Әлеуметтік фобияның моделі
1996 жылы Р.Г. Хаймберг және оның тобы (Juster, Brown & Heimberg, 1996) әлеуметтік фобия туралы жүргізілген зерттеу жұмыстарының талдай отырып, төмендегі моделін ұсынды).
10-кесте. Когнитивті мінез-құлық моделінің компоненттері
Компоненттер
|
Мысалы
|
Тұқымқуалаушылық және орта факторлары
|
тұқымқуалаушылық;
ата-ананың үрейі;
ата-ананың тәрбие туралы көзқарасы;
жағымсыз тұлғааралық қарым-қатынас тәжірибесі.
|
Әлеуметтік жағдайлар жайлы сенімдер
|
әлеуметтік жағдаяттар қауіпті;
қауіптің алдын-алу үшін мінез-құлық мінсіз болу керек;
менің қабілеттерім мінсіз қарым-қатынас құруға жеткіліксіз.
|
Әлеуметтік жағдайлар жайлы болжамдар
|
- әлеуметтік жағдаяттар:
- сәтсіздіктер;
- жеңілістер;
- мәртебеден айырылуға алып келеді.
|
Үрейдің белгілері
|
әлеуметтік жағдаяттардан күтетін қауіп;
әлеуметтік қауіпті қоздырғыштарға зейінді шоғырландыру;
өзі, өзінің іс-әрекеті, өз-өзін бағалау жайлы жағымсыз ойлар;
үрей белгілерінің басымдылығы.
|
Үрейдің салдардары
|
шынайы немесе жалған мінез-құлық бұзылыстары;
өз мінез-құлқын мінсіздік (перфекционизм) көрсеткіштері бойынша бағалау;
өз мінезөқұлқын адекватты емес деп бағалау;
жалған адекватты емес мінез-құлықтың жағымсыз салдарлары туралы ойлар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |