Р. Р. Турумбаева лектор, А. Ж. Шойбекова



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата14.10.2023
өлшемі496,89 Kb.
#114315
1   2   3   4   5
Материялдар мен әдістер. 
Осы TBL оқыту әдісін біз күнделікті сабақ барысында 
қолданамыз. Мысалы “At a chemist᾽s”тақырыбын
алғанда, студенттерді шағын топтарға бөліп оларға 
түрлі тапсырмалар берілді. Бірінші топқа “chemist’s 
department” , екінші топқа “prescription department” 
деген тақырыпты бере отырып, осы екеуінің 
айырмашылығын және ерекшеліктерін анықтау 
керек болды. Үшінші топқа неге аптеканы Америкада 
“drugstore” деп атайды ал төртінші топқа неге 
Англияда аптеканы “ а chemist᾽s” деп атайды деген 
сұраққа жауап беру керектілігі тапсырылды. 
Сұрақтарға жауап іздей отырып, студенттердің ойлау 
қабілеті, мәселені шешу қабілеті, шешім қабылдау, 
өзгелердің пікірін тыңдау қабілеті дамиды және 
топта жұмыс істеуге дағдыланады.
Шағын топта жұмыс істеудің артықшылығы : 

тұлғаның қызығушылығын туғызады;

әр студенттің оқу процесіне қатысу белсенділігін 
кеңейтеді;

ынтымақтастық қалыптасады;

оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын 
қалыптастырады;

мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
TBL оқыту әдістерінің басты ерекшелігі: әр 
студенттің қабілетін дамыту, ұжымдағы әрбір 
мүшені оқыту және әркімге ортақ жұмыстағы бір-
бірінің көмегі, ізгілік пен ынтымақтастық болып 
табылады. Топта бағыттап оқыту әдістерінде 
оқытушы мен студенттің іс-әрекеті алмасып 
отырады. Оқытушының іс-әрекетін, қызметін ұжым 
атқарады. 
Яғни, 
жаңа 
білімді 
меңгерту 
тапсырмаларды орындауда, бір-бірінің жұмыстарын 
саралап, бағалауда, талдауда өздері жетекшілік етеді. 
Оқытушы ұйымдастырушы, ақыл кеңесші. 
Шағын топта жұмыс істеудің ерекшелігі – 
студенттердің ойлау қабілеті, мәселені шешу қабілеті, 
шешім қабылдау, өзгелердің пікірін тыңдау қабілеті 
және топта жұмыс істеуге дағдыланады. Жаңа 
технологияларды меңгеру оқытушының кәсіптік, 
адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да 
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін 
тигізеді, өзін-өзі дамытып,оқу тәрбие үрдісін тиімді 
ұйымдастыруна көмектеседі. 
Сабақты командалық бағытталған оқыту әдісімен 
(TBL) өткізу кезінде оқытушының атқаратын 
жұмысының рөлі мен басымдықтары өзгереді: ол 
дайын «білім көзі» болудан қалып, студенттердің 
танымдық қызметін ынталандырады, олардың 
белсенділігін түпкі мақсатқа бағыттап, топтардағы 
студенттердің арасында өзара сенімді қарым-
қатынастар орнатады. TBL әдісі бойынша өткізілген 
сабақ туралы студенттердің пікірлері, жалпы алғанда, 
жақсы нәтиже береді деп ойлаймын. Студенттердің 
бір-бірімен пікір алмасу мүмкіндігі, өздерінің 
болашақ қызметінде кездесетін жағдайлармен 
танысып, оларды шешу, практикалық мәселелерді 
зертханалық жағдайларда үйлестіру және т.т. Сабақта 
қолданылатын командалық бағытталған оқыту 
әдістемесі студенттерге өздерінің кәсіби саласында 
өз бетінше шешім қабылдау, алдына қойылған 
ситуациялық есептерді жеке және топта шығаруға 
дағдыландырып, теориялық білімдерін іс жүзінде 
қалай қолдана білу керектігін көрсетеді. 
TBL, немесе командалық бағытталған оқыту дәстүрлі 
оқыту әдістеріне баламалы, әрі тиімділігі жоғары әдіс 
екендігі анық. Бұл әдіс қосымша құрал-жабдықтарды 
қажет етпейді және студенттердің коммуникативтік 
дағдыларын дамытады, материалды жақсы 
меңгеруге септігін тигізеді, студенттердің кәсіби 
дағдыларын дамытуға мүмкіндіктер береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет