Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


Әр адамды өзімнің жақын туысым деп санаңыз



бет99/102
Дата03.11.2022
өлшемі3,67 Mb.
#47231
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102
Байланысты:
annotation177627

Әр адамды өзімнің жақын туысым деп санаңыз
Егер сіз әр ресми келіссөзге келген адаммен өзіңіздің анаңызбен не әкеңізбен, әпкеңіз не ағаңызбен сөйлескендей іс жүргізсеңіз, онда сіздің әрекеттеріңізден жылу, қайырымдылық желі еседі, сүйіспеншілік пен түсінушілік, кешірім сияқты жақсы қасиеттер ашылады.

Өз ісіңізбен айналысыңыз
Егер сіз бизнеске еш қатысы жоқ нәрселер туралы телефонмен сөйлескенді жөн көрсеңіз, онда сіз көшбасшы емессіз. Телефонмен сөйлесе отырып, өз бизнесін құрастырмайтын адам – сәттіліктің құзыр шыңына шығатын адам емес. Өз өзіңізді алдамаңыз. Біраз уақыт өткен соң сіз телефонмен қаншама өсек айтып, сізге деген қызығушылығы жоқ адамдармен алтын уақытыңызды жоғалтқаныңызды байқайсыз.

Айдаһар шабуылы
Рухани күйіңіз бен жан күйіңіз берік болсын. Сізді қоршаған ортада ниеттері таза емес, қызғаншақ, көре алмайтын, жалқау, рухани кеміс, сізге зардабын тигізе алатын адамдар бар. Кейбір адамдарға сенуге болмайды. Сіздің бизнесіңізді өзіңіз үшін тастап кететін немесе өздерін де сізге тәуелсіз топ-басшы ретінде қабылдауды талап ететін адамдар да бар. Өздерінің сәтсіздікке ұшырауында сізді кінәлайтындар да болады. Сізге не естігіңіз келсе, соны ғана айтатындар табылады. Беттеріне бүркеніш тағып, жылдар бойы беті ашылмай, шын ниеттерін білдірмей жүретін арам адамдар да болады. Басқа бағытта жүретіндерден құтылыңыз. Оларды өз ойыңыздан шығарыңыз, басқа нәрсеге күш салыңыз. Ондай адамдар – сіздің шыңға шығар жолыңыздың жағалауында қалатын қурай шөптер.


Шектен тыс әміршіл болмаңыз
Кейбір адамдардың өздеріне деген сенімдері тым қатты, өздеріне көп алады. Яғни, сізді билегісі келіп тұратын адамдар болады. Сіз мұндай адамдарға ешқашан қолыңыздағы билікті бермеуіңіз керек. Мықты болыңыз. Өмірдегі қымбат уақытыңызды сізден ешкім тартып ала алмайды.


Жағдайды үнемі көшбасшылық бақылауда ұстаңыз
«Қырсық» адамға жүргізуші орнына отыруға мүмкіндік бермеңіз. Автобусты сіз жүргізген уақытта ол сізге қажет бағытта жүреді, басқа біреу отырса, ол өзінің бағытымен кете бермек. Бақылауға көнбейтін адамдар, бақылауға көнбейтін көліктен арыл. Олар жаман ойлайды, арамдық ойлайды, көліктің шамасы жетпейтін нәрселер жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет