Қандай жолды таңдайсыз?
Осындай жолайрығына мыңдаған адам келеді. Олар да сіз сияқты біреуін таңдау керек болады. Сіз қай жолды таңдайсыз? Егер төмендегі сұрақтардың кез-келгеніне иә деп жауап берсеңіз, онда сіздің жолыңыз – шыңға шығар жол.Сіз жалықтыңыз ба? Өміріңізге мән бергіңіз келе ме? Өз компаниядағылардың бәрін таң қалдырғыңыз келеді ме? Өзіңізді танытқыңыз келе ме? Өз өміріңізді қызықты әрі таңғажайып еткіңіз келе ме? Азат, ешкімге тәуелсіз болғыңыз келе ме? Өзіңіздің көшбасшылық қабілеттеріңізді ұштағыңыз келеді ме? Өз компанияңыздағы ең жоғары лауазымды иеленгіңіз келеді ме? Сіз сияқты ойлайтын адамдармен бірлесіп саяхатқа шыққыңыз келеді ме? Шыңға шығудың арқасында өз табысыңызды екі, үш немесе он есе арттырғыңыз келеді ме? Қарыздардан құтылғыңыз келеді ме? Бәлкім, сіз қазір жолайрығында тұрған боларсыз. Сіз осыған дейін қабылдаған шешімдерден де маңызды шешімді қазір қабылдайтын мүмкіндігіңіз бар. Өзіңіздің өткен өміріңізді ұмытыңыз. Сіз енді кімсіз? Сіз осыған дейін кім болғаныңызды ұмытыңыз. Сіз қазір кімсіз? Кім болуға бел будыңыз? Ойланыңыз да, шешім қабылдаңыз. Шешіміңіз берік болсын.
Аборигеннің сабағы Африканың жабайы өңірлеріне саяхаттау кезінде зерттеуші өзімен қоса екі ұзын айна алып алады. Жолда аялдап, екі айнаны ағаштарға сүйеп, өз тобындағы адамдармен экспедиция жайлы әңгімелеседі. Содан кейін, зерттеуші айнаға қарай қолында найзасы бар аборигеннің жақындағанын көреді. Айнаға қарап, абориген өзінің бейнесін көреді де, оны найзамен қадай бастайды, өйткені айнадан көріп тұрған өз бейнесін ол жау деп таниды. Ақыры айна сынады. Зерттеуші аборигенге жақындап, оның айнаны не үшін сындырғаны жайлы сұрайды. Абориген айнадағы жаудың оны өлтіргісі келгенін көріп, одан құтылу үшін алдымен өзі найзаны қадағысы келді деп айтады. Зерттеуші айнаның ол үшін арналмағандығын түсіндіріп, аборигенді екінші айнаға қарай жетектеп, айнаның адамның өз бейнесін көріп, шашының, киімінің дұрыс тұрғандығын қарауы үшін арналғанын айтады. Абориген мұны білмегенін айтады.
Әркімнің өмірінде осындай жағдай болады. Олар үшін өмір – күрес. Әр бұрылыста олар өз жауларымен күресуге дайын тұрады. Олар өздерінің жауын күтумен өмір сүреді, сондықтан жаулары күндердің бір күнінде келеді. Күресті күтеді, сондықтан күрес болады. Қиындықтар бірінен соң бірі келеді деп күтеді, қиындықтар үсті-үстіне бола береді. Сондықтан, әрқашан да жақсылық ойлау керек. Жақсы ой адамды рухани, эмоционалдық тұрғыдан байытып, оны жігерлендіре түседі, ал жамандық пен жағымсыз нәрсе ойлаған адам азғыра түседі.