Тақырып бойынша сұрақтар: 1.
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдері қандай
жолдармен байланысады?
3.
Салаластың құрамындағы жай сөйлемдері қандай шылаулар
арқылы байланысады?
4.
Құрамындағы
жай
сөйлемдерінің
мағыналық
қарым-
қатынасына қарай салалас құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
5.
Көп компонентті салалас сөйлем қалай жасалады?
1-тапсырма. Құрмалас сөйлемдерді тұлға-құрылымы жағынан
сипаттаңыз. Жалғаулықты салалас сөйлемдерді сипаттаңыз. Әр
компоненттің тұрлаулы мүшелерін тауып, қалай жасалып тұрғанын
айтыңыз.
Қолына тиісімен Байжан қос ішекті шертіп қалып еді, сайрап, сөйлеп тұр екен домбыра (З.Ақышев). Кенет сол көлеңке қап-қара болды да, көз жеткісіз кеңістікті түгел басып кетті (Ә.Сәрсенбаев). Айқын түсiнбегенiңдi айқын айта алмайсың: сөйлемдердiң дәл еместiгi мен шатысушылығы тек ой шатысушылығын ғана көрсетедi (Н.Г.Чернышевский). Таспадан өретін қамшы екі түрлі: атты қатты ұрмай, демеп қана отыратын үш-төрт өрім қамшыны “шыбыртқы”, әлденеше таспадан өретін қамшыны “дойыр”дейді (С.Мұқанов). Әйел
83
ауыр күрсініп жіберді, жүзі кенет өзгеріп кетті, көзіне мөлтілдеп жас
келіп қалды (Х.Есенжанов). 2-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай өзара
байланыстырып, салалас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз.
Жайлауды шөбі шүйгін, суы мол, салқын ауалы жерден таңдайды. Онда жылдың үш мезгілінде ел болмайды. Қыста аппақ қар басып жатады. Жазға қарай жайлаудың шөбі жетіле түседі. Жазда жер беті масаты кілемдей құлпыра түседі. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауға келген соң-ақ тойынып семіреді.