Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет41/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

4-тапсырма. Сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді анықтап, жасалу
жолын анықтаңыз. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз.
Әзіретті Әлі шешен, әрі білгір адам болған екен. Бірде он жөйіт 
сынамақ болыпты. Біз оған бәріміз бір-ақ сұрақ берейік, егер ол шын 
шешен болса, оған түрлі жауап табар деген екен. 

Сөйтіп олар: 
Ғылым артық па, мал (байлық) артық па? – деп сұрапты. 
Сонда Әзіреті Әлі былайша он түрлі жауап беріпті: біріншіден – ғылым 
артық. Өйткені, ғылым – әулие-әмбиелердің мирасы, ал мал – перғауын мен 
Қарынбайдың мирасы. Екіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым сені 
сақтайды, ал сен малды сақтайсың. Үшіншіден – ғылым артық. Өйткені, 
ғылымның досы көп, малдың қасы көп. Төртіншіден – ғылым артық. Өйткені, 
ғылымды жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді. Бесіншіден –
ғылым артық. Өйткені ғылым саған құрмет-атақ береді, ал мал қатты, 
сараң деген атақ қалдырады. Алтыншыдан – ғылым артық. Өйткені, өзін-
өзі сақтайды, асырайды, ал малды бағу, күту керек. Жетіншіден – ғылым 
артық. Өйткені, киямет күні иесіне шапағат қылғызады, ал мал иесіне 
қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден – ғылым артық. Өйткені, ғылым 
тозбайды, жоғалмайды. Ал мал – қолдың кірі, өледі, жоғалады.
Тоғызыншыдан – ғылым артық Өйткені, ғылым көңіліңді нұрландырады
адамға ақыл-ой қосады; ал мал қоңыз етеді. Оныншыдан – ғылым артық. 
Өйткені, ғылым құдайға зәһәт, таупиық. ғибадат қылады; ал мал иесінің 
көңіліне тәкәппарлық салады. 


72
Бір ауыз сұраққа он түрлі жауап берген Әзірет Әліге жөйіттер 


содан соң мойын ұсынған екен дейді («Қазақтың шешендік сөздері» 
кітабынан). 

5-тапсырма. «Туған жерім – алтын бесігім»  тақырыбында ойтолғау
жазып, бес сөйлемге толық синтаксистік талдау жасаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет