Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет25/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84
7-тапсырма. Бұйрықты сөйлемі бар он шақты мақал-мәтел жазып,
синтаксистік талдау жасаңыз.

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ). 

 «Қазақ тіл біліміндегі жай сөйлем синатаксисінің зерттелуі»


деген мәселеге қатысты еңбектерді оқып, оларда баяндалатын мәселелер
бойынша тезис жазыңыз.
 Жай сөйлем синтаксисі бойынша екі еңбекке аннотация жазыңыз.

Бақылау тапсырмалары: 

1. Сөйлемнің айтылу мақсатына байланысты түрлері 
A) хабарлы, жақты, жақсыз
B) толымды, толымсыз, сұраулы
C) лепті, бұйрықты, атаулы
D) бұйрықты, сұраулы, хабарлы
E) сұраулы, толымды, атаулы
2. Предикативті қатынас ұғымына берілетін ең жақын анықтама 
A) салаластық қатынас
B) сабақтастық қатынас
C) предикативті емес қатынас
D) бастауыш-баяндауыштық қатынас
E) адвербиальды қатынас
3. Ой, бұны қайдан алдың? (М.Әуезов)
Сұраулы сөйлемнің қай түрі
A) ашық мәнді
B) демеу мәнді
C) альтернативті
D) риторикалық
E) коммуникативті
4. Сөйлемнің атқаратын қызметі 
A) номинативтік
B) коммуникативтілік
C) адвербиальдық
D) объектілік


47
E) атрибуттық


5. Сұраулы сөйлемнің түрлері 
A) жалаң, жайылма, атаулы
B) контекстік, ситуациялық
C) ашық мәнді, демеу мәнді, риторикалық
D) арнаулы, ауыспалы, белгісіз
E) жалаң, жайылма, ситуациялық
2. Сөйлем мүшелері. Тұрлаулы мүшелер

Сөйлем мүшелері – құрылымдық семантикалық жағынан сөйлемнің
дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.
Қазақ тілінің ғылым ретіндегі іргетасын қалаушылардың бірі Ахмет
Байтұрсынов өзінің «Тіл-Құрал» атты еңбегінде тұрлаулы мүше болатын
сөздер «сөйлемнен қалмай айтылатын сөздер немесе қалғандығы сезіліп
тұратын сөздер. Мәселен, «асыл тастан, ақыл жастан» я болмаса «баланы
жастан, қатынды бастан» дегенде: бірінші мысалда «шығады» деген сөз,
екінші мысалда «үйрет» я «үйрету» деген сөз қалып тұрғандығы сезіліп
тұр. Не болмаса, «жығылған күреске тоймас» я «аузы күйген үрлеп ішер»
деген сөйлемдердің біріншісінде де, екіншісінде де «адам» деген сөз қалып
тұрғаны анық сезілді. Толықтырып айтсақ, бұлай дер едік: «асыл тастан
шығады, ақыл жастан шығады», «баланы жастан үйрет, қатынды бастан
үйрет»; «жығылған адам күреске тоймас»; «аузы күйген адам үріп ішер».
Осындай сөйлем ішінде бірде болып, бірдей болмайтын сөздер немесе
керек болған кезде айтылып, керек болмаған орында айтылмай қалып
отырған сөздер, жана да қалған жерде, қалғандығы ашық сезілмейтін
сөздер тұрлаусыз мүше деп аталады»
45
.
Ғалым бастауышты бас мүше деп, баяндауышты баяншы мүше деп
атайды. Бастауышқа мынадай анықтама береді – сөйлем ішіндегі сөздер
байланатын қазық сөзін, сөйлем иесін – бас мүше дейміз. Ал бір нәрсенің
сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы
мүше болады дейді.
Р.Әмір сөйлем мүшесіне мынандай анықтама береді: “Сонымен,
пікірдің құрамына сай сөйлемнің құрылысында да тиісті единицалар
болады. Олар – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері – сөздің сөйлем
құрамындағы негізгі қызметін функциялық қатынасы тұрғысынан
зерттеудің нәтижесі”.
46
Сонымен сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз мүше болып
екіге бөлінеді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, бастауыш пен баяндауыш,
сөйлемнің ұйытқы мүшелері болып табылады. Ал тұрлаусыз мүшелер,
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш, тұрлаулы мүшелердің маңына
топталып не анықтап, не пысықтап, не толықтап тұрады. Сөйлемге негізгі
45
А.Байтұрсынов. Тілтағылымы.

Алматы: Ана тілі, 1992.

265 бет
46
Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы, 1998. – 110-бетте


48
материал болатын сөз және сөз тіркесі сөйлем құрамына енгенде жаңа


сипатқа ие болады. Олар сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін
атқарып тұрады. Сөздің синтаксистік қызметі көп жағдайда өзі тіркесетін
сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне байланысты болады да,
көбіне сөз тіркесі құрамында айқындалады. Т.Сайрамбаев: «Сөйлем
мүшелері сөйлемде қаралады дедік. Бірақ сөз тіркесі сияқты сөйлем
мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарай алмаймыз. Олардың
өмірі тек сөйлемде тұрғанда ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері
сөйлемнің ішінде бастауыштың не баяндауыштың немесе соларға
қатыстылығымен ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш,
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-жеке алынып,
талданғанымен, бәрібір екінші бір сөзге қатыстылығы айқын байқалып
отырады»,- дейді.
47
Сөйлем мүшесі міндетін лексикалық толық мағынасы
бар жеке сөздер де, еркін сөз тіркестері де, тұрақты тіркестер де атқарады.
Сөйлемнің мүшелері өзара синтаксистік байланыста айтылады. Сөйлем
мүшелерін сұрақтар қою арқылы анықтаймыз.
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелері жайлы нақты, оң әрі дәл
тұжырым жасаған – А.Байтұрсынов. Барлық сөйлем мүшелерін өте
ыңғайлы терминдермен атап, қысқаша сипаттап беріп кеткен. Ахмет
Байтұрсынов өз зерттеулеріңде күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан
грамматикалық терминдерді енгізді. Солардың қатарына «сөйлем мүшелері»,
«бастауыш», «баяндауыш», «анықтауыш», «толықтауыш», «пысықтауыш»,
«болымды сойлем», «болымсыз сөйлем», «толымды сейлем», «толымсыз
сөйлем», «жалаң сөйлем», «жайылма сөйлем», «сұраулы сөйлем» т.б.
көптеген атаулар жатады. Ғалым синтаксис мәселесін зерттей отырып,
оның табиғатын дұрыс түсіндіріп, грамматикалық құрылымды жете білуге
жол салды«Тіл құралда» сөйлем жүйесі, сөйлем мүшесі, олардың жасалу
жолдары, сөйлемнің түрлері алғаш рет қазақ тілінің таза тілдік терминдері
арқылы берілді.
С.Аманжолов:
“Сөйлем
мүшелерін
біз
тек
мағынасына
байланыстырып қана айырамыз. Әр сөзге сұрау қойып, сол арқылы сөздің
мағынасын және тұлғасын ашып аламыз”,

дейді.
48
Қазақ тілінің ғылыми қурсы жөніндегі дәрісінде жай сөйлемді оқыту
мәселесін қозғай отырып Қ.Жұбанов «сөйлеу» деген ұғымды атап, сөйлеу
сөйлемдер арқылы көрінетінін айтып, «сөйлем бір сөзден де, бірнеше
сөзден де құралады» дейді. Осының негізінде автор жай сөйлемнің
грамматикалық сипатының бірдей емес екенін айтады. Ғалым синтаксистің
нысаны семантика емес, тілдік тұлғалар мен солардың құрылысы екенін сөз
етіп, «біздің қарайтынымыз — мағына жүйесі, семантика емес, грамматика.
Сондықтан біздің мақсатымыз мағынаны баяндау емес, мағынаны қандай
амалмен білдіреміз, осыны баяндау болу керек», - деп тұжырымдайды.
Ахмет Байтұрсынов мен Телжан Шонанұлының еңбектеріндегі кейбір
47
Сайрамбаев Т. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 66-б.
48
Аманжолов С. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Рауан, 1991. – 94-б.


49
синтаксистің мәселелеріне жан-жақты талдау жасап, сөйлем, сөйлем


мүшелері туралы келелі ойлар қалдырды. «Сөзбен бiлдipiлген ой аяқталған
түгел ой болуы да, аяқталмаған шала ой болуы да мүмкiн. «Балалаp
бүгiн...» деп айта түсiп, сөздi осымен үзе қойсақ, балалаp жайындағы
айтпақ ойымыз аяқталмай қалған болады. Ал, балалаp бүгiн ойнады десек,
онда айтатын ойымыз түгенделiп, әңгiме түсiнiктi» болатынын, ой «бip
сөзбен де, бipнеше сөзбен де түгел» жеткізілетінін айтып, сөйлем туралы
анықтамасын былайша тұжырымдайды: «Қыс. Күн боpан. Жеpдiң үстiн
қаp жапқан,- дегенде қыс деген жалғыз сөздiң өзi де түгел бip ойды
бiлдipiп тұp. Күн боpан дегенде сондай түгел бip ой күн және боpан деген
екi сөзбен бiлдipген. Жеpдiң үстiн қаp жапқан дегенде түгел бip ойды төpт
сөздiң жинағы бiлдipiп тұp.
Балалаp мектепке келдi. Қоңыpау дауысы естiлдi. Бәpiмiз де iшке
кipдiк,- деген әңгiме - бipiне-бipi тipкес, аpалаpы жақын iстеp жайында.
Бipақ, әp iстiң ipгесi бөлек тұp. Сондықтан, мұнда әpқайсысын бөлек-бөлек
түйiп кеткен үш түpлi ой көpемiз: бipi – балалаpдың мектепке кipуi;
екiншiсi – қоңыpау дауысы естiлуi, үшiншiсi – iшке кipуiмiз. Осындай,
аяқталған ойды бiлдipетiн бip я бipнеше сөздi сөйлем деймiз».
Тілші сөйлем мүшелерін дене мүшелерін мысалға алып, түсіндіреді:
«Сөйлем түгел бip ойды бiлдipедi. Түгел ойды сөйлем бip сөзбен де, көп
сөзбен де бiлдipедi. Бipақ бip сөздiң бip өзi сөйлем болуы сиpек болады.
Көбiнесе, сөйлемде бipнеше сөз болады.
Бip сөздi сөйлемде түгел бip ойды бip сөздiң бip өзi-ақ бiлдipедi. Көп
сөздi сөйлемде түгел бip ойды сөйлемдегi сөздеpдiң бәpi жиналып баpып
бiлдipедi.
Бip сөздi сөйлем - басы, қол-аяғы жоқ тас-домалақ дене сияқты.
Мұның бөлек-бөлек мүшелеpi болмайды. Көп сөздi сөйлем – басы, кеудесi,
қолы, аяғы баp дене сияқты. Мұның әp сөзi тұтас бip дененiң мүшелеpi
сияқтанып, әpқайсысы түгел бip бөлшегiн көpсетедi.
Сондықтан, көп сөздi сөйлемнiң осындай түгел ойдың бip бөлшегiн
бiлдipетiн әp сөзiн сөйлем мүшесі деймiз».
Тілші «сөйлеу – хабар беру, коллективтік көрініс. Бұған ең азы екі
адам қатысуы керек», – деп, тілдік қатынастың рөлін айқындап береді
49
.
М.Балақаев сөйлем мүшелері туралы ойларын 1954 жылы шыққан
академиялық грамматикада сөз етті. Ал Р.Әмір: “Синтаксистік
единицаларды дұрыс тану үшін біз оларды білдіретін мағыналарымен
ұштастыра отырып тануымыз керек. Осы ретте синтаксистік форма мен
единицалар білдіретін мағыналар синтаксистік мағына деп бөлек
аталатынын ескертіп кетпекпіз. Синтаксистік мағына – грамматикалық
абстракция саласындағы мағына. Ол сөз бен сөздің, синтаксистік
единицалардың арасындағы абстрактылы, жалпылық сипаттағы
қатынасты білдіреді”, - дей отырып, сөйлем мүшелерінің семантикалық
49
Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 2010.– 608 б.


50
жағына баса назар аударды.


50
Осы мәселе төңірегінде соны пікірлер айтты.
Сонымен сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер
болып екіге бөлінеді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш,
баяндауыш. Ал тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш, анықтауыш,
пысықтауыш.
Сөйлем мүшелері жасалу құрылысына қарай дара және күрделі 
болып бөлінеді. Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше; ал
күрделі сөзден, тұрақты тіркестен, шылаулы тіркестен болған мүшені
күрделі мүше дейміз.
Сонымен, сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан
толық мағыналы сөздер. Сөйлем құрамында тұрса да, сөйлем мүшесі бола
алмайтын сөздер бар. Олар: шылау сөздер, одағай сөздер, көмекші
етістіктер, қаратпа, қыстырма сөздер.
Сөйлем мүшесінің басты белгілері:
1)
толық мағыналы сөз болуы керек;
2)
сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек;
3)
Сөйлем мүшесінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет