Р. С. Оразбаева


В.И.Вернадскийдің тұрақтылық яғни константа заңы



бет40/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48
18. В.И.Вернадскийдің тұрақтылық яғни константа заңы: Осы нақтылы геологиялық мерзім үшн биосфеараның тірі затының мөлшері (биомассасы) тұрақты. Бұл заңға сәйкес биосфераныі аймақтарының бірінде тірі заттың мөлшерінің (биомассасының) кез-келген өзгерісі басқа бір аймақта ноның міндетті түрде тап осындай мөлшердегі өзгерісіне соқтырады, бірақ кері белгімен. Биосфераның компоненттері арасында атомдардың биогенді тогі оларды біртұтас материальды жүйеге біріктіреді.Бір звеноның өзгеруі басқалардың өзгеруіне әкеледі. Осыдан биосфераның тұтастығы оның құрамдас бөліктерінің арасындағы үздіксіз зат пен энергияның алмасуымен түсіндіріледі. Ағзаның индивидум ретінде тұтастығын экологиялық позициядан оны популяциялық деңгейде қарастыру арқылы, ал популяцияның экологиялық ерекшелігінің тұтастығын тек олардың биоценозы қарым-қатынасының негізінде қарастыру керек. Бұл тізбекті әрі қарай қарастырсақ, біз экологиялық ақпараты үлкен жүйеге – биогеоценоз немесе экожүйеге келеміз. Жоғарыдағы келтірілген табиғи экожүйелер сипаттамасы көрсеткендей, экожүйелер мен ландшафтар жалпы біртұтас энергетикалық өрісті екенін көрсетеді. Осындай биосфераның тұтастығы бұл жердің ландшафты қабықтың тұтастығы. Мысалы, ландшафтағы жауын-шашын мен тамператураның өзгеруі биосфераның барлық звенолардың өзгеруіне әкеледі, яғни тізбекті реакция пайда болады.
Тұрақтылық заңы әсер етуінің мысалы ретінде Атакама шөлі экожүйесіндегі және оған қарасты мұхит алабындағы болып жатқан процестерді келтіруге болады. Атакама шөлі Оңтүстік Американың батыс жағалауында орналасқан және оған суық Перуандық ағысы тән (жауын-шашын мөлшері 10—50 мм/г). Суық мұхит суы фито-және зоопланктондарға және балықпен бай. Бірақ 8-12 жылда бір рет экватордан Эль-Нинью жылы ағысы тарала бастайды. Бұл оттегіге кедей, өнімділігі аз сулардың келуі экожүйелердің апаттық деңгейде өзгеруіне әкеледі: 12 млн т/г дейін ауланатын балық (анчоусы) жойылуда (1,8 млн т дейін азаяды), балықпен тамақтанатын құстар басқа жаққа ұшып кетуде немесе өлуде. Эль-Нинью ағысының жағымсыз әсері 1982 ж. қатты байқалды. Галапагосс аралдары маңында құстардың саны 30-40%, пингвиндер 78% азайды. Осы кезде Атакама шөлінде тропикалық жауындар жауып, эфемерлі өсімдіктер және көптеген жәндіктер пайда болады. Шөл «гүлдеп», мұндай жағдай 3-4 және кейде 5-6 ай жалғасуы мүмкін. Сосын қайта Эль-Нинью ағысы экваторға жылжып, суық Перуандық ағысы орнына келеді. Барлық табиғи процестер кері бағытта дамиды. Бұл құбылысты көптеген жылдар зерттеулердің нәтижесінде, оның боисфераның көп бөлігіне әсер ететіні – Атакама шөлінде жауын-шашын түсуі Судан, Эфиопияда құрғақшылыққа әкеледі.
Осының барлығы табиғатты рационалды пайдаланудың практикалық мәселелерін шешу кезінде тұтастық заңын есепке алу қажеттілігін дәлелдейді. Тұтастық заңын сақтамағанның айқын мысалы ретінде Арал экожүйесінің деградациясын да айтуға болады. Биосфераға мұндай глобальды адам әсері жекелеген емес, әртүрлі мәліметтер бойынша құрылықтың шамамен жартысына әсерін тигізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет