Ойлар сезімдерге ықпал жасайды, олар санадағы бейнелер мен жалған ойларға сәйкес келгенде іс-әрекеттерімізге әсер етеді.
Әлеуметтік үрей кезінде схема төмендегідей болуы мүмкін:
Үрей туғызатын ойлардан арылу үшін жағымсыз ойларды бейтарап/жағымды ойлармен алмастыру, сонымен қатар іс-әрекеттердің жағымсыз іс-әрекеттерді қолдаудағы бағытын тежеу қажет.
«Шешім қабылдау» техникасы Жағымсыз ойлар іс-әрекеттерімізге әсер етеді. Әлеуметтік фобиясы бар тұлғалар үшін шешім қабылдау қиынға соғады. Жағымсыз ойлар мен олардың салдарынан пайда болатын сезімдер таңдау жасау процесін қиындатады. Нәтижесінде субъект қимылсыз/бейтарап қалады.
Шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру маңызды. Ол үшін төмендегі техниканы орындау жеткілікті.
Жағымдытұстары
Жағымсызтұстары
Пайда
Қауіп
енді әр бөлікке тиесілі дәлелдер жазып толтырыңыз.
Жазып болған соң барлық дәлелдерді салыстырып, талдау жасаңыз. Өз іс-әрекетіңіздің алып келер пайдасы мен қауіпін салыстыра отырып, шешім қабылдаңыз.
«Сіз үшін маңызды не?» деген сұраққа жауап беруге тырысыңыз.
Жұмыс жасау барысында жағымсыз/қауіпті проблемаларды шешу жолдарын іздеу қажет.