бөкейханов  –  шеркеш  руын  басқарушы, 
оның жанында хатшылық қызметте Урядник Мещеряк Дожиляддин 
Калдыбеков.
3. Сұлтан шөке Нұралыханов – Байбақты руын басқарушы, ол 
сонымен қатар Ішкі Орал әскери шебінде өзінің руының тарапынан 
депутат  болып  қызмет  атқарған.  Жанындағы  хатшылық  қызметте 
Мещеряк  Төрежан  Молдағалиев,  Орынбор  әкімшілігі  тарапынан 
тағайындалған, жылдық жалақысы 500 р.
4. Сұлтан Жанбөбек Бегалин – Алаша руын басқарушы, ол соны-
мен қатар Ішкі Орал әскери шебінде депутат болып қызмет атқарған, 
жанындағы  хатшылық  қызметте  Орынбор  әкімшілігі  тарапынан 
тағайындалған  мещеряк  Мұхамеджан  Апақов,  жылдық  жалақысы 
500 р.
5. Сұлтан Жаханшах шыңғалиев – Тана руын басқарушы, ол со-
нымен қатар Ішкі Орал әскери шебінде өз руы тарапынан депутат 
болып қызмет атқарған.
6. Сұлтан Хангерей Хансұлтанов – Жетіру руын басқарушы.
7. Сұлтан Тәуке Бөкейханов – Ыссық руын басқарушы.
8. Сұлтан Тоғым шығаев – Кете руын басқарушы, ол сонымен 
қатар Краснояр уезінде депутаттық қызметте, жанында Асфендияр 
Бакеев еркін жолданған, жылдық жалақысы 300 р.
9. Сұлтан Құшақғали шығаев – Қызылқұрт руын басқарушы, ол 
сонымен қатар Төменгі орал әскери шебінің орта дистанциясында 
депутат қызметін атқарған.
10. Сұлтан Батырғали шыныкеев – Жаппас руын басқарушы.
11. Би шомбал Ниязов – Ноғай руын басқарушы, жанындағы хат-
шы –мещеряк Мұзафар Жүсіпов Орынбор әкімшілігі тағайындаған, 
жылдық жалақысы 500 р.
12. Би Балқы Құдайбергенов – Беріш руын басқарушы, жанын-
да Орынбор әкімшілігі тағайындаған мещеряк  урядник Гамаддин 
Қалдыбеков, жылдық жалақысы 500 р. [4, 56 п.]. 

106
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Осы  тізімге  бірнеше  ру  басшылары  енген  және  Орынбор 
әкімшілігінің  өкілдері  бар.  Орыс  шенеуніктері  кеңсе  істерін  өз 
қолдарына алды және осы  қарым-қатынас арқылы жергілікті жер-
де  отарлау  саясатын  тереңірек,  нәтижелі  жүргізуіне  мықты  негіз 
қалыптастырды.  Сондай-ақ,  рубасқарушылық  қызметтерде  өз 
міндетін атқарып жүрген жоғарыдағы сұлтандар мен жоғарғы тап 
ақсүйек-феодалдардың  барлығы  да  сол  бұрынғы  қалпында,  яғни, 
Жәңгір ханның өзі тағайындаған тәртіп сақталған, бүкіл Ішкі орда 
жерін он екі рубасқарушы арқылы басқару жүйесі сақталды. Бұған 
Бикмаевтың:  «Правила  проекта  временного  управления  Ордою  в 
прочих частях во внутреннем своем устройстве нисколько не изме-
нены, вполне остаются теми, в каком положении находилась и при 
покойном  хане»,  –  деп  мәлімдегені  негіз  [4,  117  п.].    Бұл  жердегі 
он екі рубасқарушының оны шыңғыс ұрпақтары болса, қалған екеуі 
би қызметін атқарған шомбал Ниязов мен Балқы Құдайбергенов  – 
Жәңгірдің ең жақын адамдары және кеңесшілері болған. 
