Қр президенті н назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан алмас арзықұлов



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата21.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#2402
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

№2(42) 2014
ҚР ПРезиденті н.назаРбаевтың 
Жолдауы ЖолдаРынан
 
алмас арзықұлов
Негізгі міндет – алға қойылған мақсаттарды 
жүзеге асыру  ....................................................  4
СыРтҚы СаяСат Және  
ҚауіПСіздік
айгүл тұяқбаева
Орталық Азия – Германияның сыртқы 
саясатында   ......................................................  9
дәулет байғара
Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 
теориялық-әдістемелік аспектілері ................. 19
ішкі СаяСат
лидия кармазина
Саяси жүйелердің ауыспалы кезеңінде 
Қазақстан мен Ресейде партиялық 
құрылыстың пайда болу жолдары және 
кезеңдері   ........................................................ 26
Гүлмира Сұлтанбаева 
Саяси коммуникацияның даму бағыттары:
Еуразиялық кеңістік және Қазақстан.............. 39
Ғабит Матаев 
Қазақстанда бизнес ортасын қалыптастыру 
бойынша мемлекеттік саясат: саяси-құқықтық 
аспектісі   .......................................................... 47
ЭконоМика
Санат Сатаев 
Коммуникациядан ақпараттық-коммуникциялық 
кеңістікке ........................................................... 54
МАЗМҰНЫ
ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ  ЖУРНАЛ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫң 
ПРЕЗИДЕНТI ЖАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ  
ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
2004 жылдан бастап
әр тоқсан сайын жарық көредi
Бас редактор
 
болат СҰлтанов,
ҚР Президентi жанындағы
ҚСЗИ директоры
Жауапты редактор
Үлес ныСанбек
шығаруға жауапты:
А. Арзықұлов
беттеу
А. Жұмағалиева
Редакция мекен-жайы
:
Қазақстан Республикасы,
050010, Алматы қаласы,
Достық даңғылы, 87-б
ҚР Президентi жанындағы ҚСЗИ
Телефон (727) 264-34-04
Факс (727) 264-49-95
E-mail: office@kisi.kz
www.kisi.kz
Журнал Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрлiгiнде 2003 ж.
19 желтоқсанда тiр келiп, тiркеу туралы

 4526-Ж куәлiк бе рiлген.
Индекс 74007
Журналда жарияланған материалдарды
көшiрiп басқан, микрофильмдеген
жағдайда журналға сiлтеме жасалынуы
мiн деттi. Жарияланған мақала
авторларының пiкiрi редакция
көзқарасын бiл дiрмеуi мүмкiн.
ЖК «Волкова Е.В.» баспаханасында 
басылып шығарылды.
050010, Алматы қ., Райымбек даң., 212/1.
Таралымы 500 дана.

2
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
МАЗМҰНЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ПРЕЗИДЕНТIНIң ЖАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ  
ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ  ЖУРНАЛ
ләзиза Құрманова
Қазақстанның корпоративті басқару моделін 
таңдаудағы мәселесі ....................................... 60
ҚоҒаМ, таРих, Мәдениет
орынгүл табылдиева 
ХХ ғасырдың басындағы Маңғыстау өңіріндегі 
білім беру ісінің жағдайы ................................. 71
амангелді төлемісов
Заң актілерінің  тарихи дерек көзі ретіндегі 
ұғымдық және терминдік проблемалары ....... 85
Мырзабай Мейірбеков 
Оңтүстік Қазақстан жеріне көшірілген халықтар 
(1926-1959 жж.) ................................................ 91
Қарлығаш нұрмұхамет
Ортағасырлық түркілік қоғамның әлеуметтік 
санасының ерекшеліктері ............................... 97
Сейілхан тоқболат
Ішкі (Бөкей) орданы басқарудағы Уақытша 
кеңестің құрылуы және Ресей әкімшілік 
бюрократиялық жүйесінің қалыптасуы   ....... 107
түйіндеме .......................................................113

3
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ
Булат СУЛТАНОВ 
–  председатель редакционного совета, директор 
 
 
 
Казахстанского института стратегических 
 
 
 
исследований (КИСИ) при Президенте РК, доктор 
 
 
 
исторических наук
Улес НЫСАНБЕК 
–  ответственный редактор, заместитель директора 
 
 
 
КИСИ при Президенте РК, кандидат 
 
 
 
экономических наук 
Рахман АЛшАНОВ 
–  президент образовательной корпорации «Туран», 
 
 
 
президент Ассоциации высших учебных заведений 
 
 
 
РК, доктор экономических наук, профессор
Маулен АшИМБАЕВ 
–  депутат Мажилиса Парламента РК, председатель 
 
 
 
Комитета по международным делам, обороне 
 
 
 
и безопасности, кандидат политических наук 
Камал БУРХАНОВ 
–  депутат Мажилиса Парламента РК, доктор политических 
 
 
 
наук, профессор 
Санат КУшКУМБАЕВ  –  заместитель директора КИСИ при Президенте РК, 
 
 
 
доктор политических наук
Баглан МАйЛЫБАЕВ  –  заместитель Руководителя Администрации 
 
 
 
Президента РК, доктор юридических наук
Лейла МУзАПАРОВА  –  первый заместитель директора КИСИ при Президенте 
 
 
 
РК, кандидат экономических наук
Марат шАйХУТДИНОВ  –  заместитель Секретаря Совета Безопасности
 
 
 
Республики Казахстан, доктор исторических наук,
 
 
 
профессор 
зарема шАУКЕНОВА  –  директор Института философии, политологии 
 
 
 
и религиоведения КН МОН РК, доктор 
 
 
 
социологических наук, профессор, член-корреспон-
 
 
 
дент НАН РК

4
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРезиденті н. назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан 
Негізгі міндет – алға 
қойылған мақсаттарды 
жүзеге асыру
алмас аРзыҚҰлов,
ҚР Президенті жанындағы 
ҚСЗИ-дың бөлім меңгерушісі
О
сы  жылдың  17  қаңтарында  Астанада  ҚР 
Парламентінің  қос  палатасының  біріккен  оты-
рысында  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назар-
баев  жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  Жолдауы 
«Қазақстандық  жол  –  2050:  Ортақ  мақсат,  ортақ 
мүдде, ортақ болашақ» атты Жолдауын жолдады.  Бұл жолы Пре-
зидент  Жолдауын  алғаш  рет  Тәуелсіздік  Сарайында  жолдады. 
1997 жылдан бері бұл Жолдауы Президенттің Қазақстан халқына 
стратегилық Жолдауларының 18-іншісі болды.
Мемлекеттің  ішкі,  сыртқы  ахуалына  сараптама  жасап,  бағыт-
бағдарын айқындап, әлемде болып жатқан құбылыстарға баға беретін 
Президентінің  халыққа  Жолдауын  қазақстандықтар  жыл  сайын 
ерекше  ықыласпен  күтетін  саяси  өміріміздің  елеулі  көрінісіне  ай-
налды. Осы тұрғыдан қарағанда, биылғы Жолдаудың жылдағыларға 
қарағанда ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік жаһандық экономикалық 
кеңістіктегі  орын  алған  дағдарысты  жағдайды  еңсеруде  қандай 
бағыт  ұстанатындығымызбен  байланысты.  Осы  орайда  қоғамды 
толғандырып  отырған  бірнеше  сұрақтар  туындауда:  Дағдарыстан 
шығудың  жолы  бар  ма?  Бұрынырақ  қабылданған  әлеуметтік 
бағдарламалар жалғасын таба ма? Алға қойған мақсат-міндеттеріміз 
қандай? Бағыт-бағдарымыз айқын ба?
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың  2013  жылы  Қазақстан  халқына 
Жолдауында осы сұрақтарға толық жауап берілді, халықтың рухы 
көтеріліп, сенімі тұрақтандырылды деуге негіз бар. Өйткені биылғы 
жолдау-үндеуде барша әлемді алаңдатып отырған күйзеліс кезеңінен 

5
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРезиденті н. назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан 
ширығып  шығудың  жолдары  қарастырылған.  Президент  өз  Жол-
дауында  бүгінгі  қалыптасып  отырған  экономикалық  дағдарысқа, 
оның елімізге тигізіп жатқан әсеріне, соған байланысты Үкіметтің 
атқарып  жатқан  шараларына  қатысты  бірқатар  мәселелерді  жан-
жақты баяндап берді.
Тұтастай  алғанда,  Жолдаудың  басты  мазмұны  –  дағдарыс 
жағдайына  қарамастан,  еліміздің  стратегиялық  басымдықтары 
өзгеріссіз  қалатындығында  жатыр.  Әйтсе  де,  дағдарыстың  әсерін 
ескере  отырып,  қабылданған  жоспарларға,  түрлі  бағдарламаларға 
кейбір  өзгерістер  енгізілетін  болады,  бұл  жағдай  мемлекет 
саясатындағы әлеуметтік басымдықтарға кері ықпалын тигізбейді. 
Аталған  құжаттағы  көңіл  бөлетін  мәселелердің  бірі  -  дағдарыс 
уақытында елдің дамуының ішкі резервтерін кеңінен пайдалану, яғни 
тиімді мемлекеттік саясат жүргізу, барлық деңгейдегі шенеуніктердің 
бірдей жауаптылығын және қоғамның өзара ынтымағы мен бірлігін 
арттыру. 
Біздің  болашағымыз  үшін  ең  басты  мәселе  –  елдегі  әлеуметтік 
тұрақтылық. Осы орайда Елбасы өз Жолдауында бұған дейін айтылған 
барлық әлеуметтік қолдаулар толығымен орындалатындығына сенім 
білдірді.  Президент  оларды  қалай  игеру  жөнінде,  халық  арасында 
жұмыс ұйымдастыруда Үкіметке азаматтық қызметкерлердің еңбегін 
өтеудің  жаңа  моделін  әзірлеуді  тапсырды.  «Үкіметке  азаматтық 
қызметкерлердің  еңбегін  өтеудің  жаңа  моделін  әзірлеп,  2015 
жылдың  1  шілдесінен  бастап  енгізуді  тапсырамын.  Ол  денсаулық 
сақтау  қызметкерлерінің  жалақысын  -  28  пайызға  дейін,  білім  са-
ласы  қызметкерлерінің  жалақысын  29  пайызға  дейін,  әлеуметтік 
қорғау  қызметкерлерінің  жалақысын  40  пайызға  дейін  арттыруды 
қамтамасыз етеді», - деді.
Сондай-ақ, Елбасы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектігі 
бойынша және асыраушысынан айырылуы тұрғысындағы әлеуметтік 
жәрдемақылары  көлемін  25  пайызға  арттыруды  тапсырды. 
«Мүгедектер бірлестігінің құқықтық базасының қызметін жетілдіру 
керек.  Атап  айтқанда,  олармен  барлық  мемлекеттік  органдардың 
жұмысын күшейту қажет, яғни Үкіметтен бастап жергілікті әкімге 
дейін», - деді Президент.
Н.  Назарбаев  өз  сөзінде  мүмкіндігі  шектеулі  адамдар  үшін 
Қазақстан еш кедергісіз аймақ болуы тиіс екенін қадап айтты.
Қазақстанда  мемлекеттік  қызметшілердің  еңбекақысы  2015 
жылғы 1 шілдеден бастап 15%, 2016 жылғы 1 шілдеден бастап тағы 
15%  арттырылады.  «Үкіметке  келер  жылдың  шілде  айынан  «Б» 

6
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРезиденті н. назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан 
корпусы мемлекеттік қызметкерлерінің жалақысын он бес пайызға 
дейін арттыруды жүктеймін. Ал 2016 жылдың шілдесінен тағы он 
бес пайызға артатын болсын», - деді Назарбаев халыққа жасаған ба-
яндамасында.
Президент  бұған  дейінгі  сапалы  білім  алуға  ниеттенген 
ізденушілерді қолдау мақсатындағы шәкіртақыларды 2010 жылы 25 
пайызға, 2011 жылы 30 пайызға көбейетіндігін еске алып, Үкімет 
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап шәкіртақы көлемін 25 пайызға 
көтеретін  болады.  Міндетті  медициналық  сақтандыруды  енгізу 
мәселесін зерттеп, зерделеген жөн», - деді Елбасы. 
Әйтсе де, атқарылып жатқан ауқымды шаралармен қоса, Жолда-
уда дағдарыс кезеңінде және одан кейін еліміздің дамуының басым 
бағыттарын  белгілейтін  жаңа  жоспар  қабылау  ұсынылды.  Алдағы 
екі  жылда  экономиканы  жаңғырту  және  еңбекпен  қамту  стратеги-
ясын жүзее асыруға 600 млрд. теңге жұмсаады. Яғни, шикізат са-
удасынан  түсетін  түсім  бұрынғыдай  Ұлттық  қорға  аударылмай, 
ұлттық  экономикамызды  жаңғыртуға  жұмсалады.  Бұл  уақытша, 
бірақ қажетті шара қазіргі кездегі қолымызда бар қаржылық қорды, 
яғни, 47 млрд. АҚш долларын сақтауға мүмкіндік береді. Дағдарыс 
ұзаққа созылған жағдайда бұл қаражат тұрақтылығымызға кепіл бо-
лып тұрады. 
Қаржылық  қиындықтан  аз  шығынмен  шығудың  тағы  бір  жолы 
ретінде бюджеттің барлық баптары бойынша қатаң үнем жасау және 
қаржы жұмсауға мұқият болу қарастырылған. Осыған орай, Елба-
сы  Үкіметке  ел  бюджетінің  шығындарын  оңтайландыруды  және 
апталық  мониторинг  режімінде  бюджет  қаржысының  жұмсалуын 
қатаң қадағалауды тапсырды. 
Мемлекет  басшысы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  көптеген 
мәселелермен қатар, халықты жұмыспен қамту жайына да ерекше 
назар аударды. Ел экономикасын арттырудың да, әлеуметтік ахуалды 
сауықтырудың  да  ең  басты  жолы  –  еңбек  жасындағы  адамдардың 
экономикалық  бастамашылдығын  арттырып,  іскерлік  қабілетін 
танытуына  жағдай  жасау,  жұмыссыздықты  жою.  Әлемдік  қаржы 
дағдарысы жағдайында еліміздің жұмыспен қамту стратегиясы кад-
рларды қайта оқыту мен қайта дайындауға бағытталмақ, яғни бұл 
мақсатқа миллиардтаған теңге жұмсалуы жоспарланған. Мемлекеттің 
қоғамдық жұмыстарды қоспағанда кем дегенде 350 адамға жаңадан 
жұмыс орында-рын ашып беруге мүмкіндігі бар. Жаңа жұмыс ор-
нын жасау, қоғамдық қызметтер көбейту өңірлік дамуға да оң ықпал 
етпек.  Еңбек  рыногын  дамыту  мәселесі  коммуналдық  желілерді 

7
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРезиденті н. назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан 
жөндеу,  тас  жолдар  төсеу,  мектептер  мен  ауруханаларды  жаңалау 
арқылы шешімін таппақ. 
Әрине,  ғаламдық  қаржылық-экономикалық  дағдарыс  әкелген 
қиындықтарды  уақытша  құбылыс  ретінде  қабылдап,  соған 
қарамастан,  отандық  экономиканы  жаңғырту  мен  базалық 
инфрақұрылымды  дамытуды  жалғастыру  шарт.  Осы  мәселеге  де 
Жолдауда  айрықша  көңіл  бөлінген.  Соның  ішінде,  ең  алдымен 
болашағы  бар  инвестициялық  жобалар  қаржыландырылатындығы 
көзделген.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Жолдауында ауыл шаруашылық са-
ласын  бәсекеге  қабілетті  өнімдерді  мол  өндіріп,  оны  экспортқа 
шығарып,  еліміздің  бюджетін  тұрақты  түрде  толықтырып  отыра-
тын  рентабельді  салаға  айналдыру  міндетін  қойды.  Осы  шаралар 
арқылы біз бір уақытта екі маңызды міндетті шеше аламыз. Оның 
біріншісі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі – экс-
портты  әртараптандыру.  Осылайша,  экономиканың  өзге  салалары 
сияқты агроөнеркәсіп саласы да бәсекелестікке қабілетті бола ала-
ды. Бұл бір жағынан ауылдағы көңіл күйді жақсартады, ауылдықтар 
жұмыспен  қамтыла  бастайды,  екінші  жағынан,  ауылдың  кейпін 
көркемдеуге мүмкіндік туады. Бізде қазір төрт мыңдай ауылдық елді 
мекен бар, онда халқымыздың 47 пайыздайы тұрады, ендеше, бұл – 
біздің келешегіміз, игі бастама. 
Сонымен бірге, биылғы Жолдауда жергілікті тауар өндірушілерге 
қолдау  көрсетуге  мән  берілген.  Егер  де,  сол  өңірдің  дамуына 
және  мемлекеттің  экономикалық  өсуіне  қажетті  өндіріс  орын-
дары  жергілікті  жерлерде  бүгін  жоқ  болса,  оларды  ашу  жайы, 
сол  арқылы  бизнестің  мүмкіндігін  арттыру  мәселесі  де  айтыл-
ды.  Әкімшілік  кедергілерді  қысқарту  жөніндегі  жұмыстар  та-
банды  жалғастырылуда.  Ал  бұл  жұмыстардың  өңірлерде  тиімді 
атқарылуының жауапкершілігі жергілікті әкімдердерге жүктеледі.
«Үкімет ағымдағы жылдың 1 тоқсанының соңына дейін төртінші 
мұнай өңдеу зауыты мен атом электр стансасын орналастыру, инве-
стициялау және салу мерзімі бойынша мәселелерді шешуі керек», 
-  деді  Қазақстан  Президенті.  Бұл  ретте  Қазақстан  Президенті  газ, 
мұнай  сынды  табиғи  отынға  бай  елде  атом  электр  стансасының 
неліктен қажет екендігін де тарқата айтып берді. Үкімет қолға ала-
тын шаруаларды халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін 
баса айтты. «Болашақ атом электр стансасында», - деді Елбасы.
«Біз  әкімшілік  реформаны  жүргізудеміз.  Бұл  қажет  емес 
қағазбастылық пен құжат айналымның қолайсыз үдерісіне айналма-

8
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ҚР ПРезиденті н. назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан 
уы тиіс. Бүгінде әкім жұмысын бағалау миллиондаған құжатқа айнал-
ды. Мен Білім және ғылым мен Денсаулық сақтау министрліктерінде 
қанша құжат айналымы болып жатқандығы туралы айтқан болатын-
мын. Осы мәселені қараңдар да, бұл қағаздың барлығын жойыңдар. 
Осы қағаздардың ар жағында кабинеттерді иеленіп отырған адамдар 
отыр. Үкімет аппараты Президент аппаратымен бірге осы бағытта 
жұмыс істеуі қажет», - деді Президент.
Жалпы,  кез  келген  қиыншылықтың  пайдалы  жақтары  да  бола-
ды,  биылғы  Жолдауда  көпшіліктің  ойында  жүрген,  осы  уақытқа 
дейін  тиісті  мән  берілмей  келе  жатқан  мәселелер  айтылып,  оларды 
шешудің жолдары көрсетілген. Дег енмен, жоғарыда қарастырылған 
мәселелер,  көп  жағдайда  халықтың  өз  қолымен  өзі  үшін  жаса-
латын,  қандай  дағдарыс  немесе  қиын  жағдай  болып  жатса  да  өз 
дәрежесінде атқарылатын жұмыстар. Осы орайда басты мәселе - әр 
жеке тұлға салқынқандылық танытпай, масылдыққа бой алдырмай, өз 
мүмкіндігін пайдалана біліп, бар күш-жігерін жұмылдыра алуында.
Осыдан 1 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның 2050 жылға 
дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еткендігін атап өткен 
Мемлекет  басшысы:  «Соның  ішіндегі  ең  басты  мақсат  -  елімізді 
дамыған 30 елдің арасына енгізу. Ол мәңгілік Қазақстан жобасы. Ел 
тарихына нық қадам басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті болып та-
былады»,- деді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті еліміз 22 жылдың 
ішінде қыруар іс тындырғанын баса айтты. «Біз үлгілі дамудың өзіндік 
моделін  қалыптастырдық.  Әрбір  отандастарымыздың  жүрегінде 
еліне  деген  шексіз  мақтаныш  сезімін  ояттық.  Қазақстандықтар 
ертеңіне, елдің болашағына сеніммен қарайтын болды», - деді мем-
лекет басшысы.

9
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
Орталық Азия – 
Германияның сыртқы 
саясатында
айгүл тҰяҚбаева, 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
 университеті оқытушысы
1990
жылдардың  басындағы  үрдістер 
халықаралық  қатынастар  сипатын 
түбегейлі өзгертті. КСРО ыдырады, 
онымен  бірге  әлемдегі  биполярлы 
жүйе  күйреді.  Ғаламдық  күштер  балансының  бұзылуы  жергілікті 
қақтығыстарды,  этносаралық  және  конфессияаралық  бірқатар 
мәселелерге әкелді. Лаңкестік, экстремизм және сепаратизм сияқты 
қауіпсіздік саласында бұған дейін белгісіз болған шиеленістер пайда 
болды. Ғаламдану тенденциялары тұрақты сипатқа иелене бастады.
Мұның  барлығы,  әрине,  Орталық  Азиядағы  жағдайға  өз 
ықпалын  тигізбей  қоймады.  Қазіргі  халықаралық  қатынастарда 
Орталық Азияның өзіне тиісті геосаяси орны анықталып, аймақта 
халықаралық қауымдастық акторларының мүдделері өзара түйісуде. 
XX-шы ғасырдың 90-шы жылдарынан қалыптаса бастаған жаңа 
геосаяси  жағдайда  Германия  федеративті  үкіметі  батыстық  мем-
лекеттер  қатарында  алғашқылардың  бірі  болып,  Орталық  Азия 
елдерімен байланысын олардың тәуелсіздіктерін мойындаудан және 
де дипломатиялық қатынастарды ашудан бастады. 
Германия федеративті республикасының осындай қадамдарынан 
орта-азиялық  аймақтың  неміс  сыртқы  саясатында  алатын  орны 
ерекше екендігі сол кездің өзінде ақ байқалған. Қазіргі уақыттағы 
Германияның  аймақпен  екіжақты  қарым  қатынасы  белсенді  түрде 
дамуда. Сонымен қатар, Орталық Азиядағы Германияның қатысуы 
басқа  еуропалық  және  кейбір  батыс  елдерімен  салыстырғанда 
беделді.  Ол  жайында,  бундестаг  мүшесі  Хольгер  Хальбах  былай 
дейді:  «...Орталық  Азия  ертеден,  сонау  90-шы  жылдардың  басы-

10
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
нан Германия сыртқы саясатында маңызды роль ойнап келді. Гель-
мут Коль мен Ханс-Дитрих Геншердің үкіметі ОА мемлекеттерінің 
тәуелсіздігін  мойындаған,  олармен  дипломатиялық  қатынастарды 
орнатқан  әлемдегі  үкіметтер  ішінде  алғашқылардың  бірі  болып 
саналады.  Федеративті  үкіметтің  осы  бағытты  қайта  қолға  алуы, 
ОА-ны өзінің сыртқы саясатының маңызды құрамды бөлігі ретінде 
қарастыруы, сонымен қатар ЕО-та өзінің төрағалық етуі барысын-
да  аймақтың  маңыздылығын  белгілеуі  орынды  және  өз  жалғасын 
тапқан  үдеріс  деп  бағаланады»  [1].  Немесе  федеративті  үкіметтің 
штатс-министрі  Г.  Эрлердің  айтқанындай:  «ОА-да  Германияның 
мүдделері  мен  ықпал  ету  мүмкіндіктерінің  бары  анық.  Біз  өз 
мүдделерімізді көздеуіміз және ықпал ету мүмкіндіктерімізді пай-
далануымыз қажет, өйткені, бұл аймақ біз үшін маңызды» [2]. Одан 
басқа неміс саясаткерлерінің көзқарасындағы ОА ның маңыздылығы 
төмендегідей сөз тіркестерінде жиі кездеседі: «Орталық Азия Гер-
мания және ЕО үшін қауіпсіздік саласындағы мәселелер барысын-
да  маңызды.  Орталық  Азия  мемлекеттері  тек  қана  Ауғанстанның 
көршілері емес. Өзбекстан біз үшін ISAF әскерлеріне логистикалық 
мақсатта орналастырылған Термездегі бундесвер әскерлерінің база-
сына байланысты маңызды, бұл біріншіден. Екінші мәселе, бізге бұл 
елдер есірткі және лаңкестікпен күресуде қажет. Үшінші мәселе ол 
– энергетикалық қауіпсіздік мәселесі, өйткені біздің энергетикалық 
қорымыздың азаюына байланысты ОА-дағы газ қорына мүдделіміз. 
Сол себептен де біз аймақ елдерін өз жағымызға қарай тартуымыз 
керек. Қазіргі кезде елдегі сыртқы саяси шешімдерді қабылдау ше-
телден келуге тиісті импортқа тәуелді болып қалған. Осы жағдайды 
ескеретін болсақ,  Орталық Азияның маңызы шешуші роль ойнайды 
және аймаққа мүдделіміз. Сонымен қатар, біз жақсы экономикалық 
қатынастарымызды  дамытуымыз  үшін  Орталық  Азия  елдерінің 
ұзағынан тұрақты дамуына мүдделіміз. Алайда біздің экономикалық 
қатынастарымыз, сонымен қатар аймақтың өзіндік дамуы үшін де 
ОА мемлекеттерінде құқық және демократия негіздерінің қалануы 
бізге міндет...»
Бұл келтірілген пікірлер Германияда ОА аймағының неміс сыртқы 
саясатында алатын орнының маңыздылығын және оны федеративті 
үкіметтің  еуропалық  елдер  ішінде  алғашқы  болып  түсінгендігін 
дәлелдейді.
Қазақстандық  сараптаушы,  ҚР  Тұңғыш  Президенті  Қоры 
жанындағы  халықаралық  экономика  және  саясат  институ-
ты  «халықаралық  саясат»  бөлімінің  меңгерушісі  А.  Нуршаның 

11
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
пікірінше,  «Неміс  сараптаушылары  мен  саясаткерлері  ОА-
ны  еуропалық  қауіпсіздік  жүйесінің  құрамды  бөлігі  ретінде 
қарастырады, дәлірек айтқанда, аймақ есірткі, лаңкестік әрекеттері 
мен экстремизм ағымдары сияқты қауіп-қатерлердің Еуропаға қарай 
тасымалдануына  тосқауыл  бола  алатын  «қауіпсіздіктің  оңтүстік 
белбеуі» ретінде танылады» [3].
Сонымен қатар, қазақстандық проф. Ж.Ибрашевтің анықтамасы 
бойынша,  неміс  сыртқы  саясатында  өзге  еуропалық  елдерге 
қарағанда  азиялық  бағыт  басымырақ  келеді  [4].  Бұл  анықтаманы 
растайтын  құбылыс  ол  қазіргі  кезеңдегі  еуропалық  саясатта  бой 
алған  кеңею  үдерісінің  Германия  экс-президенті  Г.  Кольдің  әйгілі 
„Drang nach Osten“ деп аталатын бағытынан өріс алатындығы анық 
көрсеткіш [5]. 
Еуропалық Одақтың  Орталық Азиядағы арнайы өкілінің кеңесшісі 
Иенс  Байкюфнердің  баяндамасына  сәйкес  Еуропаның  назарында 
аймақтың  геостратегиялық  ұстанымы  төмендегідей  бейнеленеді:  
«Аймақтың осы ұстанымы Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретінде 
және  халықаралық  қауымдастықтың  Ауғанстандағы  бейбітшілікке 
жету барысында маңызды жетістік бола алады. Осы тұрғыда аймақта 
ИСАФ  әскерлері  орналастырылып,  әуежайлар  пайдаланылды.  ЕО-
тың аймақтағы қатысуы саяси және экономикалық тұрақтылық сала-
сында көрінді. Ең басты маңыздылық ол Ауғанстандағы жағдайды 
бейбіт  шешімге  келтіру  және  бүкіл  аймақты  бірізді  тұрақтандыру 
үшін  Пакистанмен  арадағы  мәселені  шешу  қажет.  Оның  үстіне, 
Иран  өзінің  нуклеарлы  амбицияларымен  ЕО  үшін  жайсыздық 
туғызады.  Ортаазиялық  мемлекеттер  Иран  үкіметіне  өздерінің 
ықпалын жүргізуі қажет, себебі осы елдердің бейтараптық таныту-
лары Тегеран тұрғысынан құптаушылық деп түсінілуі мүмкін. Со-
нымен қатар, өзінің ұзақ мерзімдік ұстанымын бекіту үшін Қытай 
ОА-мен экономикалық қатынастарын дамытуды басшылыққа алуда. 
Пекиннің  аймақ  бағытында  газ  және  мұнай  құбырларын  жүргізуі 
ОА-ның  Ресейге  энергетикалық  экспорт  бағаларын  белгілеуде  өз 
ұстанымдарын күшейтуіне әкелді» [6].
Байкюфнердің келтірген жорамалдары, ОА елдерінің тек табиғи 
қазба  байлықтарына  ие  болуының  нәтижесінде  ғана  емес,  соны-
мен  қатар  геосаяси  жағдайдың  қалыптасуына  байланысты  аймақ 
тарапынан  дамитын  ұстанымдар  балансының  келешекте  тиімді 
функциялық  ықтималдылығын  меңзейді.  Осы  тұрғыда  Орталық 
Азияның маңыздылығы Германияның сыртқы және еуропалық сая-
сатында айқын көрсетілген.  

12
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
2001  жылғы  қыркүйек  оқиғасынан  кейін  Германия  федеративті 
республикасының сыртқы саяси бағытында Орталық Азия аймағына 
қатысты  «экономикалық  ынтымақтасу  бойынша  федеративті 
министрліктің»  (18.12.2001)  [7]  және  оның  ізінше  федеративті 
үкіметтің  (18.03.2002)  ресми  концепциясы  қабылданды.  Ол 
концепцияның негізгі мақсаттары мынадай [8]:
1.  Демократиялық 
және 
мемлекеттердегі 
құқықтық 
құрылымдарды нығайту;
2.  Экономикалық  реформаларға  және  кедейшілікпен  күреске 
қолдау көрсету;
3.  Трансмемлекеттік ынтымақтастыққа қолдау көрсету. 
Осы  концепцияларындағы  мақсаттарын  Германия  екі  себептен 
еуропалық саясат контекстінде жүзеге асыруды жөн көрді. 
Біріншіден,  Германияның  ортазиялық  елдермен  байланысының 
негізі  аймақтық  қауіпсіздік  мәселесін  қамтитындығы  белгілі,  ал 
оның  ұлттық  қауіпсіздігі  негізгі  заңында  көрсетілгеніндей  елдің 
қайта бірігуінен бері ортақ еуропалық тұтастықты сақтаумен тығыз 
байланысты [9]. 
Екіншіден,  еуропалық  кеңеюді  басшылыққа  алған  неміс 
ұстанымы  ортазиялық  елдерімен  қарым-қатынасты  еуропалық 
«бейбіт  көршілік  саясаты»  шеңберінде  нығайта  түсу  ұтымды  деп 
есептейді.
Осылайша,  Германияның  орта-азиялық  концепциясының 
негіздері  еуропалық  саясат  шеңберінде  жүзеге  асырыла  бастады: 
яғни ең алдымен, ЕО «Орталық Азия қатысындағы 2002-2004 жж. 
арналған бағдарламасы мен 2002-2006 жж. арналған стратегиялық 
құжатын»  қабылдаса,  2007  жылдың  1-ші  жартыжылдығында 
Германияның  төрағалық  етуі  барысында  «Еуропалық  Одақ  және 
Орталық  Азия:  жаңа  серіктестікке  бағытталған  стратегия»  атты 
құжатын қабылдады.
ЕО  тың  2002-2006  жж.  арналған  стратегиялық  құжатында  үш 
түрлі мүдделер көзделген, яғни қауіпсіздік, саяси және әлеуметтік 
шиеленістердің алдын алу және энергетикалық сұраныстарды толты-
ру [10]. Бұл құжаттың Еуропа елдеріне тән болғандықтан, қосымша 
енгізілген мүдделер ол  энергетикалық элемент болып отыр. Оның 
себебі  түсінікті,  аймақта  бұрын  соңды  ортақ  еуропалық  құжат 
қабылданбаған  болатын,  алайда  ортақ  құжат  қабылданғанға  дейін 
Германиядан өзге бірқатар еуропалық елдердің мүдделері ОА дағы 
энергетикалық салада шоғырландырылды. Бұл салаға Германияның 
әйгілі  компаниялары  тартылмағанымен  де,  федеративті  үкіметтің 

13
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
осы  ретте  өз  ұстанымдары  болды.  Ол  ұстаным  неміс  социал-
демократтардың  Каспий  өңіріне  қатысты  концепциясында  [11] 
жақсы бейнеленген. 
ЕО  тың  ОА  ға  қатысты  2002-2006  жж.  арналған  стратегиялық 
құжатында көрсетілген қалған екі мүдделері, яғни қауіпсіздік пен са-
яси және әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мүдделері Германия 
үкіметінің  концепциясында  қойылған  негізгі  мақсат-міндеттермен 
ұштасады. 
ЕО  тың  ОА  ға  қатысты  2002-2006  жж.  арналған  стратегиялық 
құжат  әуелден  толықтыруды  қажетсінетін  уақытша  құжат  болып 
қабылданған. Оның үстіне, бұл құжатқа ОА-да 2005 жылдарда орын 
алған саяси оқиғалардан кейін, неміс ғылыми және саяси топтары 
арасында үлкен сын тағылды. Мысалы, А. Варкочтің тұжырымдауы 
бойынша,  аталған  стратегиялық  құжатта  көрсетілген  мақсаттар 
мен  мүдделер  үйлеспейді,  екіжақтылықты  танытады,  оның  үстіне 
осы стратегияны жүзеге асыруға бөлінген қаржы көлемі аймақтағы 
Қытай, Ресей және т.б. акторларға қарағанда салыстыруға келмейді 
және    ықпал  ету  тетіктері  (Германияны  есепке  алмағанда)  дұрыс 
жүйелендірілмеген [12]. Сонымен қатар, оның ұсынысында құжатқа 
өзгертулер енгізілуі қажет делінген.
Сондықтан  да,  2007  жылдың  1-ші  жартыжылдығында 
Германияның  төрағалық  етуі  барысында  ЕО  тың  Орталық  Азияға 
қатысты  жаңа  серіктестік  стратегиясы  қабылданды.  Алдыңғы 
құжатқа  тағылған  сыни  ескертулерді  басшылыққа  ала  оты-
рып,  күтілгендей  ақ  бұл  серіктестік  стратегиясының  негізі  адам 
құқықтары  тақырыбы  айналасында  құрылған.  Жобаланған 
стратегияның  мақсаттары  сол  бұрынғы  неміс  концепциясында 
белгіленген қауіпсіздік және тұрақтылықты қалыптастыруға қолдау 
көрсету  басымдығы  төңірегінде,  яғни  аймақтағы  демократиялық 
және  құқықтық  жүйенің  қалыптасуына,  кедейшілікпен  күрес 
және  экономикалық  реформалаға  қолдау  көрсету  мен  аймақтық 
интеграцияны  дамытуға  үлес  қосу  шараларын  айналдырып  әкеп 
еуропалық  мемлекеттердің  аймақтағы  энергетикалық  мүдделерін 
күшейту тетігі арқылы әңгімені адам құқықтары диалогына тірейді. 
Мысалы,  ЕО  тың  ОА  ға  арналған  стратегиялық  құжатында  бы-
лай  деп  көрсетілген:  «ЕО  орта  азиялық  аймақта  қауіпсіздік  пен 
тұрақтылықты  қалыптастыруға  қолдау  көрсетуде  өз  үлесін  қосу 
үшін  аймақ  мемлекеттерінде  халықаралық  құқықтың,  құқықтық 
мемлекеттілік  және  демократиялық  құндылықтардың  нығайтылуы 
қажет  екендігіне  сенімді.  Сондықтан  да  аймақ  елдерімен  мақсат 

14
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
мүдделерді  ортақ  үйлесімге  келтіруіміз  қажет.  Осы  тұрғыда  ЕО 
аймақтың  әрбір  елімен  құрылымдық,  жиі  әрі  нәтижелерге 
жеткізетін  адам  құқықтары  саласындағы  диалог  шеңберінде 
адам құқықтары мәселелері бойынша жобаларды қарастырады [13].
Тарихи  тәжірибелерге  сүйенген  еуропалық  түсінікте  даму 
үдерісі  нарықтық  экономикаға  өту,  құқықтық  мемлекеттілікті  іс-
жүзіне  асыру,  адам  құқықтарын  сақтау  арқылы  сөзсіз  жүзеге  аса-
ды.  Демократиялық  ұмтылыстар  модернизациялану  стратегия-
сына  жетудегі  бірден-бір  талап  болып  саналады.  Алайда,  тарихи-
мәдени  жаратылысы  батыстық-еуропалық  жаратылыстан  анық 
ерекшеленетін Орталық Азияның бұл құндылықтарды қабылдаулары 
туралы сөздің ретін табу оңай болмайтыны белгілі.
Хольгер Хайбах сөзімен келтіретін болсақ, онда аймаққа қатысты 
еуропалық  стратегияда  мақсаттар  сондай  тиянақты  қойылған,  әрі 
аймақтағы  барлық  мәселелердің  шешімін  табу  міндеттері  жан-
жақты  қамтылып  кеткендігі  сондай,  оны  іс  жүзінде  жан-жақты 
қамтып  орындау  тиянақты  әрі  оңай  жолмен  бола  қоймайтындығы 
белгілі.
Ал  бұл  өз  кезегінде  Германияның  аймақтағы  саясатын  жүзеге 
асырудағы  диллеманы  көрсететіні  анық.  Өйткені,  Германияның 
бүгінгі  күнге  дейінгі  аймақ  елдерімен  дамытып  келе  жатқан 
қатынастары  позитивті  деп  бағаланады.  Әлбетте,  Германия  ОА 
аймағындағы  өз  беделінен  айырылғысы  келмейді.  Алайда,  батыс 
және  еуропалық  акторлар  арасында,  оның  ішінде  «Human  Rights 
Watch»  сияқты  үкіметтік  емес  ұйымдар  тарапынан  «Германияның 
ОА  елдерімен  позитивті  қалыптасқан  қатынастарын  айта  берудің 
қажеттілігі  орынсыз  нәрсе»  деген  ескертулер  тағылуда.  Бұл 
ескертудің мотивтері былай түсіндіріледі: «Германия үкіметі өзінің 
аймаққа  қатысты  концепциясында  белгілеген  мақсаттарына  жет-
кен  жоқ.  Оған  дәлел  ретінде  ОА  елдеріндегі  демократиялық  және 
құқықтық  жүйенің  қалыптасуының  орнына  авторитарлық  жүйе 
заңдастырылып,  құқықтың  нығайтылуы  әлсіз  көріністе,  соның 
салдарынан  елдердің  даму  деңгейі  төмендеп,  тіпті  кейбіреуінің 
мемлекеттілігіне қауіп төнуде». 
Алайда,  демократиялық,  құқықтық  және  адам  құқықтарын 
сақтау қағидаларын ұстануды ОА-де қалыптастыруды көздеген ак-
торлар өз мүдделеріне жету үшін асығыстық танытпаулары қажет. 
Асығыстық  салдары  халықаралық  қатынастардың  дамуына  кері 
әсер  етеді,  көзделген  экономикалық  мүдделер  одан  ары  тежеле 
түспек.  Тәжірибеде  осы  үдерістерді  анық  айғақтайтын  оқиғалар 

15
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
жоқ емес, мәселен, алысқа бармай-ақ осы ОА аймағындағы әйгілі 
Андижан  оқиғасы  мен  Қырғызстандағы  саяси  жағдайлардың  сал-
дары.  Оның  үстіне,  демократиялық  режим,  құқықтық  жүйе,  адам 
құқықтарын сақтау қағидаларын сақтау белгіленген уақытта орын-
дала  қоятын  үдерістер  емес.  Олардың  қалыптасуы  үшін  бірталай 
уақыт  ширегі  қажет  екендігі  әлемге  белгілі.  Ал  уақыт  ширегінен 
бұрын қоғамды дайындау немесе оны трансформациялауға қажетті 
күштердің  салмағы  өлшенуі  қажет.  Осы  ретте,  Германияның  ОА 
мемлекеттеріне қатысты салиқалы саясаты, оның концепцияларын-
да  көрсетілген  нақты  мақсатына  жетуі  үшін  бірізділік  қағидасына 
сүйену қажеттілігі орынды түсіндіріледі.
ОА ға қатысты 2007 жылғы еуропалық стратегияның негізі аймақта 
адам  құқықтарын  қалыптастыру  шараларына  шоғырландырылған, 
соған сәйкес осы тақырыпта аймақ елдерімен жеке-жеке саяси диа-
логты жүргізу көзделген.  
Дәл осы тұсқа келгенде аймақаралық қатынастарда кедергілер ту-
ындайды. Себебі бұл айтылған құқық және демократия негіздерінің 
қалануына  кедергі  болатын  факторлар  ОА-ның  барлық  бес 
мемлекетінде  де  орын  алған.  Орталық  Азияға  қатысты  еуропалық 
стратегияда екі кедергіні ашып көрсетеді: 
•  Бірінші мәселе, бұл бес мемлекеттің әр қайсысы әр түрлі даму 
деңгейінде екендігіне байланысты. Мәселен, біршама кең көлемде 
дамыған Қазақстан Республикасы бір жақта тұрса, екінші жақта енді 
ғана ашылуды бастаған Түрікменстан мемлекетінің жағдайын еске-
ру бар. Бундестаг депутаты, ОА бойынша комитетінің мүшесі Х. Ве-
генер осы екі елді мүлдем салыстыруға болмайды деп есептейді. 
•  Екінші  мәселе  ол,  әртүрлі  мүдделерді  бір  ымыраға 
сәйкестендіре  алмау  жағдайы.  Ол  –  энергетикалық  қауіпсіздік, 
тұрақтылық,  экономикалық  ынтымақтастық,  лаңкестікке  қарсы 
күрес мәселелеріндегі мүдделерді келістіре алмаушылық.
Сондықтан да, еуропалық мүдделер аймақтағы елдермен қарым-
қатынастарын демократия және адам құқықтарын сақтау қағидаларын 
ұстану  арқылы  байланысуларын  көздейді,  ол  қағидалардың  әр 
елде қадағалануы әлбетте аймақ елдерінің өзара қарым-қатынасын 
жақсартатын еді. Осы ұстаным Германияның аймаққа қатысты кон-
цепцияларында  және  еуропалық  стратегияның  негізгі  мақсаттары 
болып белгіленді.
Еуропалық  мүдделер  мен  ОА  мемлекеттерінің  мүдделерін 
түйістіру  жолдарын  іздестіруден  бұрын,  Орталық  Азияға  қатысты 
неміс бастамаларымен қабылданған ЕО стратегиясының нәтижелері 

16
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
қандай немесе алатын орны қандай екеніне зер салып қарау өзекті. 
Және де ол стратегияның не нәрсеге ұмтылатынын анықтап қарау 
қажет. Стратегияның ортасында ОА елдеріне адам құқықтары сақтау 
қағидаларын  ұстану  талап  етілген.  Осы  қозғаушы  фактор  арқылы 
елдердің  дамуын  жеделдету  көзделген.  Алайда,  біз  ЕО-тың  адам 
құқықтары тақырыбында саяси диалог жүргізу тәсілдерін Өзбекстан 
мысалында және де Түрікменстандағы қазіргі кездегі диалог бары-
сын  қарастыратын  болсақ,  ЕО-тың  жетістік  атаулыдан  әлдеқайда 
алыста тұрғандығын байқауға болады. Сондықтан да осы тұрғыда, 
келешекте  ЕО  Өзбекстанға  қойған  санкциялар  деңгейін  көтеретін 
болған  жағдайды  көз  алдымызға  елестету  қиын  болып  отыр. 
Қазірдің  өзінде  Өзбекстан  бұл  талапқа  жауап  қайтаруды  ойламай-
ды, себебі қойылған санкцияларда байқалған қуыстық көпшіліктің 
қабылдауында тек ресми белгі ретінде ғана. Осындай жағдайларды, 
яғни санкцияларды қатқыл ете алмауы, сондай-ақ ресми түрде жа-
риялап қана қою ешқандай нәтижеге әкелмейтіні анық, соған сәйкес 
стратегияда белгіленген неміс және еуропалық мақсаттардың орын-
далуы дағдарыс жағдайында тұр деуге болады. 
Келесі бір мәселе ол – неміс және еуропалық ықпал ету құралының 
салмағы жайында. ЕО-тан бөлінетін қаржы көлемдері қаншалықты 
жеткілікті дейтін болсақ, ол аймақтағы Қытай, Ресей сияқты басқа 
акторлармен  салыстырғанда  әрине  айтарлықтай  болмайды.  Оның 
үстіне,  мақсатты  жүзеге  асыруды  ЕО  нақты  қолға  алғысы  келсе, 
онда қаржы көлемін қайта қарастыруы қажет, және басымдықтарды 
соған сәйкестендіруі қажет. 
Үшінші  қозғалатын  мәселе,  ол  –  еуропалық  стратегияда 
белгіленген  міндеттердің  орындалуы  жайында.  Мәселенің  түйіні 
расымен де аймақтағы интеграцияға түрткі салу ма және соны талап 
ету  арқылы  демократиялық  және  құқықтық  жүйені  қалыптастыру 
көзделеді  ме?  Осы  талаптар  мен  шарттардың  орындалуына 
экономикалық  қатынастарды  дамыту  қаншалықты  тәуелді  болып 
саналады. Адам құқықтары тақырыбындағы саяси диалог расымен 
де осы мақсаттардың орындалуына бағытталған ба? Осы ретте, ойға 
келетін нәрсе ол – неміс және еуропалық мақсат-міндеттердің дәл 
осылай  қойылуының  өзі  аймақаралық  қатынастарды  ауырлатып 
жіберіп отырған жоқ па деген кері сауал. 
Қазіргі әлемдік құрылымда көптеген елдер біржағынан әлі де болса 
диктаторлық немесе жартылай диктаторлық режиммен меңгерілуде. 
Екіншіден,  ЕО-тың  өзі  ғаламдану  үрдісі  кеңінен  ширатылған 
мерзімде сыртқы серіктестеріне көбірек тәуелді болуда. Сондықтан 

17
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
СЫРТҚЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК
да  қазіргі  кезде  ОА  аймағымен  қатынасында  Германия  мен  ЕО 
өздерінің  стратегияда  белгілеген  демократиялық  құндылықтарды 
аймақта қалыптастыру мүдделерімен заңды түрдегі энергетикалық 
ресурстар және нарықтар ашу мүдделерімен үйлеспейтін дилеммаға 
тап болып отыр.
Осы орайда, соңғы кездегі неміс бастамаларынан туындаған саяси 
диалог жүргізу әдісі тиімді әдістердің бірі болатындығын мойындау 
абзал. Себебі, жан-жақты қоғам деңгейлерінде, секторалды топтар 
шеңберіндегі диалог жүргізу арқылы ортақ мүдделерді түйістіруге 
мүмкіндік туады, өйткені ортақ даму мүдделері есебінде екіжақты 
идеялар мен ұсыныстар тыңдалады. 
Тағы ескеретін жайт ол ЕҚЫҰ құрылымдарының аймақта тиімді 
жұмыс  істей  алуы.  Өйткені  бұл  қауіпсіздік  және  ынтымақтастық 
ұйымы аймақтағы өзінің нақты мақсаттарын батыл шешуге тыры-
сты,  сол  жолда  біршама  шиеленісті  жағдайлардан  кейін  екіжақты 
мүдделерді кіріктіру тетіктерін таба алды. 
әдебиеттеР:
1.  Rede zur politischen Situation in Zentralasien von H.Haibach
2.  Erler G., Erfahrung und Interesse. Das EU-Engagement in Zentralasien. 
/Osteuropa. Sonderausgabe „Machtmosaik Zentralasien: Traditionen, 
Restriktionen, Aspirationen“ (8,9) 2007
3.  Современный Казахстан: стратегия успеха, ИМЭП, Алматы 2008, 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет