Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Балалардың гиперактивті мінез-құлқымен жұмыс жасау технологиялары мен тәсілдері



бет57/102
Дата03.11.2022
өлшемі3,67 Mb.
#47231
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102
Балалардың гиперактивті мінез-құлқымен жұмыс жасау технологиялары мен тәсілдері
Балалардың гиперактивті мінез-құлқымен түзету кезінде келесі жұмыстардыжүргізген жөн:

  1. релаксацияны, визуализацияны қолдану арқылы өзін-өзі реттеу тәсілдерін үйрену

  2. өзара тактильді әрекеттесуді дамытуға арналған ойындар (кинестетика кезеңі, сенсорлы тәжірибе: балшықпен, сумен, құммен жұмыс және т.б. )

  3. өзіне-өзі массаж жасауды үйрету(психиологиялық жаттығу);

  4. саусақ ойындары («дене тәрбиесі»: қимылмен сөйлеу, жалпы және ұсақ моториканы дамытуға арналған ойындар);

5. психо-гимнастикалық құрылымдар (тақырыпқа ойша үңілу, эмоционалды жағдайды түсіну мен білдірудегі сезімдерді актуализациялау - ұжымдық театрализация);
6. тыныс алу жаттығулары (эмоцияны білдіру), артикуляционды гимнастика (артикуляцияны, дауысты дамыту);
7. Сезімдерді сөзбен жеткізу (вербализациялау) (шығармашылық зертхана кезеңі: жеке көркемдік- өнімді қызмет, кейіпкер атынан эмоциялар мен сезімдерді сипаттау).
Сонымен қатар олармен түзету жұмыстарында келесі терапияларды жүргізуге болады:


*Ұнтақ жармамен сурет салу


Сурет-5.Ұнтақ жармамен сурет салу
• «Түрлі-түсті тамшылар» терапиясы


Терапияның мақсаты: зейін, есте сақтау, қиял, еркін мінез-құлықты дамыту; қолдың ұсақ моторикасын дамыту, кеңістіктегі бағдарлауды қалыптасу.
Сурет-6. «Түрлі-түсті тамшылар» терапиясы

Қажетті дидактикалық материалдар:


- тамызғыш (ұшында резеңкесі бар кішкентай шыны) - бірнеше дана (әр түске өз тамызғышы болғаны жақсы)
- су
- сумен сұйылтылған бояулар (түрлі-түсті су);
- шүберек немесе губка;
- қағаз майлықтар, қағаз парақтары.
Түрлі түсті тамшыларды ұйымдастыру технологиясы:
• Тамшыларды үстелге немесе қандайда бір тақтаға (мысалы, пластилинге арналған), оргстеклоға тамызуға болады, бастысы беті құрғақ, түзу және тегіс болады.
• Тамшылар кәдімгі судан алынуы мүмкін, немесе сіз гуашты сумен сұйылтып, түрлі-түсті тамшылардың тамызуға болады

  • Өз қолымен жасалған суреттер




Сурет-7. Өз қолдарымен салынған суреттер


Баланың гиперактивті мінез-құлқын түзету әдістері


Баланың гиперактивті мінез-құлқының түзету іс-әрекетінде педагог-психолог келесі әдістерді қолдана алады:
Визуалды-заттық материалдарды семантизациялау әдісі
Әдістің психологиялық мәні тікелей есте сақтауды қалыптастыруда негізделеді: (семантикалық белгісі бойынша топтастыруға негізделген есте сақтау): семантикаға сүйену есте сақтаудың күшін, дәлдігі мен көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әдіс есте сақтауды ерікті түрде және ауызша-логикалық ойлау мен көрнекі-объективті есте сақтаудың функционалды емес қатынастарын қалыптастыруға бағытталған. Бұл әдіс үш кезеңнен тұрады.
бірінші кезең. Балаға екі семантикалық топты құрайтындай етіп таңдалған 6 тақырыптық суретті есте сақтауды ұсынады. «Барлық суреттерді есте сақтауға тырысыңыз» делінген нұсқаулық беріледі.
Суреттер баланың көз алдынан алынып тасталады, содан кейін психолог қандай суреттердің болғандығын сұрайды. Егер балалар ұмытып қалса, психолог суреттердің қай топтың заттарына жататынын сұрайды. Егер бала жауап бере алмаса, психолог оған топтың атауын айтып көмектеседі;
екінші кезең. Балаға 2 семантикалық топты құрайтын 6 зат бейнеленген суреттерді есте сақтау керек. Психолог баладан суреттерді екі топқа бөлуді, аттарын атауды, суреттерді осы топтар бойынша есте сақтау керектігін түсіндіреді. Бала суреттерді есте сақтап және осы суреттерді семантикалық топтарға бөліп айтуы керек;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет