Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет9/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

Сөз тіркесі және оған ұқсас тұлғалар. Сөз тіркесіне байланысты
мәселені оқыту үшін, ең алдымен, сөз тіркесінің табиғатын, өзіндік мәнін
ашып алу қажеттігі бірінші орында тұрады. Осындай қажеттілікті шешу
үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан, атап айтқанда,
сөйлемнен, атаулы сөйлемнен, атау мәнді тіркестерден, фразеологиялық
тіркестерден, түйдекті тіркестерден, сондай-ақ, күрделі сөздерден бөліп
алып, өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету қажет болса, екіншіден, сөз
тіркесінің байланысу тәсілдері мен формаларын тілдік материалдардың
негізінде айқындап алу керек.
Сөз тіркесі және номинативті тіркестер. Сөз тіркесі де сөйлем
сияқты синтаксистік единица екендігіне ешкім талас туғызбайды, бірақ сөз
тіркесі мен сөйлемнің арасында қандай айырмашылық бар деген сұрақ әлі
де талас тудырып жүр. Бұл мәселе – тек түркі тіл білімінде ғана емес, тіпті
орыс тіл білімінің өзінде де талас туғызып жүрген жайттардың бірі.
В.В.Бабайцева,
В.В.Виноградов,
А.С.Смирницкий,
К.Аханов,
Н.А.Баскаков сөз тіркесіне номинативті қасиет тән десе, Ю.В.Фоменко,
А.Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады.
В.В.Виноградов: “Сөйлем құрамына ғана және сөйлем арқылы сөз
тіркестері коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен
тыс, тек соған керекті құрылыс материалы ретінде қаралатын сөз
тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті құралдарының
саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының
қатарына ене алады”, - дейді
28
.
К.Аханов бұл пікірді қолдап “Сөз тіркестері номинативті сипатқа
бұрыннан жасалып қойған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің
тілдік грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие болады”, -
деген пікір айтады
29
.
27
Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. “Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі”, – Алматы: Сана, 1997. – 300 б.
28
Виноградов В.В. Из истории изучения русского синтаксиса. – М.: Московский университет, 1958.

400 с.
29
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996. – 240 б.


21
Біздің ойымызша, екі номинативті мәнге ие сөздердің тіркесуінен


үшінші бір номинативті мән пайда болады деу - дұрыс емес. Мысалға екі
номинативті сөз алайық, ақылды қыз. Осы екеуінің тіркесінен үшінші бір
номинативті мән пайда болып тұрған жоқ, жаңа грамматикалық мағына
жасалып тұр. Ол — анықтауыштық(атрибуттық) қатынас.
М.Балақаев номинативтілік қасиет туралы өз еңбегінде анық
көрсеткен. Ол сөз тіркесінің бәріне номинативтілік мән тән емес екендігін,
тек олардың жұмсалу орайында атқаратын қызметі тұрғысынан
номинативті деп тануға болатындары бар деп, оған сөз тіркесі
құрылысында пайда болған терминдік тұрақты атауларды (социалистік 
жарыс, қант қызылшасы, темір жол т.б.) жатқызады. Сол сияқты газет,
журнал, кеңсе атауларын да номинативті тіркестердің қатарында
қарастырады. Ғалым, профессор С.Исаев мұндай тіркестерді атаулық
тіркестер деп атауды ұсынған. Тіл білімінде тіркес атаулы екі үлкен топқа
бөлініп қарастырылатынын (еркін сөз тіркестері және фразеологиялық
тіркестер немесе идиомалық тіркестер) айта келіп, осы екі топтан да
айырмашылығы бар тіркестерге тоқталып, олардың бір-бірінен
айырмашылығын мысалдар арқылы салыстыра отырып дәлелдеп көрсетеді
де, “… атаулық тіркестердің басыңқы немесе тіркес құрауға ұйтқы болған
діңгек сөзі көрініп тұрады… Беретін мағынасы, негізінен, заттың я
құбылыстың атауы болғандықтан, оларды атаулық тіркестер деп бөліп
отырмыз” дей келіп, ашық хат, аяқ киім, кәмелеттік аттестат, балалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет