Баланы мадақтамау, шешім қабылдауға мүмкіндік бермеу.
Баланың әлеуметтік қорқыныштары оның отбасыдағы ата-анасымен, отбасы мүшелерімен қарым-қатынасы негізінен пайда болады. Мектепке оқушының бейімделмеуі отбасының әлеуметтік функциясын орындаудағы әлсіздігі.
Қазіргі таңда, бала үшін заманауи қауіпсіз әлем құру маңызды. Кез-келген ортаны «жақын», «бөтен» деп бөлмей, бейімделе алатын тұлға ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Әлсіз әлеуметтік қарым-қатынас тұлғаны әлеуметтік, психологиялық, интеллект, экономикалық тұрғысынан да әлсіз етеді. Сондықтан ата-ана мен отбасы бірге баланың әлеуметтік дағдыларын түзетіп, оны қалыптастыру қажет.
Ата-ана баланың әр жағдайда шешім қабылдауға дағдыландыру қажет. ол үшін :
Ересектер балаларға сәтсіздік, жеңіліс сезімдерін қабылдауға үйрету керек;
Балалар қиындықтарды жеңуге міндетті емес: қашу – алдымен ата-ананың, кейін баланың стратегиясы (яғни ата-ана балаға үлгі бола отырып қашуды үйретеді);
Қорқыныш сезімі алтыбақан іспеттес:
- комфорт – жоғары үрей,
- қиындықтарды жеңу тәжірибесі – аз қорқыныш,
- қиындықтарды жеңудегі жағымсыз тәжірибе – жоғары үрей;
Ата-ана жеңіс пен жеңілісті бірдей қабылдауға үйрету қажет.
Тұлғаның өз сезімдерін бақылай алуы мен басқара алуы маңызды.
Үрей, қорқынышпен жұмыс жасауда әлеуметтік педагог келесі принциптерді білуі шарт:
Әлеуметтік қорқынышты басқару дағдысын қалыптастыруда келесідей әдістерді қолданамыз: