арланбау керек (Ғ.Мұст). Барыс септіктегі тұйық етістікке «тура келу»
тіркесінің 3-жақтағы түрі қосылып айтылуы арқылы жасалған жақсыз
сөйлемдердің субъектісі логикалық бастауыш болуға қабілетті. Бізге дайын
төсек те жоқ еді, ұйықтауға тура келмеді (Ә.Сәрсенбаев). Тұйық етістік
формасына «мүмкін», «мүмкін емес» сөздерінің тіркесіп айтылуы арқылы
6
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996. – 240 б.
7
Мадина Ғ. Қазіргі қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер. – Алматы, 1959. – 72 б.
8
жасалатын жақсыз сөйлемдердің субъектісі логикалық бастауыш бола
алады. Әрине, мұндай жағдайда маған мұнда оқытушы болып қалу мүмкін
емес еді. (С.Көбеев). Баяндауышы - қы\кі\,-ғы\гі жұрнақты етістіктің
тәуелденген түрі мен жекеше үшінші жақтағы «кел» етістігінің тіркесінен
болған жақсыз сөйлемдердің субъктісі логикалық бастауыш бола алады.
Жол бойында еш жерде Абайдың аялдағысы келмеді (М.Ә).
Баяндауыштың негізгі компоненті жақсы, жаман, қиын, оңай, қиын,
көңілді, көңілсіз, ауыр, жеңіл сияқты сын есімдерден және аз, көп
сөздерінен болған жақсыз сөйлемдердің субъектісі логикалық бастауыш
болады. Мысалы, Ботагөзге де, саған да жаман болады (С.Мұқанов).
Баяндауышы есім аралас немесе бірыңғай етістіктен болған күрделі
баяндауыштың тәуелденіп келуі нәтижесінде жасалған жақсыз
сөйлемдердің субъектісі логикалық бастауыш бола алады. Мысалы, Мына
баланың ауылға асығуын-ай! ( М.Ә).
Осы кезеңде сөз тіркесінің лексикалану процесіне байланысты тың
зерттеулер жасалып, қазақ тілі синтаксисінің өзіндік ерекшеліктерін
айқындайтын тың тұжырымдар дүниеге келді. Атап айтқанда, қазақ
тіліндегі сөз тіркесінің лексикалану процесі, номинативті қызмет
атқаратын тіркестер, олардың жасалу жолдары қарастырылып,
синтаксистің сөзжасаммен сабақтастығы айқындала бастады. Зат есімді
тіркестердің табиғатына сай ерекшеліктер сұрыптала түсті. Сөз тіркесінің
даму бағыттары, типтері, пікір мен сөйлемнің құрылыс жағынан қарым-
қатынасы, үндеу амалы және олардың сөйлем құрамындағы орны,
жұмсалуы, баяндауыштардың семантикасы, синтаксистік синонимия және
т.б сынды жаңалықтар қосылды. М.Серғалиев сөз тіркестерінің
синонимиясын қарастырып, «сөз тіркестерінің синонимикасында басыңқы
сыңарларды бір түбірлі болу керектігін ескерсек және бағыныңқы сыңар
қызметіндегі сөздер де бір түбірлі болып, соңғыларының тұлғалары әр
түрлі болатындығына көз жеткізсек, синонимдік қатар жасаушы сөз
тіркестерінің мазмұн-мағынасы жақын болатындығы өзінен-өзі түсінікті »,
- деп атап көрсетіп, объектілік және пысықтауыштық қатынастағы сөз
тіркестерінің синонимдігін мысалдар арқылы дәлелдеп берді
8
.
Т.Сайрамбаев күрделі сөз тіркестерінің жасалу жолына жан-жақты
тоқталып, күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын айқындады. «Сөз тіркестерін құрауда сөз таптары
басты элемент, бірақ сөз тіркестерінің түрлерін ажыратуда олардың да
арақатынасы бірдей емес. Сөз тіркестерін құрауда зат есім, сын есім, сан
есім, есімдік, есімшелер затқа қатысты өрбісе, үстеу, еліктеуіш сөз,
көсемше, сын есім, сан есім т.б. Сөздер қимылға қатысты, яғни солармен
тіркесуге қабілетті болып келеді. Бұдан қай сөз табының қай сөз табына
қатысты екені айқындалады. Жалпы алғанда сөз тіркестерінің әрбір
сыңары арқылы жеке сөз табын, оның морфологиялық өзгерісін,
құрылымдық жүйесін, тіркесу қабілетін дербес мағынасы бар сөз бен
8
Серғалиев М. Етістікті сөз тіркестерінің синонимиясы. – Алматы: Қазақ университеті, 1991. – 90 б.
9
дербес мағынасы жоқ сөздің рөлін т.б. айқындауға мүмкіншілік туады.
Мұның өзі морфология мен синтаксистің тығыз байланыстылығын
көрсетеді»
9
, - деп, сөз тіркесі синтаксисінің морфологиямен өзара
байланысын жіктеп көрсетеді.
Сөз тіркестерін диахрондық және синхрондық тұрғыдан зерттеп,
әсіресе, меңгеру байланысын жан-жақты қарастырған – профессор
Ә.Аблақов. Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестерінің меңгеріле
байланысқан етістікті тіркестерден өзіндік ерекшелігі барлығын,
етістіктердің сөздердің белгілі бір септікте тұруын қажет ететінін, ал
есімдердің ондайды қажет етпейтінін мысалдар арқылы дәлелдеп берді.
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің меңгеріле байланысқан
есімді тіркестерден бұрын пайда болғандығын көне ескерткіштер тіліне
сүйене отырып дәлелдеді.
10
Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағмановтың авторлығымен шыққан «Қазақ
тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі» атты еңбекте:
«Еркін сөз тіркестерінің сыңарлары белгілі бір сапаны, белгіні, түрді, іс-
әрекетті білдіреді. Егер сөз тіркесі сыңарларының бірі сапа белгіні немесе
іс-әрекетті білдіру қасиетінен айырылса, басқаша айтқанда, лексикаланып
мағыналық тұрғыдан өзгеріске түссе, ондай тіркестер сөз тіркесі болудан
қалып, фразеологиялық тіркестердің немесе атаулық тіркестердің қатарына
қарай көшеді»
11
делінген. Бұл еңбекте ғалымдар сөз тіркесінің табиғатын
ашып көрсетіп, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формалары жөнінде
соны пікірлер айтады. Сөз тіркесі синтаксисі төңірегінде болып жүрген әр
түрлі көзқарастар мен пікірлерді талдап, тіл фактілері негізінде дәлелдейді.
«… сөз тіркестері номинативтеніп, лексикалық бірліктер құрамына енуі де
мүмкін, не болмаса предикативтеніп, аяқталған ойды білдірудің құралына
айналуы мүмкін. Осылардың бәрі адамдар арасындағы қатынасты
жақсарту мақсатымен және ойды барынша түсінікті, әсерлі жеткізу үшін
тілдік мүмкіншілікті сарқа пайдалану қажеттігінен туындайды», - деп, сөз
тіркестерінің дамуындағы басты бағыттарды сұрыптап көрсетеді.
Р.Әмірдің еңбектерінде сөз тіркесінің типтеріне байланысты тың
тұжырымдар жасалды. Сонымен қатар, ғалым сөйлемнің мазмұнында
тыңдаушының назарын сөзге аудартатын үндеу амалы болатыны жөнінде
өз тұжырымын былайша білдіреді: «Үндеу қызметін атқаратын сөздер
сөйлем құрамында қыстырма компонент ретінде қарастырылады.
Қыстырма компонент ретінде қаратпа сөздер немесе тыңдаушының
назарын аудару үшін қызмет ете алатын (айтпақшы, немене) оның ойына
айтылатын пікірге байланысты ассоцация тудыруға жәрдемдесетін сөздер
жұмсалады»
12
. Ғалымның «Жай сөйлем синтаксисі» деп аталатын осы
еңбегіндегі пысықтауыш мүшелердің стильдік түрлері, толықтауыш
9
Сайрамбаев Т . Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 176 б.
10
Аблақов А. Қазақ тіліндегі меңгеріле байланысқан сөз тіркестері. – Алматы, 1986.– 34 б.
11
Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің даму мен лексикалану процесі. – Алматы: Сана, 1997. – 319 б.
12
Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. - Алматы, 1998. – 192 б.
10
мүшенің стильдік формалары және олардың жұмсалуы сияқты тың
деректер осы кезеңге тән ғылыми жаңалықтарды толықтырады.
Сөз тіркесін зерттеген ғалымдардың бәрінің де сөз тіркесіне берген
анықтамалары бір жерден шығып жатады да, ал оның байланысу тәсілдері
мен түрлері, сөз тіркесіне ұқсас тұлғаларға келгенде пікір қайшылықтары
кездесіп отырады. Бұл сөз тіркесі синтаксисінің кейінірек зерттелуіне және
аталған тіркестердің үнемі даму үстінде болатындығынан болар.
Десек те сөз тіркесі туралы пікірлер қазіргі таңда жинақталып, бір ізге
түсірілді. Қиыса байланысқан сөз тіркестері туралы ғалымдар арасында
болған пікір қайшылықтары да ғылымның дамуы мен өзгеруіне
байланысты өз шешімін тапқан сияқты. Орыс ғалымы Г.А.Фомичева орыс
тілі сабақтарында сөз тіркесіне талдатуға баса назар аударылмайтынын,
сөздердің тіркесімділік қасиетін меңгертуге көңіл бөлінбейтінін, себебі
мұғалімдердің орыс тілін білетін балаға бұл қажет емес деп ойлайтынын
айтады. Ғалым тексеру барысында осы мәселелерге жіті қарамағандықтан,
оқушылардың жазбаша және ауызша сөйлеу тілі дұрыс дамымайтынын,
бұған әдіскерлер мен психологтардың зерттеулері арқылы көз жеткізуге
болатынын дәлелдейді
13
. Ендеше, синтаксис саласында сөз тіркестеріне
талдау жасаудың маңыздылығы ерекше. Себебі сөз тіркесі
сөйлем
құраудың материалы ретінде танылып, сөйлеу үстінде жұмсалатын
динамикалық процестегі синтаксистік бірлік. Сондықтан сөз тіркесінің
табиғатына байланысты күрделі мәселелердің зерттелуін іріктеп,
проблемалық мәселелердің жаңа қырларын білім мазмұнына енгізуге
болады. Атап айтқанда, сөз тіркестерінің лексикалану процесіне қатысты,
қиысу формасына байланысты даулы мәселелер, сөз тіркестерінің
салаласа, сабақтаса байланысу жолдары, сөз тіркесі мен сөйлем
мүшелерінің
құрамындағы
синтаксистік
қатынастардың
өзіндік
ерекшеліктері мен ұқсастықтары, предикат ұғымының сөз тіркесі мен
сөйлемнің жігін айқындаудағы ерекшеліктері және т.б сияқты бүгінде
толық шешімін таппаған мәселелердің туындауына сөз тіркесі
семантикасының толық зерттелмегені себеп болып отыр. Сөз тіркестері
сөйлеу әрекетін жүзеге асырушы ең кіші тілдік элемент болғандықтан
оның ішкі жүйесі одан да ұсақ құрылымдардан тұратыны заңды. Бүгінгі
таңда оның мәні мен мазмұны семантикалық жақтан талданып, зерттеу
нысанына айнала бастады.
Б.Қасым күрделі сөздің «лексикалық қабаттың атау сөзі ретінде сөздік
құрамға» енетінін, «грамматикалық құрылысымен және грамматикалық
заңдылықтарымен» тығыз байланысты болатынын сөз етіп, күрделі
сөздерді оған ұқсас тұлғалардан ажырата білудің негізгі ұстанымдарын
айқындап береді. Ғалым күрделі атауларды сөз тіркесімен шатастырмау
үшін төмендегідей ұстанымдарға сүйену қажеттігін айтады:
күрделі атаулардың морфологиялық құрылымына мән беріп,
13
Фомичева Г.А. Изучение словосочетаний в восмилетной школе. – М.: Просвещение, 1973. – 111 с.
11
олардың екі немесе одан да көп түбір сөзден тұратындығын басшылыққа
алады, заттың күрделі атаулары кемінде екі түбірдің бірігуінен,
тіркесуінен, қосарлануынан, қысқартуынан жасалады;
күрделі атаулардың сөз тіркесінен жасалатыны ескеріледі, ал
сөз тіркесі сөйлемде синтаксистік қатынасқа түскен түрлі мағыналы
сөздердің тобы;
күрделі атаулардың құрамындағы сыңарлардың мағына
бірлігіне сүйенеді;
күрделі атауларды жасайтын сыңарлар мағыналық тұтастық
жағынан да, сөзжасамдық құрылымы жағынан да, қолданым қызметі
жағынан да бір бүтін лексема, бір ғана ұғымның атауын білдіреді;
оның сыңарларының арасында синтаксистік қатынастың
сақталмауы, яғни синтаксистік байланыс өзінің қызметін тоқтатуы, тұтас
күйінде басқа сөздермен байланысқа түсуі;
сөз тіркесінің әрбір сыңарының мағынасы айқын болып, дербес
лексемалардан тұруы;
күрделі атаулардың сыңарлары дербес сөздердің лексикалық
мағынасының өзгеруіне байланысты жасалады да, ол уәжділік
дәрежелермен белгіленеді, т.б.
14
Ғалымның күрделі атауларды айқындау үшін ұсынған ұстанымдары
сөз тіркесін күрделі сөздерден ажырата білуде тірек етіп алынады. Себебі,
күрделі атауларға ұқсас басқа тұлғаларды ажырата білуде бұл
ұстанымдардың маңызы зор.
Сөз тіркесі синтаксисі де ғылым дамуымен байланысты жаңа қырынан
қарастырыла бастады. Сөз тіркестерінің семантика-грамматикалық
ерекшеліктері, синтаксемасы, валенттілігі, морфосемантикасы мен сөз
тіркестерінің танымдық сипаты мен мәні, сөз тіркесінің өзіне ұқсас
тұлғалардан айырмашылығы және т.б. мәселелер туралы ғылыми
зерттеулер пайда болып, аталған ғылым саласы одан ары жетіле түсуде.
Н.Ильясова сөз тіркесі құрамындағы сөздер грамматикалық, лексика-
грамматикалық, семантика-грамматикалық жақтан байланысуға қабілетті
болатынын айқындап, грамматикалық байланысуды сөз тіркестерінің
байланысу формасы, байланысу тәсілдері, құрылымы (бағыныңқы-
басыңқы; басыңқы-бағыныңқы), байланысу амалдары (сабақтаса,
салаласа),
құрамы,
типтері
тұрғысында,
лексика-грамматикалық
байланысуды сөз тіркесі құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасы
мен олардың түрленуінен пайда болатын грамматикалық мағыналардың
үйлесуі негізінде қарастырады. Семантика-грамматикалық байланысуды
сөз тіркесіне тән синтагма, синтаксема, валенттілік категориясы
тұрғысында сараптайды. Сөз тіркестерінің салаласа, сабақтаса байланысу
ерекшеліктері сөйлемнің семантикалық, грамматикалық құрылымымен
байланысты қарастырылып, олар сөз тіркесінің байланысу амалы ретінде
танылады.
«Сөз
тіркесінің
бағыныңқы
сыңарлары
сөйлемнің
14
Қасым Балқия. Сөзжасам: Семантика. Уәждеме. – Алматы: КИЦОО, 2003. – 167 б.
12
грамматикалық құрылымына тәуелді болса, ондай сөз тіркестері сабақтаса
байланысады. Егер сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлары сөйлемнің
семантикалық құрылымына тәуелді болса, ондай сөз тіркестері салаласа
байланысады» дей келе, «салаласа байланысу сөйлемдегі айтылатын ойды
(сөйлемнің семантикасын) толықтыру мақсатында жұмсалады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |