Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет44/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.
Құрмалас сөйлемнің қандай белгілері бар?
3.
Құрмалас сөйлем құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
4.
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
5.
Қандай сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлем дейміз?
6.
Аралас құрмалас сөйлем қалай жасалады?
7.
Құрмалас сөйлем қалай жасалады?
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, күрделенген сөйлем мен құрмалас
сөйлемнің айырмашылығын, олардың жасалу жолын айтыңыз. Жазушы
сипаттап отырған жыл мезгілін білдіретін сөз мен сөз тіркестерін тауып,
оның қолданысын айқындаңыз. Жылқы малына берілген сипаттамалар мен
атаулардың мәнін түсіндіріңіз.
Соғым сойылып жатқан кезде бір күні Байжан Бүркіттідегі
ағайындарға барып қайтқан. Кеш шығып, суыт жүріп келді де, айғырдан 
ерте шыққан көк байталды қораның төріне байлай салды. Ел жатарда 
тысқа шыққан Тайжан байталдың қиналып келіп, тері пұшпағынан ағып 
тұрғанын байқамай, есік алдындағы құдықтан суарып, шөпке қойды. Таң 
аспай ыстық кеткен байтал түн ортасы ауа құлын тастаған. Бұған 
Тайжан ренжіген жоқ. «Бұйырмаған мал шығар»,- деді де, қоя салды. Бір 
себебтен молда қуанды да. Салт мінген адамның тақымы жабыса кетіп, 
жүрісі жай таптыратын мал бұл. Сондықтан дәм жазып Мұсажан келе 
қалса мінсін, - деп Тайжан молда көк байталды қар кетіп, көк шыққаннан 
бері баптап ұстайтын. Жал, құйрығы да қыл түбінен күзеліп, 
былтырғыдай шұнтиып қалған жоқ, биыл жаз жетіліп, өсіп қалып еді. 
Орман айналысында биыл осы көк биеден басқа көзге түсетін дөңгелек 
тұяқ жоқ. Онан басқасы бірер құлынды бие, тай-тулақ, арқасы жауыр 
шабдар ат (З.Ақышев.). 

2-тапсырма. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз. Құрмалас
сөйлемдерді жай сөйлемге айналдырып, құрмалас пен жай сөйлемнің
құрылымдық және мағыналық айырмашылығын түсіндіріңіз.


77


Түн шайдай ашық еді. Аспанда бұлт жоқ. Хамит жалғыз, ескілеу 
жолмен келеді. Ағаштардың жапырақтары салғырт тартып, сарғая 
бастаған. Кей жерлерде қыстаулар көрінеді, қыстау маңында жайылып 
жүрген мал. Құбақан ат басын шұлғып таптап келеді, аттың 
пысқырғаны Хамитке жақпай келеді (С.Сейфуллин)
3-тапсырма. Берілген фразеологиялық тіркестердің қатысымен
құрмалас сөйлем құраңыз.
Тісі аузына сыймау, көңілі тыну, қыдыр дарыған, жүрегі шайылу, 
ащы тер төгу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет