Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі


Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі мынадай



бет65/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі мынадай: 
1.
Төл сөз автор сөзінен бұрын тұрады:

Үндеме, сұрап алам деп отыр деймісің! Ұрлап алам! 

деді (М.Әуезов).
2.
Төл сөз автор сөзінен кейін орналасады:
Иісі тамсана таңданып сөйледі:

Ана бәйбішелер жақтырмай жатыр еді ғой (М.Әуезов).
3. 
Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасады: Біржан құп тыңдап
өзі де сүйсіне көтеріліп: 

Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы
Абай! 

деді (М.Әуезов).
4.
Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасады:

Саумысың, Күлия? 

деді жарамсақтана. 

Ауырып қалғанбысың? 
(О.Бөкей).
Көркем шығармада төл сөз бен автор сөзі араласып та келе береді.
Яғни төл бен автор сөзінің орын тәртібінің көп құрамды түрі де кездеседі:
Абай Ділдә сөзін бітірткен жоқ: 

Қой, Ділдә. Тіленшедей атадан сені керең құлақ қып туғызған мен емес. 
Шүленнен шөл туғызған мен деп пе едің? 

деп, кейіспен бір кекетті. 


100
Содан соң әрі оған, әрі аналарына жауап етіп: 



Қонағым 

Біржан. ... 
Одан да естіп қалсын, ана Ақылбай, Әбіш, Мағаш сияқты балалардың 
бәрін жіберіп, тыңдатып қалсаңшы, сен ақыл білсең! 

деді (М.Әуезов). 
Төл сөзді төлеу сөзге бірнеше тәсілдер арқылы айналдыруға 
болады: 
1. Төл сөздің баяндауышы етістіктен болса, төлеу сөзде ол есімшеге
айналып, оған –дық,-дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі
жалғанады да толықтауыш болады:

Шоланда бір меске сүт пісіп тұр, 


деді шешем (О.Бөкей). Шешем шоланда бір меске сүт пісіп тұрғанын 
айтты.
2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу
сөзде ол тұйық етістікке айналады да, оған табыс не барыс жалғауы немесе
туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылады. Қалиқа оған:

... Желікпе! 

деп бұйрық берді (М.Әуезов). Қалиқа оған желікпеуін 
айтып, бұйрық берді. 
3.Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, \
төлеу сөзде оған екенін деген етістік жалғанып жасалады:


Тайжан? 



деді ол даусын соза түсіп (Н.Ғабд). Ол даусын соза түсіп, 
өзінің Тайжан екенін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет