Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет50/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   84
3-тапсырма. Төмендегі жай сөйлемдерге сөйлем қосып, ыңғайлас
салалас сөйлем жасаңыз.

Бақыт орманға келді, ... . Ол беліне орап алған кендір жіпті шешті, ... 
. Екі алақанын ысқылап алды да, ... . Балтаның өткір жүзі тиген сайын 
жас шыбықтар қопарылып түсе бастады, ... . Бақыт жіпсіген маңдайын 
шолақ қамзолының жеңімен сүртті, ... .
Көп ұзамай-ақ ызғарлы бір жел тұрды, ... . Жел екпіні қатая берді, ...
Бақыт шаршайын деді, ... . Орманның шеті жоқ секілді, ... (С. 
Сарғасқаев).

4-тапсырма. Сызбаға сәйкес салалас құрмалас сөйлем құрастырып,
тыныс белгісін түсіндіріңіз.
1. …………………………………….,бірақ …………………………….
2. …………………………………….,не, ……………………………….,
3. ………………………………., дегенмен……………….……………..
4. …………………бар,………….бар, ………………………………бар.
5. ………………………да, ………………………………………………
6. . ……………………………….,ең, ………………………………….,.
7. ……………………………….сол: ……………………………………
8. ……………………………….сондай, ………………………………..
5-тапсырма. Үш топқа бөлініңіздер. Қазақ тіл біліміндегі салалас
құрмалас сөйлем туралы ғалымдардың ойларын бөліп алып, ойбөліс
өткізіңіздер.
Ойбөліске қойылатын талаптар:
-
әр ғалымның еңбегіне талдау жасау;
-
әр еңбектің басты ерекшелігін атап көрсету;
-
әрбір ғалымның салалас құрмалас сөйлемнің түрлері туралы
пікірлерін тілдік фактілер арқылы дәлелдеп айту;
-
мектепте оқылатын салалас сөйлемнің түрлеріне талдау жасау;
-
әрбір ғалымның салалас сөйлемді жіктеуіне қатысты слайд
дайындап, тұсаукесер өткізу.


84
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ). 

 «Салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері» тақырыбы
бойынша конспект жазыңыз.
 Салалас құрмалас сөйлемге қатысты 10 тест тапсырмасын
құрыңыз.
 Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын және
тыныс белгілерін қамтыған кесте дайындаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет