1. Сөйлем дегеніміз не? Оның өзіне тән қандай басты белгілері бар?
2. Сөйлемнің сөз тіркесінен қандай айырмашылығы бар?
3. Сөйлемнің модальділік қасиетінің берілу жолдары қандай?
4. Сөйлем коммуникативтік мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?
5. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдердің интонациясы, жасалу
жолдары қандай?
6. Лепті сөйлемнің басқа сөйлемдерден ерекшелігі неде? Лепті
сөйлем нені білдіреді?
7.
Жай сөйлем құрылысы мен құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
8.
Жақты сөйлем дегеніміз не? Жақты сөйлем қай мүшенің болуына
негізделеді?
9.
Қандай сөйлемді жақсыз сөйлем дейміз? Жақсыз сөйлемнің
жақты сөйлемнен қандай ерекшелігі бар?
10. Сөйлемнің жалаң және жайылма болып бөлінуі қай мүшелерге
байланысты?
11. Қандай сөйлемді толымды сөйлем дейміз? Оның негізгі
ерекшелігі қандай? Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
12. Атаулы сөйлем дегеніміз не? Оның жақты, жақсыз сөйлемдерден
қандай айырмашылығы бар?
1-тапсырма. «Қос жазба» күнделігіне үш сөйлем жазып, әр
сөйлемнің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріп жазыңыз.
Үзінді Түсініктеме
Кең байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Жер бедері ерекшеліктерінің адамдардың шаруашылық әрекеттеріндегі маңызы зор. Жазықтар мен тау аралық аңғарлар егін шаруашылығымен айналысуға қолайлы келеді.