Жәңгір  ханның  өлімінен  кейін  Орынбор  әкімшілігі  бүкіл  орда 
жерін  бірден  әкімшілік  өзгеріске  ұшыратпай,  алдымен  жергілікті 
жоғарғы билікті трансформациялады. Уақытша кеңес басқару аппа-
ратын біріңғайландыру процесінің өзі бірнеше жылға созылды. Ішкі 
ордаға  Орынбор  әкімшілігі  арнайы  тапсырмамен  жіберген  Орын-
бор  шекара  комиссиясының  шенеунігі  Бикмаев  жергілікті  билік 
жүйесімен  танысып,  өзінің  басқару  жобасын  ұсынды.  Кейін  осы 
ұсыныс, саралау арқылы Ішкі орданың билік жүйесі қалыптасты. Бұл 
жаңа басқару жобасынан отаршылдық, самодержавиялық саясаттың 
көрінісін айқын байқауға болады.
Ішкі орданы ұзақ уақыт билеген Жәңгірдің бұрынғы қалыптастырып 
кеткен  прогрессивті  хандық  жүйесі  түбірімен  болмаса  да,  басты 
мақсаттар патшалыққа тікелей бағынышты еді. Жаңа жүйе арқылы 
Ішкі орда енді айтқанға көніп, айдауға жүретіндей негізде құрылып, 
барлық  ішкі  істер  Ресей  шенеуніктерінің  қатысуымен  және 
бақылауымен атқарылатын болды. Оған Ресей әкімшілігінің сенімді 
өкілі, әрі осы жауапты істі ұйымдастырушысы Бикмаевтің даярлаған 
жобасын оқығанда көз жеткізуге болады, ол дайындаған жоба бой-
ынша Орда басқармасы мен Кеңестің міндеттері: қазақтар арасында 
тыныштық пен қалыпты жағдайды сақтау, халықтың арасында бо-
лып  тұратын  барымтаны  жою,  жергілікті  тұрғындардың  мәселесі 
бойынша  өзара  қырқысудың  алдын  алу,  Сұлтандар  және  басқа  да 
ел басқарушылардың жай халықтан жерді негізсіз басынушылықпен 
тартып  алып,  қысым  көрсетуін    болдырмау.  Рубасқарушылары 

107
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
және бөлімдер мен бөлімшелердің басшыларының істерінің заңды 
орындалуын  бақылау,  оларға  жүктелген  тапсырмалардың,    әсіресе 
қылмыстық істерге байланысты істердің жедел түрде орындалуын 
қадағалау. Жергілікті қазақтардың шаруашылық істеріне қамқорлық 
жасап, қиын-қыстау кезеңдерінде жәрдем беру. Жылдан жылға си-
реп бара жатқан ормандарды сақтап, қамқорлыққа алу. Ордада ше-
шек ауруына қарсы егу жұмыстарын жолға қою, халық денсаулығын 
сақтау  үшін  шаралар  қолдану.  Ішкі  ордадағы,  әсіресе  хан 
ордасындағы  жәрмеңкелердегі сауданың жүру барысын қадағалау, 
сауданың кеңінен тарап, дамуына үлес қосу. Ішкі ордадағы ашылған 
мектептер,  аурухана  және    түрмеге  меңгерушілік  қызмет  атқару. 
Қазақ халқының орналасуы жайлы, шаңырақтар мен қол астындағы 
мал саны туралы мәлімет жинау. Уақытша кеңес Ішкі ордадағы ка-
зак  әскерінің  өз  міндеттерін  бұлжытпай  орындауын  қадағалауы 
тиіс, егер олардың істерінде олқылықтық байқалса дереу Орынбор 
басшылығына  хабарлауға,  ел  басқаратын    рубасқарушылар  және 
старшындарды  тағайындау  үшін  Уақытша  кеңес  сенімді,  беделді 
қазақтардан кадрлар іріктей білуіге тиіс болды. Кеңес Ішкі орданың 
жағдайы  туралы  нақты,  толық  біліп,  хабарлы  болып  тұруы  қажет, 
сол үшін  Уақытша кеңес басшысы жыл сайын  ішкі жағдаймен та-
нысып тұруға міндетті болды.  Орынбор генерал-губернаторы Ішкі 
орда  жағдайымен  жете  танысу  үшін  бұл  жаққа    арнайы  шенеунік 
аттандырылып,  кеңес  басшысымен  бірге  мәлімет  жинады.  Кеңес 
және  қарамағындағы  Сұлтан  рубасқарушылары,  сондай-ақ  бөлім 
мен  бөлімше  басшылары  саудагерлердің  заң  бойынша  бекітілген 
билетсіз Ішкі орда аумағынан асып кетпеуін қадағалайды. Сондай-
ақ, олар  сырттан ішкі бетке билетсіз және паспортсыз енген адам-
дарды  бақылауға  алып,  олардан  билеттің  екі  есе  құнын  өндіріп 
алуы керек. Ал, сырттан енген адамдарды ордамен жанасып жатқан 
уездік  соттарға  Астрахан,  Чернояр,  Краснояр  және  Новоузенскіге 
аттандыруы  қажет.  Ішкі  ордаға  орыс  губернияларымен  байланыс 
орнататын  қатынас  жолдарын  сақтап,  қалыпты  жағдайда  ұстап 
тұру.  Астрахан,  Саратов,  Орынборға  шығатын  басты  жолдарды, 
дәлірек айтқанда, хан ордасынан Глинин форпостына, Орал маңына 
дейін,  Елтон  көліне  дейінгі  жолдарды  қалыпты  жағдайда  ұстау 
міндеттелді. Қыстың ызғарлы мезгілдері: көк мұз және қар қалың 
түскенде  болатын  жұт  кезеңінде  малды  аман  сақтап  қалу  үшін 
Уақытша  кеңес  рубасқарушыларға  қол  астындағы  халықтың  жем-
шөп қорымен қаматамасыз етілуін тапсырып, қадағалап тұрды. Мал 
шаруашылығын  дамытуда  Уақытша  кеңес  жұртшылықты  қажетті 

108
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
жер  үлестерімен  қамтамасыз  етуі  керек.  Сондай-ақ,  қазақтардың 
еркі  бойынша  көршілес  жеке  меншік  иеліктегі  жерлерді  қолайлы 
шарттар  бойынша  жалға  пайдалануын  ұйымдастыру.  Ішкі  ордада 
халық  шаруашылығын  дамыту  үшін  арнайы  ақша  қоры  құрылды. 
Бұл қорға халықтан жиналып тұратын салықтан жыл сайын 10 мың 
рубль  бөлінді  және  Ішкі  орданың  қорындағы  25  мың  рубль  соған 
қосылды. Қордағы қаражатты жұт мезгілдерінде ауыр мал шығынына 
ұшыраған  отбасы  мүшелері  белгілі  мезгілге  алып,  кейін  орда 
әкімшілігіне  қайтарып  тұруы  қажет  болды.  Уақытша  кеңес  өзінің 
қарамағындағы  халыққа  медициналық  қызмет  көрсететін  дәрігер, 
мал  дәрігері,  кіндік  шеше,  фельдшер  және  шешек  ауруына  қарсы 
егушілердің  жұмысының  орындалуын  ұйымдастырып,  бақылау 
орнатуға міндетті болды. Сонымен қатар, жергілікті халық арасынан 
болашақ  фельдшер,  шешекке  қарсы  егуші,  кіндік  шешелерді  дай-
ындау мақсатын қойды. Уақытша кеңес ай сайын Орынбор әскери 
губернаторына немесе Орынбор шекара комиссиясына Ішкі ордаға 
байланысты  іс-құжаттардың  аяқталған  және  аяқталмағандығы  ту-
ралы мәліметтер тізімін, қазақтардан салық түрінде түсіп тұратын 
зекет, соғым және билет салығы, жалпы барлық кіріс-шығыс сома-
сы туралы мәліметтер тізімін беруі тиіс. Сондай-ақ қамауға алынған 
адамдардың статьялық тізімін, ордада болған барлық оқиғалар тура-
лы екі апта сайын мәлімет беруі керек және олардың алдында жыл 
сайын Ішкі орданың жалпы жағдайы мен қазақтарды басқару бой-
ынша қалыптасқан ахуалы туралы есеп беру міндеті тұрды.
Орыс кеңесшісі, яғни, мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан 
тағайындалған орыс шенеунігі Уақытша кеңес басшысының бірінші 
көмекшісі  міндетін  атқарды.  Егер  басшының  іс-сапармен  кеткен 
уақытында немесе науқастанған кезінде ол соның орнын басты және 
басшының міндетіне кіретін жұмыстарды өз қолына алды [6, 706 с.].
Уақытша кеңестің әскерлендірілмеген шенеуніктері: дәрігер, мал 
дәрігері және кіндік шеше орыс кеңесшінің тәуелділігінде болады. 
Орыс кеңесшісі сол мекемедегі құжаттар мен іс-қағаздардың жедел 
өз уақытында орындалуын қатаң қадағалауға алды. Хан ордасындағы 
орыс-қазақ  мектебіне  байланысты  істерді  жеке  қадағалауға  алып, 
жауапкершілікпен  қарады,  ол  хан  ордасындағы  аурухананың 
жағдайына ерекше көңіл бөлуі тиіс. 
Орыс  кеңесшісі  қамауға  алынған  адамдардың  ыңғайлы  жай-
да  орналастырылуын,  таза,  ұқыпты  тұруын,  таза  киімдермен 
қамтамасыз етілуін, уақыттарын бос өткізбеуін, науқастанғандарға 
медициналық  көмек  көрсетілуін  қадағалады.  Орыс  кеңесшісі  қол 

109
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
астындағы  әскерлендірілмеген  шенеуніктер:  дәрігер,  мал  дәрігері, 
кіндік  шеше,  шешекке  қарсы  егушілердің  қызметтеріне  бақылау 
орнатып,  жұмыстарын  уақытында  орындалуын  қадағалап,  оларға 
бағыт, бағдар беріп, қателіктерін көрсетіп, айыпталғандарын заңдық 
шараларға  тартуы    керек.    Мысалы,  егер  орыс  кеңесшісі  ауыр 
науқасқа шалдыққан болса, онда жедел түрде Орынбор әскери гу-
бернаторы  өз  қарамағындағы  шенеунікті  кеңесші  міндетін  атқару 
үшін  Ішкі  ордаға  аттандыру  қажет  және  бұл  туралы  дер  кезінде 
Мемлекеттік мүлік министрлігіне хабарлауы тиіс [7, 39 п.].  
Ішкі орданың қоғамдық ахуалының тыныштығы мен жайлылығына 
қарсы әрекеттерге және өз қызмет бабын асыра пайдалану, салықты 
белгіленген мөлшерден артық алынғаны үшін  Уақытша кеңес жау-
апты болып табылады. Өз қызметтерін қанағаттанарлықсыз атқарып, 
өз лауазымын пайдаланып қиянат ету сияқты әрекеттері үшін кеңес 
басшысы,  орыс  кеңесшісі  және  кеңсе  шенеуніктері  оларды  бұл 
орынға ұсыныс жасаған мекемелер арқылы жауапқа тартылды. 
Өздерінің қызмет бабы бойынша заңға қайшы келетін әрекеттері 
үшін және заңсыз алым салық жинау, тағы басқа, осы сияқты істері 
үшін жергілікті тұрғындардан ұсынылған қызметкерлер: кеңесшілер, 
управа мүшесі, рубасқарушылары Орынбор шекара комиссиясының 
қарауымен Орынбор әскери губернаторының бекітуімен сот арқылы 
жауапқа  тартылды.  Кіші  қызметтегі  адамдарды  өз  қызметтерін 
атқармағаны үшін және билікті пайдалану арқылы теріс әрекеттері 
үшін Уақытша кеңес жауапқа тартады.
Уақытша кеңестің кеңсесіндегі істер атқарушылық, сот, шағымдық, 
дау, есептік деп бірнеше топқа бөлінді. Бұл істерді жүргізу бағытына 
байланысты  кеңсе  жұмысы  екі  салада  атқарылды.  Алғашқысына 
атқарушылық,  соттық,  дау-шағымға  қатысты  істер  қаралса, 
екіншісіне  есептік  істер  кірді.  Кеңсе  құжаттары  іс  жүргізушінің 
бақылауымен  оның  көмекшілерімен  толық  игеріліп  жатуы  тиіс.  
Барлық істер кеңестің жалпы отырысында мүшелердің қатысуымен 
атқарылады.  Іс-шараларды  қарау  күндері  мен  сағаты  кеңестің 
мүшелерінің ортақ келісімімен белгіленуі қажет болатын және орда 
халқына хабарланып тұруы міндетті еді. Кейінге қалдырылмайтын 
жағдайларға қатысты істер үшін жұмыс жүргізу кез-келген уақытта 
жүзеге  асатын  болды.  Кеңеске  келіп  түсетін  арыз-шағымдар, 
түсініктемелер, басқа да құжаттар және пошта арқылы қабылданған 
мөр басылған конверттегі құжаттар кеңес мүшелерінің қатысуымен 
ашылады.  Егер  де  жедел  түрде  шешімін  табуды  көздейтін  істер 
және бұрын қаралған істер қосымша анықтаманы қажет ететін бол-

110
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
са,  кеңес ондай мәселелерге  толық 3 күндік уақыт аралығында өз 
шешімін беруі қажет болды. Орыс тілінде келіп түскен құжаттарды 
орыс кеңесшісі кеңес мүшелерінің алдында оқып шығуы және ау-
дармашы оқылған мәтінді еш бұрмалаусыз тура мағынасында ауда-
рып тұруына міндетті болды, сонымен қатар аудармашы өзінің қолы 
арқылы атқарған ісін растауы қажет еді. Кезекті қаралатын іс бой-
ынша кеңес мүшелері мәслихат өткізіп, соңында жалпы шешім не-
месе көпшілік дауыстың шешімінің қорытындысын орыс кеңесшісі 
жинақтап  хаттамаға  түсіреді.  Нәтижесінде  сол  құжат  кеңес  бас-
шысы,  орыс  көмекшісі,  қазақтардан  ұсынылған  кеңесшілер  және 
іс  жүргізушілердің  қолдары  арқылы  расталды.  Егер  атқарылып 
отырған іс бойынша ортақ пікір болмаса, бұл жағдайда іс Орынбор 
шекара комиссиясына тапсырылды. Сондай-ақ, қазақ-татар тілінде 
келіп  түсетін  істер  де  жоғарыда  аталған  тәртіп  бойынша  жүзеге 
асты.  Орыс  кеңесшісінің  қолымен  резолюция  жазылды.  Кеңестің 
келтірген резолюциясы мен шешімінің мағынасы заңға қарсы келсе, 
оған кеңес басшысы және барлық кеңес мүшелері жауапты болды. 
Ал қаралған іске нақты сәйкестік таппайтын кемшіліктерге немесе 
іс  жүргізу  тәртібі  бойынша  кеткен  олқылықтарға  орыс  кеңесшісі 
мен іс меңгерушісі жауапқа тартылуы тиіс болды [7, 50-53 п.]. 
Уақытша кеңеске қатысты жалпы ереже мынадай:
1 Уақытша кеңестің басшысы мен оның кеңесшілерін (сұлтандар) 
шекара комиссиясының ұсынысымен Орынбор әскери губернаторы 
тағайындады.
2  Ішкі  ордаға  қатысты  істердің  басшысы  (орыс  кеңесшісі)  ше-
кара  комиссиясының  ұсынысымен  Орынбор  әскери  губернаторы 
тағайындады.
3  Кеңсе  басшысының  көмекшісін,  хатшыны,  рубасқарушылар 
жанындағы  хатшыларды,  аудармашыны,  шабармандарды  және  де-
путаттарды кеңестің өзі таңдап, тағайындайды және Орынбор ше-
кара комиссиясына хабарлайды.
4 Ахун, молдалар, азаншыларды Кеңестің ұсынысымен Орынбор 
мұсылмандар жиыны тағайындады.
5 Дәрігер, мал дәрігерін, орыс тілінің мұғалімі орыс әкімшілігімен 
тағайындалады.
6  Рубасқарушыларды,  арнайы  тапсырмаларды  орындаушы 
шенеуніктерді кеңестің ұсынысы бойынша Орынбор шекара комис-
сиясы тағайындады.
7  Жоғарыдағы  лауазымды  орындарға  тағайындалған  адамдарды 
осы орынға бекіткен жерлерден өз қызметтерінен босатылып отырды.

111
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
Ішкі орда жұмысына өзгерістер жасау арқылы патша әкімшілігі 
бұрынғы хандық биліктің беделін жойып, енді бас көтерместей етіп 
әлсіретіп  тастады.  Бөкей  хандығының  құрылу  тарихына  үңілсек 
рубасқарушыларды  алғашқы  кезде  бұқара  халық  өзі  сайлап,  өзі 
шеттетіп  отырған  болатын.  Ал  Жәңгірдің  билікке  келуінен  кейін 
хан  барлық  билікті  өз  қолына  алып,  рубасқарушыларды  да  өзі 
тағайындады. Уақытша кеңесті құру негізінде бұл жауапты іс Орын-
бор әкімшілігі арқылы жүзеге асқан.
Патша әкімшілігі жасаған Ережедегі жалпы міндеттер бойынша 
уақытша кеңеске қойылатын талаптар толығынан сипатталады. 
зерттеуден  туған  ой,пікір,  тұжырымдарды  қорытындыласақ, 
біріншіден,  Ішкі  ордада  Ресей  билігінің  орнығуының  алғашқы 
кезеңінде  патша  әкімшілігі  жергілікті  ақсүйек-феодалдар  мен 
сұлтан,  қожаларға  сұйене  отырып,  олардың  қазақ  қоғамындағы 
билік  жасау  рөлін  нығайтуға  күш  салды  және  мұрагерлік  басқару 
жүйесін құптады. Патша әкімшілігі төре тұқымдарына билікті бе-
румен бірге оларға жерді тегін беріп, салық төлеуде жеңілдіктер жа-
сады, әр түрлі марапаттар жасап, сыйлықтар беріп, өздеріне қызмет 
ету ісін жүзеге асырды.
Екіншіден, Жәңгір ханның кенеттен өмірден озуы Ішкі орданың 
қоғамдық-саяси өміріне айтарлықтай өзгерістер әкелді. Сол сәттен 
бастап  патша  әкімшілігі  хандық  жүйені  жойып,  оның  орнына 
өздерінің басқару үлгісіндегі әкімшілік-территориялық билігін орна-
туды қолға алды. Бірақ, патшалы Ресей бұл іс-шараларын жергілікті 
тұрғындардың дәстүр, өмір сүру ережелерін, кәсібін ескере отырып, 
аса сақтықпен, біртіндеп өмірге енгізді.
Үшіншіден,  Уақытша  кеңес  тұрақты  атқарушы  орган  ретінде 
1846  жылдың  басында  құрылып,  оны  басқаратын  қызметкерлер 
тобы  жасақталды,  Уақытша  кеңестің  міндеттері  белгіленді.  Ішкі 
ордадағы Уақытша кеңес ай сайын Орынбор әскери губернаторына 
немесе Орынбор шекара комиссиясына атқарған жұмыстары туралы 
есеп беріп тұрды. Бұдан сол мекеменің жоғары жақтың нұсқауымен 
жұмыс істейтіні танылады.
Төртіншіден, Уақытша кеңеске қатысты жалпы ережеде бұл меке-
ме атқаратын жұмыстар, іс-шаралар рет-ретімен нақты көрсетілген. 
Уақытша  кеңес  Ішкі  орданың  барлық  ісіне,  тыныштығына  жауап 
береді,  30  рубльден  аспайтын  заң  бұзушылықты  Уақытша  кеңес 
мүшелері  бірлесіп  шеше  алады,  ал  ірі  заң  бұзушылық  әрекеттер 
Орынбор  әкімшілігі  арқылы  шешілетін  болды.  Бұдан  байқалғаны, 
хандық билік жойылғанға дейін-ақ, Ішкі ордадағы сот билігін патша 

112
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚОҒАМ. ТАРИХ. МӘДЕНИЕТ
әкімшілігі өз қолдарына алып қойған еді. Ішкі орданы басқарудағы 
жаңа  реформа  1836-1838  жылдардағы  шаруалар  көтерілісімен 
сабақтасып жатыр.
Бесіншіден,  Ішкі  ордада  алғаш  рет  полицейлік  басқару  осы 
ереже  бойынша  іске  асты.  Рубасқарушыларының  міндеттері  жай-
лы  ережеде  олар  салық  жинау,  даулы  мәселелер  шешімі  жөнінде 
Уақытша  кеңеске  дер  кезінде  жеткізіп  тұруы  керек  болды.  Патша 
әкімшілігі осы ереже арқылы Ішкі орданың билік жүйесін өздерінің 
губерниялық жүйесімен теңестіруге тырысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет