Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі


 Сөз тіркесінің байланысу формалары



бет20/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

6. Сөз тіркесінің байланысу формалары 
A) қиысу, қабысу, матасу, меңгеру, жанасу
B) предикаттық, атрибутивтік, объектілік, адвербиальдық
C) аналитикалық, синтетикалық, аналитика-синтетикалық
D) коммуникативті, номинативті
E) аналитикалық, предикаттық
7. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз тіркесі
A) кітап оқып отыр
B) оқу үшін келді
C) өзенді жағалады
D) көз көрмес жер
E) төбе шашы тік тұрды
8. Етістікті сөз тіркесі 
A) ұшқан ұя
B) күміс күлкі
C) тез жүрді
D) құрығы ұзын
E) алтын қасық
9. Меңгеріле байланысқан жанама объектілік қатынастағы сөз тіркесі
A) хатты оқу
B) қаланы көру
C) ағаға арқа сүйеу
D) таудағы жол
E) ауылдың баласы
10. Сөз тіркесіне тән синтаксистік қатынастар 
A) атрибутивтік, объектілік, адвербиальдық
B) предикаттық, объектілік, адвербиальдық
C) атрибутивтік, предикаттық, қиысу
D) предикативтілік
E) коммуникативтілік

39
ІІІ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ 



1. Сөйлемге тән белгілер. Сөйлем түрлері 

Сөйлем – синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл


білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен,
сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын
жарыққа шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-
қатынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды
орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы
ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз.
Алайда синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын ғана
зерттеумен шектелмейтінін уақыт көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис
ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол
нысандарға қатысты арнайы проблемалар мен зерттеу әдістері тұрғысынан
да кеңейткен. Мысалы, орыс ғалымы Н.Ю.Шведова қазіргі синтаксистің
зерттеуге тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды:
сөз тұлғасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін. Бұлар қай
жағынан да өзара тығыз байланысты болып, күрделі бір синтаксистік
тұтастықты құрайды деп есептейді.
40
Қазір осы аталғандардың ішінен тек
сөйлемді ғана тіл біліміндегі ең басты синтаксистік бірлік деп тану
жөніндегі көзқарастар басым.
Орыс тіл білімінің өзінде синтаксистің нысаны туралы түрліше
көқарастар қалыптасқан. Олар, негізінен, үш түрлі. Біріншіден, синтаксис
тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді, яғни
синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана зерттейді, сөз тіркесі еленбейді.
Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл
көзқарасты
Ф.Ф.Фортунатов,
В.К.Поржезинский,
Н.М.Петерсон,
А.М.Пешковский қолдайды. Бұл ғылымдар сөйлем сөз тіркесінің бір
тармағы дейді. Үшіншіден, В.В.Виноградов, Ю.Шведова, В.Н.Ярцева,
О.С.Ахманова сияқты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі
мен сөйлемді қатар қарастырады.
Қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
Н.Сауранбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде синтаксистің нысаны
сөйлем деп қарастырса, профессор М.Балақаев оған сөз тіркесін қосады.
Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып
келгенімен профессор Қ.Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б.Шалабай
мәтін мәселесін қосуды ұсынады. А.Ж.Жақыпов синтаксистің объектісі сөз
тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны
– сөз формаларынан басталуы тиіс дейді.
40
Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттелуі жүйелі дамып келеді, ірі
зерттеулермен, жаңа бағыттармен толығып отыр. А.Байтұрсынов,
40
Шведова Н.Ю. Об основных синтаксических единицах т аспектах их изучения. – «Теоритические проблемы синтаксиса
современного индоевропейских языков» - Л.;:Наука,1975.


40
Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев,


Т.Қордабаев, Р.Әміров, Қ.Есенов, О.Төлегенов, А.Әбілқаев, Т.Сайрамбаев
сынды ғалымдар қазақ тілі синтаксис ғылымының дамуына үлестерін
қосты.
Тіл мамандарының барлығы да сөйлемнің көп қырлы, жан-жақты
категория екендігін мойындайды. Біріншіден сөйлемнен сөз тіркесін де,
сөйлем мүшелерін де, сөйлемнің оқшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін
де, айқындауыштарын да көре аламыз. Яғни сөйлемнің өн бойынан
бірнеше тілдік категорияларды көреміз. Екіншіден, жай сөйлем – құрмалас
сөйлемді құраудың да негізгі материалы. Құрмалас сөйлемдердің өзі осы
жай сөйлем негізінде құрала келіп, күрделі ойды білдіреді.
Тіл тілде сөйлемнің қандай белгілері бар, сөйлем аяқталған ойды
білдіре ме, әлде біршама аяқталған ойды білдіре ме деген сұрақ төңірегінде
әртүрлі пікірлер бар. Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік
белгілерімен
нақтыланады,
атап
айтқанда:
предикативтілік,
коммуникативтілік, модальділік және иннотация. Бірақ бұл белгілер бірден
қалыптасқан жоқ. Іргелі дамыған орыс тілінің өзінде В.В.Виноградов
сөйлемнің негізгі белгілері ретінде тек предикативтілік пен иннотацияны
ғана жатқызып келді. Кейін оған модальділік пен коммуникативтілік те
қосылып, аясы ұлғая бастады.
Сөйлемнің негізгі белгісі туралы профессор Т.Сайрамбаев:
«Сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальділік және
интонация – үшеуін бірдей жатқызу орынды деп санаймыз.
Предикативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мәселесі ғана негіз болады. Осы
екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады»- дейді.
41
Ал модальділік
белгісі ретінде – рай категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер және
интонацияны көрсетеді. Профессор Р.С.Әміров «Жай сөйлемдер
синтаксисі» деген еңбегінде: «Бастауыш-баяндауыштың қатынасы –
предикативтілік қатынас деп аталады. Тілде осы предикативтілік
қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар
бірнешеу және бәрі де көбінесе баяндауыш мүшенің құрамынан орын
алады, - деп шақтық формасы мен жақтық формасына қоса рай формасын
да көрсеткен.
42
Предикативтіліктің сөйлемге тән басты белгі екенін
айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет