Р. Р. Турумбаева лектор, А. Ж. Шойбекова



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата14.10.2023
өлшемі496,89 Kb.
#114315
1   2   3   4   5
Өзектілігі:
Мақаланың өзектілігі тілдік емес 
университетте шет тілін оқытудың тиімді әдістерін 
іздеумен байланысты. Шағын топтарда жұмыс жасау 
әдісін қолдану оқытудың тиімділігін арттыруға, 
студенттердің 
шығармашылық 
белсенділігін 
дамытуға және оқытуда жеке көзқарас танытуға 
мүмкіндік берді. 
Білім берудегі инновациялық үдерістің нәтижесі 
теориялық 
және 
тәжірибелік 
жағынан 
жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру 
жүйесінде 
инновация 
білім 
беру 
мақсатына 
жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды жаңа тәсілдер 
мен тәжірибелер және білім беру формаларын қайта 
жасауды, жаңа педагогикалық жүйені енгізу және 
таратуды, 
мектепті 
басқарудың 
жаңа 
технологияларын жасауды, дамытуды және мектеп 
жаңа білім беру бағытын ұстанғанда, оның мақсаты
мазмұны, әдісі жаңа талаптарға сай болуын 
жобалайды. 
Олардың дамуын екі факторға бөліп қарастырамыз: 
1.Объективті факторлар – инновациялық әрекеттің 
қарқынды дамуына жағдай жасау және оның 
нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету. 
2.Субъективті факторлар – инновациялық үдеріс 
субъектісімен тығыз байланысты. Инновациялық 
үдеріс субъектілеріне ғалым-педагогтер, мұғалімдер 
және білім беру саласында инновацияға бағытталған 
әрекеттің басқа да қызметкерлері жатады. 
Инновация 
дегеніміз 
— 
жаңа 
мазмұнды 
ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің 
бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің 
шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы 
деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін 
жаңа 
теориялық, 
технологиялық 
және 
педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. 
Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі 
бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған 
кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты 
жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын 
келтіру.
ХХ 
ғасырдың 
екінші 
жартысында 
ғылыми 
коммуникациялардың күрт өсуі байқалды, бұл 
әсіресе 
Интернет 
желісінің 
пайда 
болуымен 
байланысты. Ғылыми идеялармен алмасу үдерісінің 
артуы ғылыми-техникалық прогресс қарқынының 
жеделдетуін туындатты және зерттеу іс-әрекетінің 
тиімділігін тұтастай арттырды. Қазіргі таңда білімді 
жеке топтар емес, ғалымдар желісі ойластырады, 
күрделендіреді, олар әлемнің кез келген түкпірінде 
болуы 
мүмкін. 
Бұл 
әр 
аймақтың 
беделді 
мамандарымен пікір алмасуға, сол арқылы мәселені 
шешіп, білімнің тез таралуына септігін тигізді. Бірақ 
желі арқылы университеттердің қаржыландыру 
үдерісіне ықпал ете алмайды. Ғалымдардың 
айтуынша, ғылым жаһандық құбылыс, оны ұлттық 
шекарада ұстап тұру мүмкін емес. 
Осындай интерактивті технологиялардың бірі,TBL – 
team based learning – кіші топтарда шет тілін оқыту 
әдісі. 
Мақсаты
: Тиімді әдістердің бірі ретінде шет тілі 
сабағында шағын топтарда жұмыс істеуге тиімді 
дәлелдерді талдау, сонымен қатар топтық жұмыс 
кезінде қолданылатын типтік тапсырмаларды 
қарастыру. Оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде 


студенттердің 
творчестволық 
қабілетін 
және 
дербестігін жетілдіру, студенттердің жеке қасиетін 
аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар 
студенттердің танымдық күшін қалыптастыру және 
білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау болып 
табылады. 
Жаңа технологияны меңгеру оқытушының білімін 
жетілдіруіне 
зор 
көмегін 
тигізеді. 
Бұндай 
оқытушылардан білім алатын студенттердің де 
шығармашылық қабілеттері арта түседі. Сабақ 
барысында осындай кеңінен қолданылуы қажет 
әдістердің біріне TBL оқыту әдісін яғни ұжымдық 
оқыту әдісін жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет